Шашыңды сарыға бояма, қалқам

Жарнама

Ақтөбеге, Алматыға бар­сам кілең са­ры шаш­ты  қыздарды көремін. Орыс екен  деп қаласың. Көзіне қарасам қаракөз  қазақ қыздары. Ша­шын сарыға  бояғанымен  көзін көкке бо­яй алмаған. Қазіргі қазақ қыздары орыс әйелінің  ролін  ой­нап  жүрген әртіс сияқты. Тіпті қазақ жігіттері де ша­шын сарыға  бо­яй бас­тап­ты.  Өзгеге  еліктеу о бас­та  надандықтан  бас­тау алған. Біз қазақ Ресейдің  ота­ры едік.  Бізде  билік  бол­ма­ды. Бүкіл  Ре­сей  империясының  көлемінде көзі көк,  ша­шы са­ры  орыс халқы  билік жүргізді. Бұратана ұлттарды менсінбеді. Бізге қазақ де­ген  ат­ты қимай  ба­ран деп  қорлады.  Бар билік орыс­та болғандықтан орысқа ұқсасақ  бізге  де  билік  ти­ер ме екен  дедік  пе сөзіміз ұқсамаса да өзіміздің ұқсағымыз келді. Ұлттық  киімдерімізді  талақ етіп орыс­ша киіндік.  Әйелдеріміз әдемі  бұрымдарын қиды. Ша­шын  сарыға бо­яды. Қазақша сөйлеуге ар­ла­нып орыс­ша шүлдірледік. Қазақы ата-ана­ла­ры­мыз­ды менсінбедік. Иә, біз на­дан  едік….

Ревалюцияның алғашқы жыл­да­рын­да ша­шын қиған, орыс­ша киінген қазақшаға су­дай та­тар қыздары қазақ мектептерінде мұғалім бол­ды. Жастардың жа­ны қашан да жылтыраққа құмар ғой. Қазақтың зи­я­лы жас­та­ры та­тар қыздарына үйлене бас­та­ды. Ал Мәскеуде, Пе­тер­бор­да, Ом­бы­да оқыған Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Әуезов, Ж.Ай­мау­ы­тов, С.Сәдуақасовтар орыс қыздарын ал­ды. Өкініштісі орысқа үйленген азаматтардың ар­тын­да  қазақы ұрпақ қалмады. Өзге ұлтқа  үйленгендердің кейін бармағын тістегендерін де көрдік. Өзім білетін бір аза­мат. Үлкен-үлкен қызметтер атқарды. Әйелі орыс еді. Ба­ла­сы орысқа үйленді. Қызы  нег­р­ге тиіп кет­кен күні өзі бу­ы­нып өлді. Жастықпен өзге ұлт өкілдеріне қосылғандардың көкейінде: «Маған бір қазақтың  қызының  бұйырмағанын  айт­сай­шы» де­ген  өкініш  өзімен бірге көрге кіреді екен. Жа­сы алпысқа кел­ген­де Ғ.Мүсірепов  ағамыз  та­тар кемпірін тас­тап  қазақ қызына үйленді. 1982 жы­лы Та­ха­уи Ах­та­нов Қарабұтақтан Шалқар ауданындағы туған жеріне ба­ла-шағасымен ке­ле жат­ты. Шалқар  ауданының  ше­ка­ра­сы­нан күтіп алдық. «Шетырғыз» сов­хо­зын­да  үш күн бірге болдық.Мұндайда  ай­тыл­май­тын  сөз қалмайды. Сөз ара­сын­да Гүлшара жеңгеміз: Та­ха­уи  маған кейігенде «та­тар, ты­ныш отыр дейді» деп Тахаңа өкпесін бізге қарап оты­рып айт­ты. Сон­да біз Тахаңның көңілінде қазақ қызына үйлене алмаған үлкен бір  өкініштің бар екенін аңғардық.

