«Майданда» мақала.кз сайты

Жарнама

Ғаламтордың пай­да­сын айтсақ, шаш етек­тен. Ал, зи­я­нын бүгінгі тақырыптың зердесінен ысыралық. Дұрыс, әуелі қай нәрсенің бол­ма­сын екі жағын та­ра­зы­лап алмасақ, ар­ты­нан ор­ны тол­мас олқылыққа ұрынып, опық жейтініміз анық. Сол себепті де біз ин­тер­нет­тен ке­лер пай­да­ны ғана иіріп алу жағын қарастырдық, басқасынан бұрын әрине. Айталық, жер жаһанды жайлаған ғаламторсыз бүгінгі жұмысымызды әрбір қимыл-әрекетімізді көз алдымызға елес­те­те ал­май­мыз. Он­сыз мүмкін емес. Қай ме­ке­ме­ге бас сұқсаңыз да ғаламтордың қызметін пай­да­ла­на­ды. Бірлі жа­рым бол­ма­са, жасың мен жасамысың да сол жаһандық тех­но­ло­ги­я­ны терең меңгерген де­сек, қателеспеспіз. Кеңес кезін тілге ти­ек ет­пе­сек, тіл қышидының кері шығар. Коммунистік кезеңде күнде бұзылатын компьютердің тілін сындырғанымызбен, ғаламтордың қызығын сол тұста көрген шетелдіктермен иық қағыстыру түгіл, ілесудің иісі мұрнымызға тіпті кел­ме­ген еді. Біздің басқаны яғни, шетелдіктерді басыңқырап ай­тып отырғанымыз әйтеуір, өзгеге өзеуреп құлай берілу емес, ақиқатты айт­пай, ат­тап өткенді жөн көрмедік.

Ал, қазір Құдайға шүкір, тәуелсіздікке қол жеткізген соң мұң болған дүниелердің мұрнынан сүйреп жүрміз өзіміз-ақ. Қазақ ба­ла­сы ком­пью­тер бы­лай тұрсын, интернетті идіріп, иіріп әкетті. Ра­сын­да, өнер, білімі баяғыдан бар жұрттардың, со­ны­сы­мен зор жұрттардың техникалық жетістігіне көз сал­мау, үлгісінен үйренбеу алысқа апар­ма­са ке­рек-ті. Әсіресе, ел еңсесін көтеретін за­ма­нуи озық ісіне тоң мінез, томаға-тұйықтық ұстаным жа­рас­пай­ды, ол тек тоғышарлық тоқырауға тірейді. Осы­ны білген, техниканың тілін жетік меңгерген білікті жур­на­лис­тер ғаламтордан қазақша сайт­тар мен блог­тар ашып, ана тілімізде сай­ра­тып қойды. Солардың бірі www.makala.kz сай­ты. Сайт ұлттық мәселені көлденең тартқан көпшілікке ой саларлық келелі мақалалардан кен­де емес. Тәй-тәй басқан қадамдары қарқынды, істері та­бан­ды. Лай­ым осы бағамды бағыттарынан тан­ба­сын дейміз. Біздің тілек осы.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

2 Пікір на "«Майданда» мақала.кз сайты"

avatar
қазҰзақ
Қонақ
ТЕКТІЛІГІМІЗДІ ТАНЫТЫП ТЕГІМІЗДІ ТҮЗЕЙІК ОВ,ЕВ,ИНдерден қайтсек құтыламыз? Осы бір тақырып Ақмет Байтұрсынұлының бастауымен 1915 жылдан бері жазылып келеді ,оған үш жылдан соң 100 жыл болады.1996 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» жарлығы шықты.Бұл Жарлықта «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып,өзгертуге хақылы,алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс.Бұл реттеәкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері бірге жазылады» делінген.Осы арада азаматтардың аты-жөнінің «ұлы», «қызы» деп нақтылы бір жүйеге түсірілгенімен,тегін жазудағы бір ізділік… Толық оқу »
Ахбетова Лағыл
Қонақ
Отбасым — алтын діңгегім Отбасы – ол біздің шағын ғана жанұямыз. Отбасы деген сыйластықтың, жарастықтың, ізгіліктің болуы. Отбасымыз ол біздің барлық өміріміздің мәні.Әрқашанда ата – анаң, туған- туыстарың қандай да жағдай болмасын ақыл айтып, қол ұшын соза көмекке келер. Сенің әрбір жеңісіңе олардан сенімен бірге қуанар. Ата-ана бізге өмірде деген дұрыс бағыттың нұсқауын көрсетер жандар. Ата-анамыз бізге дүниеге келген сәтімізден тек өзінің жылулығымен, махаббатын сыйлады. Ата – анам мен үшін әрқашанда бірінші орында болар. Себебі отбасының жылулығын сезінбеген, көрмеген де бүлдіршіндер бар. Солардың өмірлеріне қарай отырып бізде бақыт үшін барлығы бар екенін түсінемін. Адам баласы барлық заттың қадірін жасы ұлғаған… Толық оқу »
wpDiscuz