Қазақ фэнтезиі

Жарнама

ХХ ғасырдың екінші жар­ты­сын­да тағы бір фантастикалық жанр – фэн­те­зи әдебиет әлемінің есігін аш­ты. Аталған жанр біріншіден, әдеби ертегінің шекпенінен шыққандықтан пай­да бо­лу жо­лы да сан қилы, фэн­те­зи кей­де шындық өмірден қашып, миф пен аңыздарды қайыра ой елегінен өткізуге бағыт ұстанса, оның түп та­мы­ры әдеби ертегі белгілі бір ұлт үшін сын сағаттар болған сәтті оны ертегілік об­раз­дар мен мо­тив­тер арқылы та­ны­та біледі; екіншіден, фэн­те­зи  жанрындағы ту­ын­ды басқа жанрлардың мәтіндік бөлігі бо­ла ал­мау­ы­мен әдеби ертегіден ерекшеленеді.

Енді осы фен­те­зи жан­ры ту­ра­сын­да, оның қазір біржақты ба­ла­лар жа­зу­шы­сы деп жүрген Т.Рым­жа­нов шығармашылығына қатыстылығы жай­ын­да өз ой­ы­мыз­ды білдіре кетейік. Біздің ғылыми топ­ша­у­ла­ры­мыз кейбір зерттеушілер та­ра­пы­нан қарсылыққа ұшарау мүмкіндігін жоққа шығармай ой­ы­мыз­ды дәлелдеуге көшейік.

Т.Рым­жа­нов ертегілерінің фэн­те­зи­ге қатысты тұстарын біршама сөз еткізіміз келеді. Мысалға, «Зәйтүнқарлығаштың ерлігін» ба­сы бүтін әдеби ертегіге жатқызатын болсақ, автордың қалған үш әдеби ту­ын­ды­сы («Гүл Ағашы», «Күн перзенттері», «Ер­ден ба­тыр») жай­ын­да бұлай дей ал­май­мыз. Аталған шығырмалар бой­ын­да әдеби ертегіге қарағанда фэнтезилік ны­шан-белгілер мо­лы­нан ұшырасады.

Фэн­те­зи (ағыл. fantasy – «фан­та­зия») – мифологиялық және ертегілік мотивтерді пайдалануға негізделген фантастикалық әдебиет түрі. Заманалық әдебиет түрі ретінде XX ғасырда өмірге келді. Қазіргі деңгейіне жетуі үшін  Джон Ро­нальд Ру­эл Тол­кин ере­сен еңбек сіңірді. Оны кейбірде фэнтезидің әкесі деп атай­ды.

Фэн­те­зи ту­ын­ды­ла­ры көбіне та­ри­хи-шы­тыр­ман оқиғалы ту­ын­ды­ны ес­ке түсіріп, ондағы іс-әрекет белгілі бір ұлттың бағзы ба­ба дәуіріндегі, ор­та ғасырлардағы ты­ныс-тіршілігін та­ны­та­тын ой­дан шығарылған  әлемде өтіп, бас кейіпкер құдай ерек­ше қылып жаратқан құбылыстар және мақұлықтармен ая­у­сыз күреске түседі. Кейбірде фэн­те­зи архетиптік сю­жет­тер негізіне құрылады. Осы қырынан алғанда Т.Рымжановтың кейбір ертегі-хи­ка­ят­та­ры фэн­те­зи жан­ры­на жататындығын аңдаймыз.

Ғылыми фантастикаға қарағанда фэн­те­зи іс-әрекет орын алып отырған әлемді ғылыми тұрғыдан түсіндіруге ты­рыспай­ды. Ба­тыс фэнтезиінде оқиға өтетін әлем не параллельді әлемде, не басқа ғаламшарда орын ала­ды. Он­дай әлемде құдайлар, құшнаштар, мифтік мақұлықтар (айдаһар, гном, трол­ли) не­ме­се басқа да  фантастикалық мақұлықтар шы­найы өмір сүреді. Олардың әдеби ертегіден өзгешелігі суреттелетін әлемнің дағдылы қалыбы деп та­ны­лып, табиғаттың бұлжымас заңдылығы деп қабылданады.

Енді біз фэн­те­зи жанрының ерекшелігіне тоқтала кетейік.

Со­ны­мен фэн­те­зи жанрының қазіргі ТМД әдебиетіндегі өзіндік ерекшелігі қандай? Міне осы сұраққа қолда бар ма­те­ри­ал­дар негізінде жа­у­ап іздеп көрелік.

Фан­тас­ти­ка өнердегі әдіс-тәсіл ретінде ес­те жоқ ескі за­ман­нан белгілі. Ол белгілі бір дәрежеде кез кел­ген өнер түріне тән бо­лып келеді.  Әлем әдебиеті, оның ішінде қазақ әдебиеті алғашқы қауымдық миф­тен қиял-ғажайып ертегіге, ертегі мен аңыздардан ор­та ғасырлық әдебиетке, одан кейінгі дәуір әдебиетіне дейінгі ұзақ жол­ды бас­тан кешті. Ақыр соңында ғылыми фан­тас­ти­ка мен фэнтезидің күні ту­ды. Қос жанр бірде қабаттаса да­мып, бірде бір-бірімен ас­та­са өркендеді. Бұл жан­р­лар ру­ха­ни­я­ты дамыған бар­ша елдердің әдебиетінде ата­у­ла­ры мен анықтамалары пай­да болғанға дейін өмір сүріп кел­ген еді. Өнертану мен әдебиеттану ғалымында олардың ара-жігін ашудың өзі оңайға түскен жоқ. Ғылыми фан­тас­ти­ка ту­ра­сын­да бәрі оңайлау бол­са да,  фэн­те­зи ту­ра­сын­да олай дей ал­май­мыз.  Ғылымда осы жанр ту­ра­сын­да бір ізге түскен түсіндіру әлі өмірге ке­ле қойған жоқ (Бе­рен­ко­ва В.М. Жанр фэн­те­зи как объ­ект линг­вис­ти­чес­ко­го ис­сле­до­ва­ния // Вест­ник Ады­гей­ско­го го­су­дар­ст­вен­но­го уни­вер­си­те­та. Се­рия 2: Фи­ло­ло­гия и ис­кус­ст­во­ве­де­ние. — 2009. — № 4. — С. 91.).

Фэн­те­зи­ге бет бұру қазіргі қазақ әдебиетінде енді-енді кең та­ра­ла бастаған құбылыс. Тіпті, ре­а­лист жа­зу­шы деп са­на­ла­тын М.Мағауинның өзі – «Қыпшақ аруы» хи­ка­я­тын­да осы жанрдың кейбір қағидаттарын басшылыққа алып, постмодернистік ту­ын­ды жа­зып отыр.

Кеңестік кезеңде қазақ соцреализмінің идеологиялық жүйесі күйреуге ұшырай бастаған кез­де ұлттық фэнтезидің алғашқы ны­ша­ны М.Дүйсеновтің, Б.Соқпақбаевтың, Р.Тоқтаровтың, Т.Рымжановтың т.б. белгілі қаламгерлердің ту­ын­ды­ла­рын­да ұшыраса бас­та­ды. Ғылыми фан­тас­ти­ка кеңестік ре­жим­ге қызмет ет­се, фэн­те­зи бұған көнбеді. Өйткені, ол са­на мен қисынға емес, сезім мен арманға арқа сүйегендіктен бей­са­на­сыз бо­лып келіп, ешбір идеологияның ырқына көнбейді. Сондықтан бұндай жанрға ескіні көздеушілік де­ген таңба ба­сы­лып, аяқ басқан қаламгерлер билеуші топтың кәріне де ілікті.

По­ст­мо­дер­низм элменттерінің төл әдебиетімізге сы­на­лап енуі бұл жанрдың бағын аш­ты. Оның мы­са­лы ретінде Т.Рым­жа­нов пен Р.Тоқтаровтардың ту­ын­ды­ла­рын ай­та ала­мыз. Оған дейін қазақ фэнтезиі ба­ла­лар әдебиетінің мас­ка­сын киіп, ғылыми фантасиканың шекпенін ора­нып жүрді. Тәукеңнің шығармасы жас балаларға емес, ақыл тоқтатын жасқа жет­кен жеткіншектерге арналған. Сондықтан қаламгерді ба­ла­лар жа­зу­шы­сы де­ген кез­де ертегі әңгімелері мен ертегі хи­ка­ят­та­ры арасындағы жас ерекшелігін ес­ке­ру­ге тиіспіз.  Жазушының ба­тыс пен орыс фэнтезишілерінен өзгешелігі бар­ша ұлтқа ортақ бо­лып та­бы­ла­тын коммерциялық шаб­лон­дар­ды қолданбайды, қайта өз қазағы ғана ұғынатын ұлттық нақыштар төңірегінде ой толғайды. Та­за фэнтезилік үрдістің соңында біржола кет­пей, қайта оны қазақ постмодернизміндегі дәстүрлі эле­мент ретінде талғап, таңдап қолданады.

Фэн­те­зи жан­ры өзіне қаламгерлерді несімен қызықтырады? Бұның себебі авторлық фантазияға кең құлашты жол ашы­ла­ды да, адамның ақылы жетпейтін эле­мен­т­тер әңгімелеу өзегіне ай­на­ла­ды. Бірақ біз осы­ны теориялық жақтан айтқанымызбен, қазақ және әлем ав­тор­ла­ры үшін оның өз шегі мен ережесінің бар екендігін ес­тен шығармайық.