Ұлы Мұхтар Әуезовте қызы Ләйләға: «Шырағым, Ләйла! Мен шешеңе қиын-қыстау кезеңде үйлендім. Маған құдалыққа  бір қазақты  ертіп келмесең мені ыр­за бо­ла­ды екен де­ме» депті ғой. КС­РО-дан  та­рап тәуелсіздік алған елдердің бәрі өз ұлтын, өз дінін, ділін, тілін, дәстүрін дәріптеуде. Тек біз ғана өзгеше  сай­рап жүрміз. Есікті айқара ашып тас­тап ек, ше­тел жа­мы­рай кірді. Қыздарымыз шүршікке, ше­шен­ге, ағылшынға күйеуге шыға бас­та­ды. Осы біз елміз бе? Қыздарымызды қызғанбаймыз ба? Ар­лан­бай­мыз ба? Қорланбаймыз ба?Қорғамамаймыз ба? Қазақ өз ал­ды­на  ел бо­ла ал­май­ды  де­ген  өсектен  арылғымыз кел­мей ма? Бой­ы­мыз­ды не­ге тіктемейміз?

Қаракөз қарлығаштарым! Орыс орыс бо­лып туғанына  мақтанады. Неміс неміс бо­лып туғанына. Бізге  не көрінді. Қазақ бо­лып туғанымызға не­ге мақтанбаймыз.  Қазақ төрт құбыласы тең ке­нен ұлт. Ақпейіл адал, мейірімді, жо­март халық. Қазақтың  қызы қандай сұлу. Ақша бет қара шаш, қара қас, қара көз, қара мең… Осы­дан  артық сұлулық  бо­ла ма? Қазақ әйелінің  жа­ны  қандай сұлу. Ақын Жұбан Молдағалиев:

Мен қазақ әйеліне қайран қалам
Жайнаған, жадыраған, жайраңдаған-
деп қазақ әйелінің  бағасын беріп еді ғой.

Айнамкөз асыл­зат­та­рым! Өзіңе та­бын! Өз анаңа  та­бын! Өз жұртыңа та­бын! Өз халқыңнан  қымбат ештеңе жоқ. Өзіңнен  көрікті де көркем әйел  за­ты жоқ. Ұлттық дәстүріңді сақта. Ашық-шашық  жүрме. Қазақ қызының қасынан өзге жұрттың  жігітін көрсем сол күні  тамаққа тәбетім бол­май­ды. Көңілімді мұң ба­са­ды. Өзге  жұртқа кет­кен қыздарымызды бақытты дей ал­май­мын. Кубаға, Нигерияға, Иранға  кет­кен  қыздарымыз 5-6 жыл­да қайтып келді. Әлгі «сүйдім, күйдім» де­ген ма­хаб­бат­та­ры қайда? «Ма­хаб­бат  тоз­бай тұрмайды, еңбекке аз күн  та­ты­мас» деп Абай ата­мыз айт­пап па еді. Дәстүрі бөлек, түсінік-та­ны­мы бөлек басылған кез­де әркім өз жұртын аңсайды екен. Алып-ұшпа сөзім тез сөнеді. Махаббатқа да бай­сал­ды мінез ке­рек. Кейін не бо­ла­ды ақылға салған дұрыс.  Қазір те­ле­ди­дар­да жалаңаш ән са­ла­тын қыздар көбейіп келеді. Оған ұлт екенімізді ұмытқан те­ле­ди­дар бас­шы­ла­ры кінәлі. Омы­ра­у­ын, кіндігін, арқасын ашқан кейіптерін көргенде аузым­нан «көргенсіздің қызы» де­ген сөз еріксіз шығып кетеді. Өзім әнін сүйіп  тыңдайтын  көркіне көз то­я­тын Б.Н. де­ген сұлу қызымыздың сахнаға жалаңаш шыққанын көргенде бұрынғы «ма­хаб­ба­тым­нан» түк  қалмады.

