Ажырасулар неге көбеюде?

azhyrasular-nege-kobeyudeҰлы қазақ даласы  өзгелерге үлгі болатындай өз құндылықтары бар. Бірақ қазір Ұлы қазақ даласының осы құндылықтары дағдарысқа ұшырауда. Оның бірден-бір себебі көп жылдар осы құндылықтарымызға зерттеулер жүргізілмеуінде, насихаттамауымызда, әрі қарай дамытпағанымызда. Сол дағдарысқа ұшыраған құндылықтың бірі «отбасы».

Отбасы дағдарысы алғашқыда батыста өз бастауын тауып мінекей қазақ даласына да келіп жетті. Отбасы құндылықтарының дағдарысқа ұшырауының бірден-бір көрінісі ажырасулардың көбейюі. Жетім балалардың санының өсуі. Қарттар үйлерінің қаптап бара жатқаны.

Отбасы екі жастың шаңырақ құрғанынан басталады. Келешек қоғамның дәні осы отбасыда егіледі. Қазір кезде осы дән өспей жатып құрып жатыр. Бұның себебтері көп. Соның бірі, әлеуметтік-экономикалық және техникалық жетістіктер. Неге дейсіздер ғой?

Бұрын отбасы құру деген қасиеті іс саналатын. Отбасыда ерлі-зайыптылар әрқайсысы өз орнын білетін. Әйел үйде отырып бала тауып, үй шаруасымен айналысса, ал еркек болса  сыртта жүріп жұмыс істеп әйелі мен балал-шағаның нәпақасын табатын.

Қазір жағдай мүлдем өзгерді. Әйелдің орнына үй шаруасын техникалар жасайтын болды. Ал нәпақаны күйеуіне қарап отырмай әйел сыртта жүріп өз ақ табатын болды. Сол себепті қазіргі кезде отбасыны ұстап қалу қажеттілігі жоғалып, ажырасулар көбейіп жатыр.

Екінші себеп, гендерлік саясат. Ғасырлар бойы әйел затын ардақтап келген қазақтарға, қазір  батыстың үлгісі бойынша әйелді қалай құрметтеу керектігін үйретіп жатыр. Терісінше біздер атадан қалған мың жылдық тәрбиелік құндылықтармызды әлемге үлгі қылып көрсетуден гөрі, батыстың езгіде жүрген әйелдері кеше ғана ойлап тапқан «құқықтарымыз еркектермен тең болсын» деген ұранын өзімізге үлгі тұтып жүрміз.  Қазіргі әйелдер «ару, асыл ана, аяулы жар» деген мәртебесін « саяси леди, бизнес вумен, певица, актриса т.б» атауларға алмастырып алды. Бұған қоса әйелдердің бұл ісіне қоғам тарапынан сын айтылудың орнына, терісінше қолдаулар көрсетіліп жатыр. Осындай теріс ұрандарды естіп алған әйел үйде отырсын ба. Үйін, бала-шағасын тастап, еркекпен бірге білек түре нәпақа табуға кірісіп кетті. Бұндай әйелдер қайтіп отбасы құрады, құра алса да, бүкіл күш-қуаты сыртқа төгіліп жатса отбасына несі қалады? Ал бұл өз кезегінде шаңырақты шайқататын бірден бір себеп.

Ажырасудың келесі тағы бір себебі,  сәнді киіну, қымбат уйде тұру, қымбат көлік міну «модасы». Осы моданы қуып жүріп, көп нәрселер ұмытылады, соның ішінді отбасы құндылықтары да бар. Осыларды қуып жүріп отбасы керек болмай қалады, «ақшаң болса бәрі болады» деп мәз болып жүреді.Одан қалса ақшаң болса әйел де, күйеу де табылады дейтіндері де бар. Ең жаманы, осы «моданы» балаларымыздың мектеп табалдырығынан бастап жүрген  үйреніп жатқаны.

Қазір нарықтық экономикаға байланысты үлкен қалаларға ауыл аймақтардан, басқа өңірлерден көшіп қону кең етек жайып жатыр. Осындай көшу-қон себебінен, кейбір салты мен ырым-жырымдары бір-біріне ұқсамайтын отбасылар құда-жекжат болып, балалары  шаңырақ көтеріп жатады. Көп жағдайда бұндай шаңырақтар ұзаққа бармай шайқалып жатады. Өйткені әр тарап көрпені өзіне қарай тартады, түскен келінге сіңісіп, құда-жекжаттарға тіл табысып кетулері қиынға соғады. Сондықтан да  көп жағдайда «менталитеттері» әртүрлі адамдардың шаңырақ көтермегендері дұрыс болар еді.

Ажырасуларды қайтіп азайтамыз?

  • Әуелі біріншіден, «ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей, ата-бабамыздан қалған асыл құндылықтар бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындарында кеңірек насихатталуы керек. «Ата-бабадан қалған құндылық» дегенде солар сияқты киіз үйде тұру, технологияны тастап малдын артына кету емес, олардан қалған моральдық, тәрбиелік құндылықтарына қайтып оралу, жаңдандыру.
  •  Ғылыми зерттеулер жүргізу. Осы зерттеулер нәтижелерін заманауи әдістерді қолдана отырып  қоғамға сіңдіру.
  • Екіншіден, жас отбасыларға тұрақты түрде және тегін  көрсететін мемлекет тарапынан қаржыландыратын психологиялық кеңес беретін орталықтар ашу. Өйткені мемлекеттің келешегі тікелей отбасыға байланысты, бақытты отбасы-дамыған қоғамның белгісі!

 

Қанат Орынтайұлы
87077604480
[email protected]

+3
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии