26112014Тақырып:

Сіз телехикая көресіз бе?

  

Есін білген жас ба­ла­дан, ақ жаулықты апа­ла­ры­мыз бен ақ сақалды аталарымыздың өз өмірлеріне ру­ха­ни азық ала­тын, са­я­си са­у­а­тын ашып,  тәрбиені сіңірер қайнар көздің бірі – те­ле­ди­дар. Бәріміз бүкіл әлемде және елімізде бо­лып жатқан жаңалықтардан ха­бар­дар бо­лу үшін экранға үңілеміз. Олардың беріп жатқан жаңалықтарының не­ше пай­ы­зы шындыққа жа­на­са­ты­нын кім біліпті, бірі еліміздің жағдайын, ас­та­на­мыз Ас­та­на­ны мақтаудан жалықпаса, біреуі елімізде қылмыстың түрі көбейіп, нашақорлық белең алып, сеніп отырған шенеуніктеріміз жемқорлыққа са­лы­нып­ты деп да­был қағып жа­та­ды. Кейбір ар­на­лар таңның аты­сы­нан күннің ба­ты­сы­на дейін сұр жы­лан­дай ирелеңдеген жар­ты­лай жалаңаш әйелдерге то­лы  бейнеклиптерді көрсетуден, соларға жар­на­ма жа­са­у­дан жалықпаса, көп ар­на­лар оқиғалары бір-бірінен аумай­тын те­ле­хи­ка­я­лар­ды жа­ры­са көрсетеді. Яғни, әр те­ле­ар­на өз «ар­на­сы­мен ағып», өз бағытымен жұмыс істеп жа­тыр, ал біз сол ағылып жатқан арналардың қайсысында жүзіп жүрміз?

Осы көгілдір эк­ран­нан қарша бо­рап жатқан деректердің қаншасы біздің санамызға сіңіп, ақылымызды улап  жатқанын са­ра­лап көрейік. Жаңалықтар мен  бағдарламаларды сы­най­тын, сарапқа са­ла­тын өз саласының ма­ман­да­ры жеткілікті шығар, мен қарапайым көрермен ретінде те­ле­ди­дар­дан үзбей көрсетіліп жүрген те­ле­хи­ка­я­лар­ды сөз еткім келіп отыр.

Ал­ды­мен,  телехикаяның шыққан та­ри­хы­на үңілетін болсақ, ев­ро­па­да бір кездері халықтың ара­сын­да өзін-өзі өлтіру көбейіп кет­кен екен. Билік бұдан шығар жол іздеп,  олардың өміріне қызығушылық кіргізер, сти­мул бе­рер нәрсе іздейді. Ақырында, білгіштер көптеген бөлімдерден тұратын, оқиғалары шиленіскен   шым-шытырық те­ле­хи­ка­я­лар­ды ой­лап та­ба­ды. Оның адамдарға әсері сол, оқиғаның шарықтау шегіне жет­кен­де бір бөлімі бітіп қалады да, екінші бөлімін асықтыра күткізеді. Келесі бөлімдері ту­ра со­лай жалғаса береді. Сүйікті кейіпкерінің тағдыры алаңдатқан адам­дар келесі күнді асыға күтетін бо­ла­ды. Сөйтіп, халықтың өміріне сәл де бол­са қызығушылық енгізіп, адамдардың өзін-өзі өлтіруін азайтқан деседі.

Біздің еліміз де нарықтың қыспағына ұшыраған, қысылтаяң шақта қандай мақсатты көздеп енгізілгені белгісіз, білдірмей кіріп, біртіндеп бүткіл ар­на­лар­ды жа­у­лап алған те­ле­хи­ка­я­лар сол жыл­дар­дан бері халыққа не әкелді. Ең алғаш арналарға «Бай­лар да жы­лай­ды» те­ле­хи­ка­я­сы­мен еніп, халықтың зейінін өзіне аударған се­ри­ал­дар легі  кейін «Қарапайым Ма­рия», «Жа­байы Ро­за» бо­лып жалғасын та­у­ып, дәл қазір нақты са­ны­на же­те ал­май­тын дәрежеге жеттік. Енді осы су­дай ағылып жатқан телехикаялардың қоғамға тигізіп жатқан зи­я­нын, одан кейін бол­са, пай­да­сын тізіп көрейік.

Бірінішіден, телехикаялардың көрермендері жас талғамайды. Бір жанұядағы бес жа­сар ба­ла­дан, белі бүгілген кәріге дейін тап­жыл­май бірге оты­рып көре береді. Он­да бо­лып жатқан ересектердің мәселесі, ба­ла­ны да «ой­лан­ды­рып» қояды. Ол не мәселе дейсіз ғой, то­лып тұрған «ма­хаб­бат», «ойнастық», «зұлымдық», «қатігездік». Ұяттың бәрін жи­ып қойып, сезімдерін сөзбен де, іспен де көрсетіп жатқандары. Бұрын ата ана­лар он­дай нәрсе көрсетіп жат­са, ба­ла­ла­рын басқа бөлмеге жіберіп, қаратқызбай жа­ту­шы еді, енді оның  көптігі соншалық бірге оты­рып та­ма­ша­лай беретін, қалыпты жағдайға ай­на­лып ба­ра­ды. Бұндай істерге ес білгелі көзі үйренген жеткіншектеріміз, есей­мей жа­тып ересектердің ісін істеп жүргендеріне таң қалмай-  ақ қойыңыз. Бұдан кейін, мек­теп жа­сын­да ба­ла та­у­ып, жеңіл жүріске түсіп не­ме­се қылмыс жа­сап жат­са, кімді кінәлаймыз?

