Өсімсіз өркениет

Жарнама

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кет­пес далаға…»

Абай

Ден­де­ген дерт

Егемендігін алып, етек-жеңін жинаған Тәуелсіз Қазақстанның эко­но­ми­ка­сы да да­ми бас­та­ды. Қазақстан мүдделес мемлекеттердің сенімді серіктесіне ай­нал­ды. Шетелдік ин­вес­тор­лар қаржы құйып, сан са­ла­лы жо­ба­лар жүзеге асу­да. Соның бірегейі ретінде елімізде ис­лам қаржы жүйесінің жан­да­на бастағанын ай­ту ке­рек.

Әлемдік қаржы дағдарысы білдей банктердің ба­сы­на бұлт үйірілді. Ал ис­лам қаржы жүйесі дағдарыс соққысына оңай төтеп берді. Оның бірден бір дәлелі – әлем на­за­ры ис­лам банктеріне ауа бастағанында. Ис­лам қаржы жүйесінің ең ба­с­ты қағидасының бірі –  пайыздың (ри­ба) бол­мау­ын­да, ысырапқа жол берілмеуінде. «Fattah Finance» АҚ басқарма мүшесі Асқар Иманбаевтың пай­ым­да­у­ын­ша, пай­ыз қатерлі ісік секілді. Күн сай­ын асқынады. Ақыр аяғында ол қаржы жүйесінің «ағзасын» шірітеді. Ден­деп ба­ра жатқан дертті тек Ис­лам қаржыландыруы арқылы ғана ем­де­уге бо­ла­ды.

Несиенің за­ла­лын мы­на­дай мы­сал­мен түсіндіруге бо­ла­ды. Қадым за­ман­да  шах­мат ой­ы­нын ой­лап тапқан да­ныш­пан ма­те­ма­тик­ке ри­за болған пар­сы пат­ша­сы тапқырдың кез кел­ген қалауын орындауға сөз береді. Мұндай мүмкіндікті ма­те­ма­тик мүлт жіберсін бе? Миы математикаға «негізделген» әлгі тапқыр патшаға шах­мат тақтасының бірінші то­ры­на бір би­дай дәнін, ал келесілеріне алдыңғысынан екі есе етіп са­лу­ды өтінеді. Данышпанның өте қарапайым көрінген қалауына пат­ша қуанады. Есін жи­ып, есеп­теп көрсе, «қарапайым» өтінішті орын­дау «қияметке» ай­на­ла­ды. Патшалықтың қарамағындағы қамбадағы бүкіл бидайдың  жетпейтінін түсініп, тілін тістесе ке­рек. Келісім бой­ын­ша, яғни шах­мат тақтасына қойылуы тиіс бидайдың дәнін са­нап көрсе…  1982 жылдағы әлемнің 440 би­дай өнімінің қорын құрайды екен. Не­си­е­ге ақша бе­ру де дәл дән сияқты. Күн өткен сай­ын көбейеді. Мұндай жағдайда не­сие алушының қарыздан құтылу мүмкіндігі де аза­яды. Мерзімі өткен соң бұл мүмкіндік нөлге теңеледі. Әзілдің өзі – зіл. Ғашықтардың тіліндегі қарапайым қалжыңға қарап, ой түйесің.

Жігіт: Мен сен үшін бәрін істеуге дай­ын­мын. Жердің шетіне де, тіпті өлімге де ба­ра­мын.  

Қыз: Ммм, жүр, одан да сенің атыңа не­сие алайық!..

 

«Кемедегінің жа­ны бір»

 Шариғатқа негізделген ис­лам қаржы жүйесі ішімдік, темекі, есірткі, қару-жарақ, порноөндіріс, және т.б. адамзатқа зи­ян тигізетін өнімдерді қаржыландыруға үзілді-кесілді қарсы. Себебі, Ис­лам діні әрқашан адам өмірінің құндылығын жоғары қояды. Ис­лам арам пай­да табуға, айлакерлікке, өсімқорлыққа, монополияға, әділетсіздікке, жемқорлыққа тый­ым са­ла­ды. Құранның Бақара сүресі 275 ая­тын­да: «Ал­ла са­у­да­ны ха­лал етіп, өсімқорлықты ха­рам қылды», – делінген.

