Селқостықтың жемістері

Жарнама

«Қоғамды құртатын күнә жа­сай­тын адам­дар емес, бәлкім соларға селқос қараған адам­дар құртады» 
Да­на сөз.

ravnodushieОсы біз, селқос бо­лып ба­ра жатқан жоқпыз ба? -деп өзімнен бір күні сұрадым. Селқостық, немқұрайлы сөздері бір-біріне ту­ыс­тас бо­лып келеді ғой. Со­сын осы сұрақтың дұрыс(объективті) жа­у­а­бын та­бу үшін ай­на­ла­ма көз жүгірттім……

Күннен-күнге құлпырған қаланың көшелері, сол көшелерді жағалаған зәулім ғимараттары мен түрлі түсті бояуларға сәнделген дүкендері көзге түсті. Я…нен­дей ке­ре­мет! Қарасаң көніліңе қуаныш ұялатады. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа со­зыл­ма­ды. Сол көше бой­ла­рын­да де­не­ге жабысқан сүліктей құшақтасып сүйісіп тұрған жас­тар­ды көріп, бөтелкені құшақтап, аузын­да бықсыған темекісі бар кетіп ба­ра жатқан ұл-қыздарымызды көріп, бағанағы қуаныштан еш нәрсе қалмады. Бұндайды көргеннен кейін қалайша қуанасың.

Ия, шындығында, имандылықтан, ұйяттан жұрдай болған адам­дар қоғамызда көп. Олар ас­пан­нан сал­бы­рап, я бол­ма­са басқа пла­не­та­дан келіп жатқан жоқ қой?! Олардың осын­дай бо­лу­ын біз өзіміз жа­сап жа­тыр­мыз. Егер біз селқос болмасақ, жас­та­ры­мыз осы­лай­ша бұзылып, дүкендерімізде темекі мен арақ ша­рап са­ты­лар ма еді? Қыздарымыз ақша үшін көріңгенін ойыншығы бо­лар ма еді? Түрмелерді қылмыскерлерге тол­ты­рып, көшелерде бұзақыларды жүргізіп, жетімханалар мен қарттар үйін сал­ды­рар ма едік?

Я, рас, селқостық бізді осын­дай жағдайға алып келді. Адам­дар ұйятсыздықты, әділетсіздікті және жа­ман күнә істерді көріп «бұл Де­мо­кра­тия», я бол­ма­са «біреуде не шаруаң бар» деп ай­та­ды. Балаларамызға «көрсеңде көрмедім деп айт» деп ақыл на­си­хат береміз. Япы­рай! Өз за­ма­нын­да осы елдің келешегін зарлаған Абай мен Ыбы­рай ба­ба­ла­ры­мыз көрсе ғой қазіргі біздің жағдайды.

Осын­дай кез­де «Енді не істейміз? Бұдан қалай құтыламыз? Бұдан шығар жол қандай?» де­ген сұрақтар ту­ын­дай­ды Әр аурудың емі бар де­ген­дей бұнында жалғыз ғана тиімді емі бар. Бұл қасиетті Құран мен Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың асыл на­си­хат сөздері бо­лып та­бы­ла­ды. Еліміздің асыл діңгегі болған Ис­лам дініміз біздерді селқос болмауға үйретеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Сен­дер­ден қайсы біреулерің жа­ман істің жа­са­лып жатқанын көрсе қолымен тый­сын, егер оған ша­ма­сы кел­ме­се, тілімен ай­тып тый­сын, егер оғанда ша­ма­сы кел­ме­се ол (жа­ман) істі жүрегімен жек көрсін, бұл иман­нын ең төмен деңгейі», тағы бір хадисінде: «Жамандық жа­са­у­шы­лар мен жамандақтан қайтарушылардың мы­са­лы, бір ке­ме­де кетіп ба­ра жатқан адамдарға ұқсайды. Кеменің астыңғы қабатындағы кісілер су алу үшін үстіңгі қабатқа шығып алып ту­ра­тын. Бір күні олар:«үстіңгі қабаттағы кісілерді ма­за­ла­май, ас­ты­мыз­ды тесіп су алайық» деп шешім қабылдаған еді. Со­дан кейін Пайғамбарымыз сөзін жалғастырып:  «Егер үстіңгі қаббатағы кісілер астынғы қабаттағы кісілерді тоқтатпаса, он­да барлығы суға ба­та­ды» деп айтқан еді.

Осы­лай­ша асыл дініміз селқостықпен күреседі. Біз күнә не­ме­се ұйятсыздық істерді көргенімізде қысылмай, ұйялмай дұрысын ай­тып, қолдан келіп жат­са тосқауыл қоюымыз ка­жет. Міне осы­лай­ша өзіме қойған сұрағыма жа­у­ап іздедім.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz