Қор болған «қырық үйден тыйым»

Жарнама

«Ей адам ба­ла­сы! Ұятты жерлеріңді жа­бу үшін киім және сәндік бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы» (Құран: 7-26 аят)

Жан – жағыма қарасам: Жер – Ана жа­сыл төсенішін жа­мы­лып, ал қызыл гүлдерімен сәнденіп, ерек­ше құлпырып кетіпті. Ай­на­ла жүректі мейірім шуағына бөлеп, көңілдің түбіндегі әсемдікке, тазалыққа де­ген сезімді оя­та­ды. Әсіресе, Алматының көшелеріне көрпе боп төселген түсінен көз тұнған гүлдерге қарасаң, жер бетіне ерек­ше көрік беріп тұрғанын байқайсың. Есіңе қазақтың: «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі», — де­ген мақалы түседі. Ба­ба­ла­ры­мыз қызды гүлге теңеп, әдеміліктің, әсемдіктің сим­во­лы санаған. Жапырағымен етегін жа­у­ып, түрлі- түсті қауыздарының ас­ты­на бал шы­ры­нын жасырған гүл жан – жағына мейірім мен әсемдікті, тазалықты та­ра­тып тұрғандай…

Ал адам­дар ара­сы­на шыға қалсаң, елдің көркі бо­лар қыздарымыз елдің ұятына ай­на­лып кет­кен­дей. Жаз шыға табиғат  жа­сыл жамылғысын жа­мы­ла бас­та­са, біздің ару­ла­ры­мыз үстеріндегі «артық киімдерін» тас­тай бас­тай­ды. «Сән» ат­ты ақыл айтқыш апаның айтқанына ілескен оларға қарап, ұят, әдемілік, биязылық, имандылық сезімдері қайда кет­кен  деп таң қаласың. Ал кіндікті ашып жүру – дәл қазір қыздардың дағдылы әдетіне ай­на­лып ба­ра­ды. Көше жарнамаларындағы қыздар да тек іш киіммен су­рет­ке түсуді қалыпты жағдайға ай­нал­ды­рып­ты. Оларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ болғаны ма? Тіпті балаңды ертіп дүкен араласаң, жалаңаш әйелдердің суреттерін көріп, «ұят – ай – ды қара» де­ген­де, «балаларымызға қандай тәрбие беріп жа­тыр­мыз?» де­ген ойға қаласың. Жас­тай­ы­нан ашық – шашық әйелдерді көріп өскен ба­ла­да әйел за­ты­на де­ген құрмет қайдан бол­сын?

«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тер­бе­тер» аруларымыздың осын­дай күйге түсуіне не се­беп бол­ды? Әсіресе, кейінгі он – он бес жылдың ішінде қыздарымыздың әбден жалаңаштанып кетуіне не әсер етті?

Дәл қазір адамдардың ой – өрісін ақпарат құралдарды жа­у­лап алған. Сол ақпарат құралдары соңғы он — он бес жылдықтың ішінде та­ны­мас­тай өзгерді. Әсіресе, батыстың те­ле­хи­ка­я­ла­ры мен бейнефильмдері, бейнеклиптері жастардың ғана емес, кәрі – құртаңның да са­на­сын улап, жүректерін қарайтатын құралға ай­на­лып ба­ра­ды. Ал­лах тағала Құранда бы­лай дейді: «Мүміндерге айт: (бөгде әйелдерге) қараудан көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зи­на­дан қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас, Ал­лах олардың не істегендерінен ха­бар алу­шы. (30) Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ер­лер­ден) көздерін сақтасын. Және ұятты жерлерін қорғасын. Зейнеттерін көрсетпесін» (Нұр сүресі, 30-31 аят­тар). Адам­ды жаратқан Ал­лах бізге ненің зи­ян әкелетінін жақсырақ біледі. Жүректі қарайтатын нәрселердің бірі – көз. Кеседегі су­ды бір там­шы у бұзатыны сияқты, ха­рам­ды көру арқылы адамның жүрегі ула­на­ды.

Қазір отбасыңмен оты­рып те­ле­ди­дар көру мүмкін емес де­се де бо­ла­ды. Ең аяғы, жарнамалардағы қыздарға дейін іш киіммен би­леп жүреді. Осын­дай он бес ми­нут сай­ын қайталанып жатқан жар­на­ма­лар­ды жат­тап алған балалардың, зи­на мен қылмыстың ор­да­сын­дай болған те­ле­хи­ка­я­лар­дан көз ал­май өскен жастардыңсанасы улан­ба­ды деп қалай ай­та­мыз? Те­ле­хи­кая кейіпкерлерін отбасының бір мүшесіне ай­нал­ды­рып алған ата – ана­лар ба­ла­ла­рын қалай тый­сын? Са­на­ла­ры­на ашық – шашық киінудің, әдебімізге жат сәнге ілесудің, зи­на жасаудың ауыр бо­ла­ты­нын сезінудің өзі қорқынышты.