Ис­лам қаржы жүйесі бой­ын­ша банк кәсіпкерлердің өндірістік не­ме­се коммерциялық мақсаттарды орын­дау үшін олар­мен пай­да­ны бірге бөліседі һәм ықтимал шығындарды да бірге көтереді. Кәсіпкерлік шараға қатысушылардың барлығы әріптес ретінде та­ны­ла­ды (мүшарака). «Кемедегінің жа­ны бір» де­ген қанатты сөзді басшылыққа ала­тын Ис­лам банктері пай­да мен шығынды биз­нес­ке қосқан бастапқы капиталға ба­ра­бар деңгейде бөліседі. Со­ны­мен қатар қызмет мерзімі мен шар­тын келісіп оты­ра­ды. Сон­дай-ақ ар­найы әріптестік (мұдараба) әдісімен қоса, та­у­ар­лар­ды ар­найы бағамен са­ту ту­ра­лы банк пен кли­ент ара­сын­да шарт (мұрабаха) жа­са­у­ды да қарастырады. Тағы бірі қызметі – қарыз, яғни ұл-Ха­са­на (қайырымдылық не­сие) – же­ке тұлғаға не­ме­се ұйымға пай­ыз­сыз не­сие бе­ру дегенді білдіреді. Ол келісілген мерзімде қайтарылуы тиіс. Егер тұлғаның несиені қайтара ал­май­ты­ны әуелден белгілі бол­са, ақша міндетті не­ме­се ерікті қайырымдылық түрінде беріледі.

Қаржыгер Мұрат Байсыновтың ай­ту­ын­ша, исламдық қаржыландыру ұстанымы негізінде жұмыс істейтін қаржылық ұйымдар әлемдік дағдарыстың әсерін қатты сезіне қойған жоқ. Банк­тер несиені үстеме ақысыз береді, бірақ кәсіпкерлерге тиесілі табысқа ортақтасады. Ис­лам қаржы жүйесінің пай­да көзі – жалға бе­ру мен ди­ви­денд­т­тер­де.

Ис­лам қаржы жүйесінің дәстүрлі банк­тер­ден айырмашылығы мен артықшылықтары мы­на­дай:

  1. Ин­вес­тор мен қарыз алу­шы ара­сын­да тәуекел мен шығынды әділетті түрде бөлісу;
  2. Қаржы ин­сти­тут­тар жүйесінің тұрақтылығы;
  3. Қарыздык міндеттемелердің үдемелі нарығының (пай­ыз) бол­мауы;
  4. Міндетті қайырымдылық (зе­кет) қызметінің бо­луы;
  5. Қарыз қайтарымының мөлшерінің тұрақтылығы (қайтарым – шарт бой­ын­ша бекітілген со­ма);
  6. Инвестицияның экономиканың нақты сек­то­ры­на бағытталуы;
  7. Қатысушылардың қызметтерінің әлеуметтік си­па­ты.

Инвестицияның игілігі

 Қазақстан ТМД мен Ор­та Азия елдерінің ара­сын­да Ис­лам қаржы жүйесін да­мы­ту­ды бірінші бо­лып қолға ал­ды. 2009 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының «Ис­лам банктерінің қызметі мен ис­лам қаржы жүйесін ұйымдастыру мәселелері бой­ын­ша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» Заңы қабылданды. Ис­лам қаржы жүйесін дамытудың ба­с­ты тетігі ретінде «ҚР Банк­тер мен банк қызметі» ту­ра­лы Заң және Ис­лам құнды қағаздарын шығару мен  ай­на­лы­мын реттейтін «Құнды қағаздар нарығы ту­ра­лы» Заңның қолданысқа енгізілгенін айтуға бо­ла­ды. Адал ақшаға құрылған банк жүйесін да­мы­ту мы­на­дай мақсаттарға негізделген: біріншіден, ин­дуст­ри­ал­ды да­му жос­пар­ла­рын жүзеге асы­ру мақсатында ұзақ мерзімді сыртқы тұрақты ин­вес­ти­ция көзін та­бу. Екіншіден, бір қаржы көзіне тәуелді бо­лу­ды бол­дыр­мау. Үшіншіден, Ис­лам қаржыландыру жүйесінің жоғарыда аталған рет­теу қызметтерінің көмегімен экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу.

