ШЫН МАХАББАТ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Жарнама

ШЫН МАХАББАТ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?Махаббаттың символдары Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлуды,Еңлік пен Кебекті,Қыз-Жібек пен Төлегенді жырлап келген біздің қазағымыздың жастарының қазіргі кезде махаббат туралы түсінігі қандай?!Олар «шын махаббат қандай болады?»деп ойлана ма?Кеңес үкіметі құлағаннан кейін 90-шы жылдары шетелден неше түрлі жыныс қатынасы туралы фильмдер ашық түрде ағылып келіп, қаптап жатты.Тіпті кейбір орындарда махаббат атын жамылып,жастарға жыныс қатынасы туралы ашық кеңестер беріп,саналарын бұлғай бастаған.Қазіргі кезде интернет арқылы одан ары нәрселердің неше түрін көруге болады.Сөйтіп біздің қазақ жастарының түсінігін шет елдерден келіп жатқан теріс түсініктер улап, шатастырып келеді.Қазіргі заманда біздің кейбір жастарымыздың махаббат туралы түсінігі тек жыныс қатынасында ғана болып кеткен сияқты. Өйткені шетелдің фильмдерінде махаббат тек жыныс қатынасынан тұратындығын уағыздайды.Біздің тарихи құндылығымыз болған махаббат символдарының бір-бірімен ғашық болып қосылу махаббатының маңызды еместігін көсетеді.Ғашықтық кейін сөніп,ал жыныс қатынасы мәңгі қалатындығын көрсетеді.Сөйтіп жастардың санасына,ішкі дүниесіне ешқандай сезімдерге берілмей,мал сияқты тек жыныс қатынасымен айналысуға шақыруды құяды. Осыған байланысты мен өзіміздің қазақ жастарына «шын махаббат қандай болады» атты мақаламды ұсынып отырмын. ШЫН МАХАББАТ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Біз Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлуды,Төлеген мен Қыз-Жібекті,Еңлік пен Кебекті,Ромео мен Джульеттаны «махаббаттың символы» деп білеміз. Бұлар- махаббат жолында құрбан болғандар.Бірақ «Олар құрбан болмай ,бір-бірімен қосылып,жанұя құрып,бала-шаға өсіріп,ары қарай өмір сүргенде не болар еді?! Өмірдің қиындығына шыдай алмай ,бірін-бірі түсінбей,ажырасып кетер ме еді?!»деген сұрақ ойымызға оралады.Осы махаббат жолында құрбан болған символдарға қарап ,халық арасында «Шын ғашықтар қосылмайды!»деген немесе «махаббат тек басында ғана болады,кейін қосылып жанұя құрған соң махаббат сөніп қалады!»деген сияқты пікірлер қалыптасып кеткен.Бұл дұрыс емес.Осы махаббат символдары арқылы ,бізге ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен өсиетін халық дұрыс түсінбейді. Ата-бабаларымыз бізге «осы оқиғаларда жасалған қателіктерді жасамаңдар ,ешкімнің обалына қалмаңдар, дұрыс жолын табыңдар!»деген өсиет қалдырған сияқты.Жер бетінде көптеген адамдар нағыз махаббатты табу жолында тығрыққа тірелуде.Көбінесе адамдар ғашық болуды «нағыз махаббат»деп ойлайды.Кейбіреулер тек жыныстық қатынасты ғана нағыз махаббат деп таниды.Енді біреулер «ғашық болу маңызды емес ,есеппен қосылған дұрыс»дейді.Үнді елдерінде көбінесе жұлдызнамаға қарап, жұлдыздарының сәйкестігіне қарап қосылады.Ал ғалымдар «адамдардың организімінде махаббатты тұрақты етуге себепші болатын заттар бар»дейді.Мұның барлығы –әрине,адамдардың нағыз махаббатты іздеу жолындағы түсініктері.Бірақ бұлар нағыз маххаббаттың әр жерінен жұлмаланып алынған аз ғана бөлшектері деугеболады.Меніңше,нағыз,шын махаббат адам бойындағы жеті қасиеттен тұрады және әр адам сол қасиеттерді өмірдің үш кезеңінен сақтап өтуі қажет деп ойлаймын. Бірінші кезең-қыздар мен бозбалалардың бір-біріне ғашық болуы.Жүректері тербеліп,махаббаттың алғашқы дәмін татуы.Дәл осы алғашқы сезім тәтті болады.Бұл-нағыз махаббаттың бастамасы ғана.Бірбірін табу,табысу кезеңі.Екінші кезең –жанұя құрып ,бала-шаға өсіріп,тәрбиелеп,оқытып,әрқайсысын орын-орнына қондырып,яғни өмірден дұрыс орын тауып беру.Өмірдің ең қиын әрі қызық кезеңі-осы.Дәл осы кезде бір-біріне ғашық болып қосылған екі жан үлкен сынақтан өтеді.Екеуінің мойнына құрған жанұясының ауызбіршілігін сақтау жауапкершілігі ілінеді.Өмірдің небір жақсы-жаман кезеңдерін өткізеді.Қысқасы осы кезеңде бір-бірін тастамай ,өмірдің жақсы-жаманына бірге төзіп,қол ұстасып,иық тіресіп,махаббаттарын сақтап өтулері қажет.Үшінші кезең –өмір бойы сақтап келген махаббаттарының жемісін көру,яғни ендігі есейген ,өмірде өз орындарын тапқан бала-шағасының қызығын көру,немере сүю кезеңі.Осы үш кезеңнен нағыз махаббатты сақтап өту үшін жеті қасиет керек.1)Ғашық болу қасиеті(ғашықтық)-екі жастың бірін-бірі жақсы көруі,ғашық болуы,ұнату.Осы қасиет екі жастың қосылуына себепші болады.Махаббат осыдан басталады.2)Сыйлау қасиеті

(сыйластық)-екі жастың бірін-бірі сыйлауы .Бірбірінің ата-анасын,үй-ішін сыйлауы.3)Түсіну қасиеті (түсіністік)-екі жастың бірбірінің ойын айтпай-ақ түсінуі,жүрекпен сезінуі,мінездерін түсінуі.Өмірді түсінуі.4)Кешіру қасиеті(кешірімділік)-екі жастың бірін-бірі кешіре білуі.Біліп те,білмей де істеген қателіктерін кешіруі.Бірін-бірі жақсы көретін ,сыйлайтын,түсінетін адамдар бірін-бірі кешіре де біледі.5)Сену қасиеті(сенім)-бір-біріне сену.Бір-бірін алдамайтыдығына,қиындықта тастамайтындығына сену.Махаббатқа сену.Жалпы,сенімсіз өмір сүру қиын.6)Төзу қасиеті(төзім)-өмірдің жақсы-жаманына ,қиындығына бірге төзу.Бір-біріне иық тіреп көмектесу.7)Ұрпақ жалғастыру қасиеті(жыныстық қатынас)-осы қасиет арқылы жаңа өмір,жаңа махаббат басталады.Бала сүю,немере сүю махаббаты ашылады.МАХАББАТ жалғасын тауып,нығаяды!Мінекей,осы жеті қасиет нағыз махаббатты құрайды.Бұл қасиеттер бірбірімен тығыз байланысты..МАХХАББАТ ғашықтықтан басталады.Ғашықтар бірбірін сыйлайды.Ғашық әрі сыйлайтын адамдар бір-бірін түсінеді.Бір-біріне ғашық, әрі сыйлайтын және түсінетін адамдар бір-бірін кешіреді.Ғашық,сыйлайтын ,түсінетін кешіре білетін адамдар бір-біріне сенеді.Осындай қасиеттері бар адамдар барлығына да төзеді.Ал енді осы қасиеттердің барлығын нығайтатын,тұйықтайтын қасиет-ұрпақ жалғастыру қасиеті,яғни жыныс қатынасы.Бұл қасиетсіз,яғни ұрпақ жалғастырмай, жоғарыда айтылған қасиеттердің барлығы болашақсыз, әлсіз болады.Ал тек жыныстық қатынастың өзі ,жоғарыда айтылған қасиеттерсіз алысқа бармайды және толық махаббат бола алмайды.Жалпы, осы қасиеттердің біреуі немесе бірнешеуі болмай қалса,махаббаттың беріктігі әлсірейді.Бірақ қалған қасиеттер махаббатты ұстап тұрады.Осындай кезде махаббаттарын сақтап қалу адамдардың өздеріне байланысты..Жоғалған қасиеттерін қайта ояту қажет.Оған қалған қасиеттер көмектеседі.Тіпті аман қалған жалғыз қасиеттің өзі жоғалған қасиеттерді оята алады.Міне,осындай қасиеттері бар адамдардың махаббаттары мәңгілік болады.

Қазігі заманда көптеген адамдар тек ғашықтық пен жыныстық қатынасты махаббат деп біледі.Бірақ қалған қасиеттер болмаса,қиын кезеңде олардың ғашықтық сезімі өшіп қалуы да мүмкін.Ал енді есеп бойынша,жұлдызнама арқылы,организмдегі гормондарға қарап косылғандар-түсінуі және төзу касиетін таңдағандар.Олар бір-бірін түсінсе және төзсе,махаббат кейін оянады,деп ойлайды.Әрине,махаббат оянуы әбден мүмкін,егер таңдаған қасиеттерін жоғалтпай,қалған қасиеттер оята білсе.Жалпы,өмірдегі көптеген қиындықтар осы жеті қасиеттің жоқтығынан болады.Өйткені,‹‹Махббатсыз- дүние бос››дегендей,өмірді құрайтын-Махаббат.

Мұрат Буйрабеков
Жамбыл облысы,
Т.Рысқұлов ауданы.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "ШЫН МАХАББАТ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?"

avatar
Мусабекова Шара
Қонақ
Менің тәжірбиемде,өзімнің басымнан өткен уақиғамен түсіндірсем. Махаббат…, ол сен өзіңді басқара алмайсын. Сені жан дүниең басқарады.Сен қанша оны ойламаймын десеңде оны ойлай бересің.Сенің ғашығың барлық уақытта өзіңмен жүрсе деп ойлайсын.Одан бір уақытта ажырамаудың амалын жасайсын.Онымен мәңгі бірге болсам деп ойлайсын.Ойлайсың,ойлайсың,ойлайсың….Ол еш уақытта ұмытылмайтын сезім. Ал егер ол сені ұнатпаса онда барлық өмір бос қалғандай сезімде боласын.
wpDiscuz