Қоғамдағы қыздардың абы­рой – беделінің түсіп кетуі, алданған, зорланған қыздардың көбеюі, тас­тан­ды балалардың көз жа­сы – осылардың сал­да­ры емес пе? Түнгі уақытта, жар­ты­лай жалаңаш жігіттермен се­ру­ен­де­уге шыққан қызды, аш қасқырлардың ара­сы­на кірген қойға теңесе де бо­ла­ды. Қазір да­ла түгіл, ауыл­да да қыздарымыздың 90 пайызға жуығы аяғы ауыр бо­лып тұрмысқа шығып жа­та­ды не­ме­се үйден бо­са­нып, бол­ма­са жа­сан­ды түсікке ба­рып жатқандарын естисің. Ал арын сатқан қыздарды ауызға алудың өзіне арланасың. Иә, адамның бойындағы ұят, ар сияқты құнды сезімдердің азай­ып ба­ра жатқаны жаныңа ба­та­ды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бы­лай де­ген екен: «Ұят пен иман бір – бірімен тығыз бай­ла­ны­с­ты, егер біреуі жоғалса, екіншісі қоса кетеді». Ен­де­ше, адам­дар өз ұяттарын жоғалту арқылы иман­нан да алыс­тап ба­ра­ды. Ал иман жоғалса, болашақтың бұлыңғыр тар­та­ры сөзсіз.

«Қызды қырық үйден тыйған» да­на халқымыз олардың тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Бой жет­кен ару қыздардың сырт көздерден сақтап, олар­ды биязылыққа, ибалылыққа тәрбиелеген. Абай ата­мыз:

— Жа­са­у­лы деп, мал­ды деп бай­дан ал­ма,  Ке­дей қызы ар­зан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата – ананың қызынан ғапыл ал­ма, — деп жігіттерге кеңес береді. Арын сақтаған, ақылды, ұяты бар, ата – анасының тәлімін алған қыз ба­ла­дан болашақта жақсы жар, иба­лы келін, ая­у­лы ана күтуге бо­ла­ды. Сол үшін қазіргі кез – кел­ген ата – ана өзінің ұл – қызының тәлім- тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауы ке­рек. Тәрбие де­ген тек олар­ды тамақтандырып, киіндіру емес, ол – ру­ха­ни ақыл – сезімі жоғары, ар  — ұяты биік, иман­ды ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан «қызым сән қуалап жүр еді» деп «шоқ ба­сып» қалмауынан сақтануымыз ке­рек.

Бұл өмірге қанша жабыссақ та, Ал­лах Тағаланың ажа­лы­нан қашып құтыла ал­мас­пыз. Уақытша дүниеде әрбір сөзімізбен, ісімізбен, денемізбен тозақтан алыстауға тырысқанымыз жөн. Пайғамбарымыз Мқхаммед (с.ғ.с.) : «Киіне жүріп жалаңаш болғандар, жүрісінде бұраңдап, еркектердің көңілін еліктірушілер жәннатқа кірмейді, тіпті оның иісін де сезбейді», — де­ген екен. Әрбір ата – ана қызының тәрбиесіне ерек­ше мән беруі ке­рек. Алақанына са­лып ая­лап өсірген ая­у­лы гүлінің әркімнің қолында кетіп, ар­зан шөпке ай­нал­мауы үшін қызына қырық үйден тый­ым са­лып, имандылықты бой­ы­на сіңіргені аб­зал.

Қай за­ман­да бол­са да, қыз – сұлулықтың, мейірімділіктің, тазалықтың белгісіндей, ер адамдардың қадірлейтін, құрметтейтін жа­ны саналған. Сол құрмет, қадіріміздің жоғалмауын қаласақ, сұлулығымызды киіммен жа­сы­ру­ы­мыз ке­рек – ақ. Сон­да ғана баяғы қадіріміз қайта ар­тып, шын мәнінде елдің көркіне ай­на­ла­ры­мыз хақ.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Қор болған «қырық үйден тыйым»"

avatar
анон
Қонақ

кызга крык уйден тию жайлы тарбие сагаты барма бар болса жазыныздарш керек еди сол жайлы тарбие сагатын жасайын деп едим таппай жатырм

wpDiscuz