            Әлемдік эко­но­ми­ка са­рап­шы­ла­ры еліміздегі Ис­лам қаржы жүйесінің да­му­ы­на оң баға бе­ру­де. Соңғы екі жыл ішінде ис­лам қаржылық өнімдерін ұсынған бірнеше ком­па­ния пай­да бол­ды. Олар – «Al Hilal» банкі, «Fattah Finance» брокерлік ком­па­ни­я­сы, «Та­ка­фул» өзара ха­лал сақтандыру қоғамы, «Қазақстан қажылық қоры» акционерлік инвестициялық қоры, сон­дай-ақ бірнеше консалтингтік ком­па­ни­я­лар.

Елімізде Ис­лам қаржы жүйесін да­мы­ту бой­ын­ша 2010-2012 жылдарға арналған «Жол кар­та­сы» қабылданды. Тағы бір елеулі оқиға – екінші Ис­лам банкін құру. Ис­лам банкінің 55 пай­ыз үлесін Amanah Raya Berhard (малайзиялық ком­па­ния), 40 пай­ы­зын «Қазақстан да­му банкі» АҚ, қалған 5 пай­ыз ак­ци­я­сын қазақстандық брокерлік ком­па­ния – Fattah Finance иеленеді де­ген жос­пар бар. Атал­мыш банктың жұмысы же­ке тұлғаларға қызмет көрсету мен бизнесті қаржыландыруға бағытталмақ.

Ұлттық Банктің Ал­ма­ты қаласындағы өңірлік қаржы орталығын да­мы­ту комитетінің төрағасы Дар­хан Нүрпейісовтың сөзіне қарағанда, біздің ел үкіметаралық екі келісімге қол қой­ды. Алай­да, бірінші жо­ба әзірге тоқтатылған. Ал екіншісі іске асы­рыл­ды. Атап айтқанда, al Hilal 2010 жылғы на­урыз­дан бас­тап жұмыс істейді. Небәрі бір жылдың ішінде ол 23 млн. АҚШ дол­лар­мен те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар, са­у­да, құры­лыс және басқа салалардағы жо­ба­лар­ды қаржыландырды. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» қоры Al Hilal-мен бірлесіп бірнеше жо­ба­ны қаржыландыру мәселелерін қа­рас­ты­ру­да.

 

Тобықтай түйін

 «Байлыққа қосар үлесің бол­ма­са, байлықтан алар үлесің де жоқ», – де­ген екен Ғабит Мүсірепов. Пай­да­ны да, тықырға таянғанда шығынды да бірге бөлісетін ис­лам банкингі жұмысын Үкімет мүшелері, эко­но­ми­ка са­рап­шы­ла­ры қолдауда. Эко­но­ми­ка ғылымдарының док­то­ры Рах­ман Алшановтың ай­ту­ын­ша, қаржы дағдарысынан шығу үшін шұғыл қимылдап, ис­лам қаржы жүйесін да­мы­ту­ды қолға алу­ы­мыз қажет.

Ис­лам банкингі қызметі дәстүрлі банктердің пайыздық мөлшерлемені төмендетуге ықпал етеді. Сон­дай-ақ ис­лам қаржы құралдарының пай­да бо­луы еліміздің қор нарығының да­му­ы­на үлес қосады.

Жа­зу­шы Мұхтар Әуезов айтқандай, қай істің бол­сын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ни­ет ке­рек, одан соң – күш ке­рек, одан соң – тәртіп ке­рек. Бізде үшеуі де бар. Жүйелеп жүзеге асырсақ болғаны.

Сал­та­нат МЕДЕТҚЫЗЫ,
халықаралық қатынастар ма­ма­ны

 

Тақырыпқа тұздық

Жігіт: Мен сен үшін бәрін істеуге дай­ын­мын. Жердің шетіне де, тіпті өлімге де ба­ра­мын. 

Қыз: Ммм, жүр, одан да сенің атыңа не­сие алайық!..


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Өсімсіз өркениет"

avatar
Нариман
Қонақ

Бұл бір тамаша іс екен, иншаллаһ! Қайырлы болғай! Жеке тұлғалармен жұмыс істеуді ертерек бастаса екен. Әйтпесе, қарыз алуға мәжбүр болған бауырларымыздың, пайызды несие алуға қорықса да басқа еш амалын таппай қалатын сәттері кездеседі. Әйтпесе, пайызды несиенің Алланың харам еткен нәрсесі екендігін білмеген адамның өзі де(дегенмен, ол туралы білмейтін адам жоқ та шығар) бастапқы алған сомадан әлдеқайда артық мөлшерде ақша қайтаруға ықтиярсыз екендігі белгілі емес пе?!

wpDiscuz