Бұл ту­ра­сын­да тереңдеп сөз қозғауымыз үшін, ең әуелі фэнтезидің мәні мен анықтамасының ба­сын ашып алу­ы­мыз ке­рек. Қазіргі ТМД өнертануы мен әдебиеттануында ғылыми ортаға көптеген ой түйіндеулер ұсынылып отыр­са да, біз тек соның екеуін ғана келтіре кетуді жөн көрдік. Оның біріншісі – «Раз­но­вид­ность ху­до­жест­вен­ной ли­те­ра­ту­ры, опре­де­ля­е­мая ком­плек­сом (иног­да ми­ни­маль­ным) тех или иных при­зна­ков (эле­мен­тов или ка­честв) со­дер­жа­ния и фор­мы» («Ли­те­ра­ту­ро­вед­чес­ким эн­цик­ло­пе­ди­чес­ким сло­ва­рем»). Екіншісі –  «Ис­то­ри­чес­ки скла­ды­ва­ю­щий­ся тип ли­те­ра­тур­но­го про­из­ве­де­ния… в те­о­ре­ти­чес­ком по­ня­тии о жан­ре обоб­ще­ны чер­ты, свойст­вен­ные бо­лее или ме­нее об­шир­ной груп­пе про­из­ве­де­ний ка­кой-ли­бо эпо­хи, дан­ной на­ции или ми­ро­вой ли­те­ра­ту­ры во­об­ще»(«Со­вре­мен­ным сло­ва­рем-спра­воч­ни­ком по ли­те­ра­ту­ре»).

Көріп отырғандарыңыздай біз аудар­май бер­ген орыс тіліндегі екі анықтама бір-бірін теріске шығарып тұрған жоқ, қайта бір-бірін толықтырып тұр.

Әдебиеттану та­ри­хын­да осы жанрға көптеген әдебиет теоретиктері жанрлық ны­шан-белгілерін то­лай­ым қамтитын әмбебап клас­си­фи­ка­ция жасауға ты­ры­с­ты. Күні бүгінге дейін олардың да, әлем әдебиеті мен әртүрлі әдеби бағыттардың да ұсынған түрлі жанрлық қағидаттары бірауыздылыққа бас­тап әкелмей отыр.

Бұлардың ба­сын ашу үшін қазіргі ТМД әдебиетінде жанрлық қағидаттарға нені жатқызып жүргенін анықтап алайық.  М. С. Ка­ган клас­си­фи­ка­ци­я­сы бой­ын­ша жанрлық қағидаттарға:

1)танымдық ас­пект (тақырыптық),

 2) көлем (но­вел­ла, әңгіме, ро­ман),

3) шығармашылықтың бағалау қыры (ода, эле­гия, ко­ме­дия, тра­ге­дия),

4) фантазияның бой көрсету деңгейі,

5) образдылықтың тікелей және жа­на­ма мәні жат­са;

М. Я. По­ля­ков бой­ын­ша:

1)эстетикалық "жүйе" (трагедиялық, комикалық және т.с.с.),

2)композициялық жүйе,

3) тақырыптық жүйе (бол­мы­с­ты қамтуы),

4) стилистикалық жүйе делінеді.

Бұдан көріп отырғанымыздай, әр дәуір әлем әдебиетіне өз лебі мен өз қолтаңбасын қалдырып оты­ра­ды.

Біз Т.Рым­жа­нов шығармашылығы бой­ын­ша фэн­те­зи­ге ғана тән басқа жан­р­лар­да ұшыраспайтын ны­шан-белгілер ту­ра­сын­да сөз қозғауға ты­ры­сып көрелік. Осы арқылы біз қазақ фэнтезиінің өзіндік ерекшелігін аңдай ала­тын бо­ла­мыз.

Со­ны­мен, фэн­те­зи жанрлық ны­шан-белгілері:

1) біздің шындық бол­мы­сы­мыз­да бо­луы мүмкін емес қасиетке ие бұл дүниеде жоқ әлем.

Оған Т.Рымжановтағы «Шайтандардың же­ра­с­ты жұмағы», жер астындағы жы­лан патшалығы, жер астындағы дию­лар патшалығын т.с.с. қосамыз.

2)ма­гия мен фольклорлық персонаждардың қажетті эле­мент ретінде қолданыс та­буы;

3) авантюрлық сю­жет (әдетте – іздеу, са­я­хат­тау, соғыс т.с.с.).

4) тех­но­ло­гия мен сиқыршылық арасындағы  жа­сы­рын қарсылық;

5)бірінші орынға қаһарманның іс-әрекеті мен көңіл-күйі қойлып, қиял-ғажайыптық пен ертегілік көмекшілік рөл ой­най­ды;

6) жақсылық пен жамандықтың арасындағы күрес негізгі сюжеттүзуші тін болғанымен, ертегідей тек қана жақсылыққа ғана басымдық бер­мей, таразының ба­сын тең ұстайды. Еретегіде бәрі бақыттылықпен бітсе,  фэн­те­зи­де қайғы мен қуаныш ара­лас аяқталады. Мысалға, Естемір мен Ақгүлдің өлімі, Ла дию мен Сағымқыздың қосыла ал­май ар­ман­да кетуін мысалға келтірсек жетіп жа­тыр.