Те­ле­ди­дар халыққа үлгі. Жас­та­ры­мыз те­ле­ди­дар­дан көргенін істейді. Қазір ауыл­да да омы­ра­у­ын жалаңаштап, кіндігін, арқасын, кіндігін ашып жүретін қыздар, келіншектер көбейіп ба­ра­ды. Тіпті кіндігін ашып жүру сәнге ай­нал­ды. Омы­ра­у­ын, кіндігін ашып  жүретін қыздарға  үлкендер тіктеп қарай ал­май­ды. Ұят! Ал олар­да «мұным ұят-ау» де­ген сезім жоқ. Иә, ұят адам­нан біртіндеп жоғалады. Әуелі қыз ба­ла көшеге мәйкі киіп шығады. Бұған да ешкім ештеңе демейді. Кімде кімнің не ша­руа­сы бар. Де­мек  бұл ұят емес. Со­сын омы­ра­у­ын, кіндігін ашып  шығады. Бұған да ешкім ештеңе демейді. Он­да бұл да ұят емес екен. Осы­лай қыз ба­ла бір күні ұяттан түгел ары­ла­ды.  Мы­на бір қызға қараңдар. Кіндігін ай­нал­ды­ра шеңбер сы­зып ішіне  не­ше түрлі қарала, көкала су­рет салған. Құдай-ау не­ге ұқсайды? Бүкіл ба­ла соның кіндігіне қарап қалған. Кейбір ба­ла кіндіктегі суретті ұстап көріп жа­тыр. Кім қызының  жалаңаш  жүргенін жақсы көреді. Ата-ана­сы  айт­пай­ды дейсің бе. Ең қиыны қазір ата-ананың тілін ал­май­тын ақылсыз ұрпақ өсіп келеді.

Ах­мет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін  бір топ жалаңаш қыздың қор қылғанын  көрдіңіз бе. Жалаңаш қыздарды көргенде әнді ұмытасың. Бұлт-бұлт ет­кен жалаңаш мүшелеріне қарап «мәз» боласың. Мәз боласың деймін-ау, керісінше ар­лы аза­мат ұлтының келешегін ой­лап қан жұтар еді.

Бүгінгі  «Қазақстан»  телеарнасындағы «Той­бас­тар» де­ген ой­ын-сауықсымақ бар. Жақында үш жалаңаш қыз «Мұңайма» әнін орын­да­ды. Бұл ән емес қыздардың жалаңаш тәнін көрсету ой­ы­ны бол­ды. Қос ана­ры  салпылдаған, көйлегі қақ жарылған  бұтындағы екі елі плав­ка­ны көз алдымызға то­с­ты. Аяғымен ас­пан­ды теуіп се­кек­те­ген­де әлгі «екі елісі» ұшып бетімізге ти­ер­дей бұғып отырдық. Құдай сақтасын, Қазақстанды мұсылман  елі деп қалай айтуға бо­ла­ды. Көргенсіздіктің  мұндай түрін өмірімде көрмеппін.

Қыздар  жалаңаш жүрсек жігіттер қызығады деп ой­лай­ды. Ойбүй, ай­на­лай­ын! Жігіттер жалаңаш қыздарға «бой­ы­нан ұяты кет­кен» деп  жиіркенішпен қарайды ғой. Жалаңаш  қыздар өмірде жігіттердің мазағы бо­лып қалады. Олар­ды ар­лы жігіт ал­май­ды. Қай қазақ  қасындағы әйелінің жа­сы­ра­тын жері қалмай абы­рой­ын  ашып тұрғанын жақсы көреді.  Әлде жалаңаш  жүру мәдениеттілік пе? Он­да мәдениетті бо­лу  қиын ша­руа емес екен ғой. Жақында  бір га­зет­тен Нұрғиса Тілендиевтің  мәдениет ту­ра­лы  сөзін та­у­ып ал­дым.  Нұрекең бы­лай депті: «Біздің  мәдениетіміз жаңағыдай  тыржалаңаш би би­леп, тыржалаңаш ән са­ла­тын адам­дар кел­ген­де өледі»

Әруағыңнан ай­на­лай­ын, Нұрекем. Бұдан артық не дейсің. Өзбекстан, Түрікменстан те­ле­ди­да­рын көресіз бе. Ха­бар та­за өз тілдерінде. Омы­ра­у­ын ашып жүрген әйел за­тын  көрмейсің. Ұлттық  дәстүрлеріне ден қойған. Ру­хы биік. Бұлардың бұзақ жігіттерінің өзінде ұлттық на­мыс бар. Омы­ра­у­ын, кіндігін ашып жүретін қыздарды көшеде ұрып кетеді екен.