Екіншіден, ой­дан шығарылған оқиғалардың, тұрмыс қылмай зинаға ба­ру, бірінің әйеліне бірі ғашық бо­лу, ойнастық, ма­хаб­бат үшін не­ме­се ақша үшін қиналмай кісі өлтіру, өтірік, өсек ай­ту, ерлі зайыптылардың ара­сы­на от са­лу, өз әкесін, ана­сын не­ме­се ба­у­ы­рын жек көру, өлтіру сияқты шым-шытырық оқиғалары адамның са­на сезімін улап, ішкі дүниесін лай­лап жатқаны анық.  Де­не­ге тигізілген зияндардың әсерлері бірден шықпай, біраз уақыт өткен соң, жа­ман ауруға ай­на­ла­ты­ны сияқты, санамызға білдірмей кіріп жатқан улар, уақыт өте ке­ле «жа­ман ауруға» ай­нал­май­ты­ны­на кім кепіл?

Әсіресе, үйде бос отырған ауыл адамдарының ба­с­ты ермегі болған те­ле­хи­ка­я­лар, олардың өмірінің қызығына ай­на­лып, басқа мақсаттарды ұмыттырып жібергендей. Дәл қазір бра­зи­лия, мек­си­ка те­ле­хи­ка­я­ла­ры­нан жалыққан олар ко­рей, түрік те­ле­хи­ка­я­ла­ры­на ден қоя бас­тап­ты. «Бұларда «жа­ман нәрселерді» көрсетпейді, тәрбиелік мәні бар» деп өздерін ал­дау­сы­ра­та­ды. Бірақ, зи­на­ны сыпайылықпен көрсететін ко­рей те­ле­хи­ка­я­ла­ры мен бір-бірінің қанын ағызып, атып, ша­у­ып жатқан түрік телехикаяларының да беріп жатқан пай­да­сы ша­ма­лы.    Ше­тел­ден қаламыз ба, біз де солардың көшірмесі іспеттес, қазақи табиғатымызға жат те­ле­хи­ка­я­лар­ды шығара бастадық. Тапқан пай­да­мыз қазақ пен оры­с­ты үйлендіріп, ор­та­сы­нан «бу­дан» алғанымыз шығар. Орыс демекші, Ресейлік ре­жис­сер­лар сол те­ле­хи­ка­я­лар­дан халыққа тигізер пай­да­сы бар бірен-са­ран те­ле­хи­кая ой­лап тапқаны рас. «Сол­дат­тар», «Кодеттіктер» сияқты те­ле­хи­ка­я­лар шығару арқылы халықтың әскерге баруға де­ген қызығушылығын оя­тып, патриоттық сезімдеріне әсер ете алған екен. Біздің режиссерлардың «құлағына ал­тын сырға».

Біріншіден, елінің болашағын уайымдаған аза­мат ретінде, одан кейін ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-ана болғандықтан, ең ақыры қарапайым телекөрермен ретінде телехикаяның да те­ле­хи­ка­я­сы бар, те­ле­ар­на­лар­дан халықтың са­на­сын өшіретін емес, өсіретін, ба­ла­ла­ры­мыз­ды ада­с­ты­ра­тын емес, ту­ра жолға са­ла­тын, ішкі дүниемізді улай­тын емес, та­зар­та­тын па­ра­сат­ты, салиқалы бейнефильмдерді, те­ле­хи­ка­я­лар­ды тамашаласақ деймін.

Достармен бөлісу:

0

Басқа мақалалар, видео бейнелер:

2 Пікір to "Сіз телехикая көресіз бе?"

  1. Аділ:

    тамаша мақала аудандық газеттерге шығарса дұрыс болар еді

  2. Рахмет:

    Ассалямуалейкум!Өте дұрыс айттыңыз,толықтай сізбен келісемін!ОЯН ҚАЗАҚ ! ! ! бірде хабар тыңдап отырсам теледидардан бір жағдай көріп жылағым келді!Қазахстандықтар Үнді телехикаясы Келіннің бас кейіпкері Анандиді елімізге қонақ қылып шақырып,Анандиге айтар алғысы шексіз!корермендерімен кездестіріп ел аралап жүр!Анандиді кездестірген әжейде мәз мейрам,қуанышында шек жоқ!ҚАЗАҚТАР ОЙЛАНЫҢДАР ӘЛІДЕ КЕШ ЕМЕС!Анандиге жұмсаған қаржының орнына,менің,сіздің, қазақтың жағдайы мүшкіл жасөспіріміне көмек көрсетпеген екен ?!Телеарналарда апаратуралар болады,статистика бойынша нақты уақытта қанша адам қандайда бір телеарна қарап отырғаны,осыларға жүгіне отырып электр тоғына төленген қаражаттың белгілі бір пайызы төленіп отырады.нақтырақ айтқанда халық төлейді,пайда келсе болғаны сериялдарға әліде уланамыз!Ояныңдар,қарамаңдар,жастарға көрсетпеңіздер!нәфсіні жеңіп қана түзелуге болады!

Жауап беру

Жіберу

Spam Protection by WP-SpamFree