7)өзге әлемнің бо­луы мен оның көрініс та­буы. Мысалға Қарабектің Жұмақта бо­луы;

8)автордың толық еркіндігі: Т.Рым­жа­нов шығармашылығында фэнтезидің ұшырасуының сюжеттің аяқ ас­ты­нан өзгеріске ұшырап мүмкін еместің мүмкін болушылығы. Бұл әдеби ертегі жан­ры­на жатқызып жүрген шығармалардың фэн­те­зи екендігін теориялық тұрғыдан дәлдеп шығуға түрткі бо­ла­тын ба­с­ты ны­шан (Го­го­ле­ва С.А. Вли­я­ние го­ти­чес­ко­го ро­ма­на на жанр фэн­те­зи и его роль в ста­нов­ле­нии жан­ра // На­ука и об­ра­зо­ва­ние. — 2007. — № 3. — С. 166.).

Осы ара­да екі бірдей бір-біріне ұқсас жағдайды өзара са­лы­с­ты­рып көрейік. Тұтқынға түскен жан ғылыми фан­тас­ти­ка­да шындыққа жан­сым­ды жол­мен қамақтан құтылса, Т.Рым­жа­нов шығармаларындағы Бәдиғұл, Гүлбарша т.б. көптеген амал-тәсілдер арқылы сиқырдың күшінен азат етіледі.

Фэн­те­зи жан­ры ту­ра­лы әзірге дейін бірізге түскен айқын анықтама жоқ. Бір зерттеуші оның ауқымын кең қамтыса, енді бірі тар қамтып ой қозғауда. Бізге ұнайтыны Г. Гуревичтің фэнтезиді  "ғылыми емес фан­тас­ти­ка" деп ата­уы. Т.Рым­жа­нов «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі» мен «Ер­ден ба­тыр» ертегі-ро­ман диалогиясындағы Ағдем ғұламаның тірлігі  ғылыми түсінікке қарсылықта бо­лып келіп, фэн­те­зи жанрының қазақ әдебиетіндегі ішкі мүмкіндігін аша­ды.

Мен жоғарыда аталған 7 белгінің Т.Рым­жа­нов ту­ын­ды­ла­рын­да ұшырасуы негізінде мы­на­ны айтқым келеді: қазақ фэнтезиі жоғарыда сөз етілген түрлі ны­шан-белгілердің қат-қабат ара­ла­су­ы­нан тұратын, ба­с­ты мақсаты қазақ ескілігін дәріптеуге құрылған сю­жет­ке арқа сүйейтін прозалық әдеби ту­ын­ды. Орыс зерттеушісі Г. Не­фа­гин фэн­те­зи­ге В. Пелевиннің "Омон-Ра", "Ча­па­ев и Пус­то­та", "Жизнь на­се­ко­мых" бұрын басқа жанрға жатқылып кел­ген шығармаларын еш жасқанбай қосуға болатындығын алға тар­та­ды. ТМД-дағы кейбір жазушылардың ту­ын­ды­ла­ры ту­ра­сын­да әдебиет зерттеушісі Е. Ков­тун­да осын­дай ой­да (Бе­рен­ко­ва В.М. Жанр фэн­те­зи как объ­ект линг­вис­ти­чес­ко­го ис­сле­до­ва­ния // Вест­ник Ады­гей­ско­го го­су­дар­ст­вен­но­го уни­вер­си­те­та. Се­рия 2: Фи­ло­ло­гия и ис­кус­ст­во­ве­де­ние. — 2009. — № 4. — С. 93.). Иә, қазақ әдебиетінде әдеби ертегі жан­ры­на қатысты болашақта ба­сын ашып ала­тын бір нәрсе осы. Фэн­те­зи­ге Т.Рымжановтың қай шығармасын жатқызамыз, қай ту­ын­ды­сын жатқызбаймыз?

Фэнтезидің ғылыми фан­тас­ти­ка­мен қатысты ту­ра­сын­да Чернышеваның ой­ын  С.А. Го­го­ле­ва өзінің (Дру­гие ми­ры: тра­ди­ции и ти­по­ло­гия жан­ра фэн­те­зи // На­ука и об­ра­зо­ва­ние. — 2006. — № 3. — С. 85.) мақаласында: "…НФ (на­уч­ная фан­тас­ти­ка) изо­бра­жа­ет воз­мож­ное — воз­мож­ные в бу­ду­щем пе­ре­ме­ны, от­кры­тия, воз­мож­ные в га­лак­ти­ке ми­ры и ци­ви­ли­за­ции,  в то вре­мя как fantasy изо­бра­жа­ет не­что за­ве­до­мо не­воз­мож­ное"-деп келтіре оты­рып, ой­ын ары қарай бы­лай­ша өрбітеді: «во вся­ком слу­чае, в на­шем ми­ре (эта ого­вор­ка не слу­чай­на, так как в све­те по­ст­мо­дер­нист­ско­го вос­при­я­тия ми­ра все, что со­зда­но во­об­ра­же­ни­ем ав­то­ра, су­щест­ву­ет, ибо мир есть текст)».