Қадірлі қарақтарым! Қазақ қызының жезөкше болғаны сүйекке түскен таңба. Олар нан та­ба ал­май жезөкше бо­лып жүр ме? Қазақ әйелдері кешегі  орыс-гер­ман соғысы жыл­да­рын­да  бір үзім  нан та­ба ал­май  жүріп  арын сақтады ғой. Жағдайымыз сол кездегіден жа­ман ба. Жоқ, бұлар нан та­ба ал­май жүрген жоқ. Жеңіл өмірді жақсы көретіндер. Болашағын ұмытқандар. Жар бо­лу, ана бо­лу бақытынан айырылған сормаңдайлар.  Бір  жезөкше қыздың өз әкесін өлтіріп ке­лу­ге бес мың дол­лар  беріп адам  жалдағанын те­ле­ди­дар­дан көрдік қой. Арын са­тып жезөкшелікпен байыған  қыз. Ал бұларға ша­ра қолдануға бол­май ма? Жезөкшеліктен ауру та­рай­ты­ны  белгілі, Ал бұл  қылмыс емей не­ме­не? Сөйтсек бізде жезөкшелікпен күресетін заң жоқ екен. Жезөкшеліктің өршігеніне 15 жыл бол­ды. Заң шығаруға он бес күн же­тер еді ғой.  Менің қолымда бол­са  жезөкшелерді  теледидардың ал­ды­на тізіп қойып «Мы­нау кімнің қызы?» деп бетін  тілер едім.

Адам ар-ұятымен қымбат. Мен өмірден қалып қойған адам емеспін. Менің осы қазақ қыздары ту­ра­лы ой­ым жи­ыр­ма бестегі жігіттің  ой­ы­мен  бірдей шыққаны бар. Те­ле­ди­дар­да «Ән мен әнші» ха­ба­ры жүріп жа­тыр екен. Қонақ әнші Тоқтар Серіков. Жүргізуші  Тоқтарға «Қазіргі әншілерге қалай  қарайсың?» деп еді. Тоқтар мұрнын кіржитіп: «Бойыңда қазақ қызының ибалығы жоқ жалаңаш қыздардың әнін  тыңдамаймын, атын да білгім келмейді» дегені. Жас жігіттің пікірі жетпістегі  менің пікіріммен бірдей болғанына қуанып қалдым. Ау, қазақпыз ғой. Әдептілік пен ибалықты  сүю қанымызда бар.  Жалаңаш жүруді ұрпағымызға өнеге етпейік. Те­ле­ди­дар­ды бетімен  жіберуге бо­ла ма?

Кешіріңіз, ағайын! Бірін ай­тып біріне кеттім бе. Әңгіме  шаш ту­ра­лы еді ғой. Қытайдың, Жапонияның  ки­но­ла­ры­на қараңызшы. Мөлдей қара ша­шын төгілдірген әдемі қыздар. Бұлар ша­шын сарғайтуға  бо­яу тап­пай жүрген жоқ. Қара  ша­ша­тан әдемі  шаш бо­ла ма де­ген ұлттық та­ным, ұлттық на­мыс бар. Құдай жасаған өз кейпі ғой. Өзгеге  ұқсағысы келмейді. Менің екі қызым да ша­шын сарыға бо­яды. Со­дан ша­шын  сарыға бо­яу, өз кейпінен жи­ре­ну, өзгеге еліктеу,  өзінен қорыну надандық екенін ай­тып түсіндірдім. Түсінді. Шаш­та­ры қара қалпын тап­ты.

Автор: Мәндібай Төрежан


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

5 Пікір на "Шашыңды сарыға бояма, қалқам"

avatar
Бақыт
Қонақ

Жақсы сайт. Ойға түйер нәрселер көп екен.

Sauirbek
Қонақ

Alla razy bolsyn sizge!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Айнұр
Қонақ

Өте орынды жазылған! Жалаңаштанып киелі сахнаның сәнін бұзған әншілерге тәрбие боларлық мақала екен. Жалаңаштану иманның әлсіздігінен туады. АЛЛА ТАҒАЛА баршамыздың иманымызды әлсіретпегей! Иманды, арлы болайық ағайын!

Ақмерей
Қонақ

Қазақтың қамын қазақ ойлайды. Қай ұлтты көрдіңіздер қазақтың қамын ойлап жүрген? оның ішінде қазақ қыздары туралы….. Расында, «қазақ қызының тәрбиесі» ол ойыншық емес.

Сымбат
Қонақ

Ой салатын, жүректен шыққан сөздер…

wpDiscuz