Әдебиет зерттеушісі М. Га­ли­на екі әдеби жанрдың ба­сын ашып көрсету өте қиын.  Бірақ, шар­т­ты түрде ай­тар болсақ, ғылыми фан­тас­ти­ка  ғылми парадигмаға арқа сүйесе, фэн­те­зи қосымша шар­ты ретінде ма­ги­я­ны өзіне серік етеді де­ген ой­ды алға тар­та­ды (Не­ёлов Е.М. Еще раз о жан­ро­вой спе­ци­фи­ке фан­тас­ти­чес­кой ли­те­ра­ту­ры // Уче­ные за­пис­ки Пет­ро­за­вод­ско­го го­су­дар­ст­вен­но­го уни­вер­си­те­та. Се­рия: Об­щест­вен­ные и гу­ма­ни­тар­ные на­уки. — 2008. — № 91. — С. 100). Фэнтезиді кейбірде ғылыми фантастиканың  мо­ди­фи­ка­ци­я­сы деп оның құрамына кіргізсе, біз өз та­ра­пы­мыз­дан Т.Рым­жа­нов шығармашылығындағы   әдеби ертегі мен ғылми фантастиканың синкретігінен туған жаңа жанр де­ген ой айтпақпыз.

Біз бұл жанр ту­ра­сын­да өз әдебиетіндегі авторлардың шығармашылығы негізінде айтқан әдеби ертегі жан­ры­на сор­па­сы қосылмайды де­ген ой­ла­ры­мен әлемдік деңгейде  келіскенімізбен, ұлттық деңгейде өзгеше ой толғап, қазақ әдебиетіндегі ұлттық фэнтезиміздің христандық санадағы батыстық фэн­те­зи­ден өзгешелігіне орай авторлық по­зи­ци­я­ны та­ны­та­тын және әр жа­зу­шы­ны бір-бірінен өзгешелеп тұратын алаштық миф пен бағзықазақтық ертегінің синтезі де­ген тоқтамға келеміз. Қазақ фэнтезинің ба­с­ты ны­ша­ны – миф­ке бет бұру.  Өйткені, Т.Рым­жа­нов шығармашылғындағы миф әр түрлі бо­лып келеді, бір миф жал­пы қазақ түсіндегі ұғымды та­ныт­са, екіншісі ұлттық ерекшелігімізді сақтай оты­рып ав­тор та­ра­пы­нан өмірге кел­ген жаңа мифтуындыгерлігін та­ны­та­ды.

Жоғарыдағы айтылған ой­ы­мыз­ды одан ары сабақтайтын болсақ, ғылыми фан­тас­ти­ка (ҒФ) мен фэн­те­зи бір-бірінен көптеген ішкі шар­т­та­ры бой­ын­ша өзгешеленеді. Бірі – бо­луы ешқашан мүмкін емес, әлем келбетін көз алдымызға әкелсе, екіншісі болашақта әйтеуір бір бо­лып қалуы мүмкін ғалам келбетін сом­дай­ды.  Фэн­те­зи­де бізден тысқары күштер іс-әрекет үстінде көрінеді. Мұндай си­пат әлбетте ғылыми фантастикаға мүлдем жат. Фэн­те­зи әлем келбетін адам та­ны­мас­тай өзгерте ала­ды. Т.Рым­жа­нов өз шығармаларында Күнді теріс шығарып, сиқырдың күшімен Гүлстан қаласын Өлі қалаға ай­нал­ды­ра­ды. ҒФ сиқырға емес, технологияның да­му­ы­на арқа сүйеледі.

Осы екі әдеби жан­р­ды індете зерттеуші Чернышеваның пікіріне ден қойсақ, ҒФ мүмкін бо­ла­тын нәрсені дүниені сөз ет­се, фэн­те­зи өз кезегінде мүмкін емес дүниені қиял құсын шарықтатып мүмкін ете ала­ды. Бұдан шығатыны ғылыми фан­тас­ти­ка тыл­сым құбылыстардан сырғақтаса, фэн­те­зи оны өзіне ба­с­ты өзек етіп ала­ды (Дья­ко­но­ва Е.С. Кон­ст­ру­и­ро­ва­ние еди­но­го прост­ранст­ва ху­до­жест­вен­но­го ано­маль­но­го ми­ра в про­из­ве­де­ни­ях жан­ра фэн­те­зи // Вест­ник Ир­кут­ско­го го­су­дар­ст­вен­но­го линг­вис­ти­чес­ко­го уни­вер­си­те­та. — 2008. — № 1. — С. 12.).

Со­ны­мен фэнтезидің бар­ша әлем әдебиетіне ортақ ны­шан-белгісі – біздің әлемде бол­май­тын дүниені сөз етулері бо­лып та­бы­ла­ды. Т.Рым­жа­нов – ұлтық ерекшелігіміздің бар­ша ру­ха­ни-мәдени құндылықтарын сақтай оты­рып, өзінің біртұтас көркем әлемін фэн­те­зи жан­ры бой­ын­ша өмірге әкелген жа­зу­шы.

Біз «Зәйтүнқарлығаштың ерлігінде» Ша­хат сиқыр мен Сұртырнақтың өлтірген жебенің құпиясын еш білмейміз. Оның қайдан шыққандығын тек осы туындының жалғасы «Ер­ден ба­тыр­да» Табиғат патшаның сақалы екендігін, оның садақпен аты­лып, араға уақыт са­лы­нып, ұшып жүріп, Ер­ден Жаһұтқа оралғанда Ла ди­ю­ды өлтіретіндігін білеміз.

Иә, Тәукең әлемі заманалық қазақ әдеби ертегісінен мүлдем өзгеше шындық өмірде мүлдем мүмкін емес дүниелер тыл­сым күш арқылы жүзеге асып жа­та­ды. Со­ны­мен қаламгер өзінің ба­с­ты мақсаты қаламымен өскелең ұрпаққа тәрбие бе­ру екендігін же­те сезіне оты­рып, шы­найы өмірде бо­луы мүлде мүмкін емес дүниелерді дидактикалық кәдеге жа­ра­та біледі. Осы­дан келіп, Т.Рым­жа­нов фэнтезиінде кез кел­ген фантастикалық эле­мент ав­тор түсіндіруінсіз, шығарма тініне енгізіліп оты­ра­ды. Өйткені фэн­те­зи сиқырдың құпиясын ашу­ды керексінбейді. Өйткені, адамның табиғаты қашанда таңғажайыптыққа ын­та та­ны­тып оты­ра­ды емес пе!? Кей­де сол құпияның мәнісі ашыл­май тыл­сым күйінде қалғандығын қалайды. Құпия ашылғанда тыл­сым өзінің тылсымдық қасиетінен ай­ы­ры­лып, қарапайым көп нәрсенің біріне ай­на­ла­ды. Шақат сиқырдың қайдан шыққандығы мүлде құпия күйінде қалып, тек екінші кітапта ғана өз сы­рын аша­ды. Ай­та бер­сек, оқырманынан бүккен қаламгер құпиясы жетерлік.

Біз жазушының әдеби шығармаларының қайсысынада фэн­те­зи ба­сым, қайсысында әдеби ертегілік ны­шан ба­сым соның негізінде   қаламгердің екі жан­р­да да қалам тартқандығын дәлелдей білуіміз ке­рек. Бұл ара­да біз соның алғашқы қадамын ғана жа­сап отыр­мыз.

Тәукең бол­мыс пен бей­бол­мыс арасындағы межені бұзып, суреттейтін әлемінің шынайлығына өз оқырманын сендіре біледі. Осы­лай­ша жасөспірімдер қаламгер фэнтезиінің әлемді түйісінудің, бейнелеудің, ой елегінен өткізудің өзіндік бір жо­лы екендігін ұғынады. Жазушының бізге ұсынған ертегілік әлемі «ертегілік емес» әлемге ай­на­лып, бүгінгі күнгі қазақ қоғамының ба­с­ты про­бле­ма­ла­ры ас­тар­ла­нып, өткен күндердің оқиғаларымен ас­та­са­ды. Осы­лай­ша, ав­тор біздің бар­ша өзекті мәселелерімізді миф­пен өрілте түсіндіріп, Естемір об­ра­зы арқылы түрлі қырынан ұсынады. Осы шығармадағы Күннің теріс шығуы біздің ба­ба­лар дәстүрінен алыс­тай бас­та­у­ы­мыз, тіпті кей жер­де мүлдем ке­рек етпеуімізді сездіреді. Бұл фентизидің та­сын­да мені та­нып ал деп қылтиған біздің бүгінгі өміріміздің көлеңкелі жағы. Оның ав­тор та­ра­пы­нан тереңге жасырынғаны сон­дай, кез кел­ген оқырман аңғара бермейді. Және батыстық фэн­те­зи­ден қазақ фэнтезиінің бір айырмашылығы фольклорға тән сөз сап­тау мәнерінен қол үзбеуі.

Фэн­те­зи авантюралық ро­ман­дар­дан көп нәрсені ал­ды. Оның ішінде әсіресе сю­жет құру мен ай­ла-шарғыны. М. Бахтиннің "авантюралық" романдық уақыт ту­ра­лы пікірін тірек ет­сек: "авантюрлық «уақыт жағдайы» дегеніміз иррационалдық күштердің адам өміріне ара­ла­са­тын ар­найы шағы: тағдырдың жа­зуы,.. құдайлардың, әзәзілдердің, сиқыршылардың… романдық аярлардың ара­ла­суы", бар­ша шексіз авантюралық уақыты бір ғана күш – кездейсоқтық би­леп төсейді",-он­да көптеген ту­ын­ды­лар­ды сөзге кел­мей фэн­те­зи­ге жатқыза ала­мыз.

Қазір ТМД кеңістігіндегі әдебиеттанушы ғалымдар фэнтезидің көлеміне қатысты да дау ту­ын­да­тып жүр (Че­пур E.A. Рус­ская фэн­те­зи: к про­бле­ме ти­по­ло­гии ха­рак­те­ров // Про­бле­мы ис­то­рии, фи­ло­ло­гии, куль­ту­ры. — 2008. — № 19. — С. 336.).

Әдеби ертегі бұрынғы фольклорлық ертегіде мүлде кездеспейтін авторлық таңғажайып әлемді өмірге әкелді. Ол әлем сол авторға дейін жазылған ешбір әдеби әлемге ұқсамайды. Бұны Чер­ны­ше­ва «әдеби ертегідегі жаңа дәстүр» деп атай­ды. Т. Степновскаяның сөзіне ке­зек бер­сек, он­да фэнтезидің өмірге келуі ту­ра­сын­да: "Фэнтездің еркін қиялдың шарықтауы арқылы шындық өмірдегі бар­ша заңдылықты бұзатын, мазмұн мен форманың бой­ы­на кез кел­ген сиқыр мен таңғажайыпты ендіре ала­тын көркем әдебиеттің ерек­ше түрі ретінде өмірге келуінің бас­тау көзі миф пен ертегіде жа­тыр",-деп тұжырымдайды. Бұл ара­да ескеретін бір нәрсе «жоқтан бар пай­да бол­май­ды, бар нәрсе жоғалмайды».

Миф­те ба­с­ты заң фа­тум мен жоғарғы күш. Ал, ертегінің қағидаты бұдан бөлектеу жақсылық жамандықтан қашанда үстем, бас қаһарман еш қиналмай жолындағы кедергінің бәрін жеңіп шыға ала­ды. Ал ондағы зұлымдық тек жақсылықтың жеңіп шығуы үшін ғана қажет.

Фэн­те­зи әлемді үлгілеп, ертегілік ауан шар­т­ты­ла­нуы эк­зис­тен­ция деңгейінде өзін жоғалтып ала­ды. Басқаша ай­тар болсақ, ертегі фэн­те­зи­ге ай­на­ла­ды сол кез­де, қай кез­де өзіне реалистік өмір ны­ша­нын таңдап ала­тын бол­са. Жақсылық пен жамандықтың арасалмағы теңесіп, әділетсіздік ту­ын­дап, кездейсоқтық пен жа­зы­мыш пай­да бо­ла­ды.

«Ай астындағы Ай­бар­ша­да» бас кейіпкер Өлмес тек Қыран қарақшы арқылы дегеніне жет­се, Т.Рымжановтың «Күн перзенттерінде» Ай­бар­ша мен Гүлбарша және Қыран қарақшының фэнтезилік прототипі Хақзар Өлместің арқасында дегендеріне жетеді.

Бұрынғы қазақ әдеби ертегілері не әлемдік деңгейдегі әдеби ертегі емес, не фэн­те­зи емес, осы жолдағы алғашқы тал­пы­нас­тар бол­ды. Әдеби ертегінің де, фэнтезидің де бағын ашқан Т.Рым­жа­нов бол­ды. Оның шығармаларында тыл­сым (ма­гия) мен тыл­сым емес бір-бірімен ая­у­сыз күреседі.

Қазақ фэнтезиі ере­сек­тер әдебиетінде ғылыми фан­тас­ти­ка­мен ара­ла­сып бой көтергенімен кең қолданыс та­ба ал­ма­ды. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі бұл жанрдың ара-кідік ұшырасуы қаламгерлеріміздің шет ел фэн­те­зи классиктері: Дж. Р. Р. Тол­ки­ен, Мэ­ри Стю­арт, Ур­су­ла Ле Гу­ин, Род­жер Же­ляз­ны, Майкл Мур­кок, Ан­дрэ Нор­тон және басқаларымен орыс тілінде та­ны­су­ы­нан деп білгеніміз жөн.

Өткен ғасырдың 80-ші жыл­да­ры кеңестік әдебиетте фэнтезидің алғашқы үлгілері: Н. Ютановтың "Обо­ро­тень", Е. Хаецкийдің "Меч и ра­ду­га", С. Логиновтың алғашқы әңгімелері мен Т.Рым­жа­нов ту­ын­ды­ла­рын­да бой көрсетті.

Шет ел­де бұл жанр қарқынды да­му­да. Енді осы жанрдың іргетасын кім қалағандығы ту­ра­сын­да сөз ете кетейік. Қазіргі біз фэн­те­зи деп са­най­тын  туындының әкесі  Ро­берт Го­вард өзінің 1936 жы­лы «Айдаһарлар ғасыры» ту­ын­ды­сын өмірге әкелді. Жаңа жанрдың бас қаһарманы Киммерлік Ко­нан бо­лып, жаңа үрдіс әуелі genre­sword and sоrcery  («қылыш пен сиқыр жан­ры») деп атал­ды. Осы­лай­ша, жаңа әдеби жанр өмірге жол­да­ма алып, келесі жы­лы Дж. Р. Р. Тол­ки­ен  "Хоб­бит, не­ме­се Ан­да және кері" ту­ын­ды­сын бас­па­дан шығарды. Аталған қаламгер шы­найы атақ-даңққа тек 1954 жы­лы «Шеңбер әміршісі» ту­ын­ды­сы­нан кейін бөлене ал­ды (Ива­но­ва Э. Со­зда­ние вто­рич­ных ми­ров: Дж.Р.Р.Тол­кин и жанр «фэн­те­зи» // Ис­кус­ст­во в шко­ле. — 2008. — № 4. — С. 43.).

Хрис­ти­ан және ис­лам фэнтезиінің екі бөлек дүние екендігін ес­ке­ру­ге тиіспіз. Өйткені, фэнтезидің ілкі ны­шан­да­ры Шығыс әдебиетінде араб, үнді, қытай, жа­пон, түркі т.б. ел­дер­де буд­дизм, брах­ма­низм, ис­лам, алаш ми­фо­ло­ги­я­сы негізінде бұрыннан бар бо­ла­тын.

Ал ба­тыс­та готикалық, авантюралық, сал-серілік романдардың, "феялық ертегілердің" (fairy tales), аруақтар ту­ра­лы әңгімелердің қоспасы ретінде фэн­те­зи же­ке жанр бо­лып қалыптасты.

Бізде, яғни Шығыс әдебиетінде фэн­те­зи бар, ол еуропалық ұғым-түсініктен мүлдем бөлек. Араб фэн­те­зи, түркі фэнтезиіне ұқсамаса, жа­пон мен қытай фэнтезиі бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Ал, ба­тыс­та бәрі бір дінде болғандықтан бір-біріне егіз қозыдай ұқсас бо­лып келеді. Үш түрлі дінді ұстанып отырған шығыстың фэнтезиін әдебиеттану мен өнертану бой­ын­ша зер­де­ле­ген­де осы өлшенімді қаперде ұстауға тиіспіз.

Қазір ба­тыс фэнтезиі толкиендік эпо­пе­я­ны: ведь­мак (А. Сап­ков­ский Поль­ша), Же­рор­та та­ри­хы, ар­тур мифтері және ғаламтордағы «фан­фик­шен­дер» жаз­ба­ла­ры­мен толықтырып жалғастырып келеді. Ре­сей­де толикендік бағыттағы Ник Перумовтың "Коль­цо тьмы", Н. Васильеваның "Чер­ная кни­га Ар­ды" мен "Ис­по­ведь стра­жа", К. Еськовтың "По­след­ний коль­це­но­сец" т.б. шығармалары өмірге келді.

Біз ба­тыс фэнтезиін бір ғана толкиендік үрдістің қазығына бай­лап қойсақ, ғылыми әділетсіздік жасаған бо­лар еді. Еуро­па ұлттары өз ескілігінің негізінде де фэн­те­зи туғызып жа­тыр. Бұл са­ла­да орыс­тар мен по­ляк­тар славяндық миф­тер негізінде мифологиялық фэнтезиді өмірге әкелуде.

Ро­ман­тик­тер өз дәуірінде ұлттық ертегілерін өңдеп, әдеби ертегі жан­рын өмірге әкелсе, енді жаңа ғасырда қазақ қаламгерлері де өздерінің алаштық мифтерін өңдеп, фэн­те­зи жан­рын өмірге әкелді.

Осының бас­тау көзінде Т:Рымжановтың «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі», «Гүл Ағашы», «Күн перзенттері», «Ер­ден ба­тыр» сын­ды төрт ту­ын­ды­сы тұр.

Ба­тыс мифологиялық фэнтезиі  белгілі миф­тер шеңберінен аса ал­ма­са, Тәуелсіздіктің 20 жы­лы ішінде алаш ми­фо­ло­ги­я­сы С.Қоңдыбайдың арқасында жаңа сатыға көтеріліп, қаламгерлерімізге ру­ха­ни азық бо­лып жаңа шығармалар тудыруға мол мүмкіндік берді. Осы өліра сәтті өзінің шығармашылық кәдесіне жаратқан Т.Рым­жа­нов бол­ды.

Ав­тор: Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбар

 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz