Қадыр түнінің қасиеті

Жарнама

Қадыр түнінің қасиетіАйлардың сұлтаны болған қасиетті ра­ма­зан айының да бітуіне аз күндер қалды. Ал­ды­да түндердің пат­ша­сы са­на­ла­тын қадыр түні келіп қалды. Мың ай­дан да хай­ыр­лы болған Қадыр түні мұсылмандар үшін ерек­ше түн. Бұл түн жөнінде Құранда:

«Ра­сын­да, Біз оны (Құранды) Қадыр түні түсірдік. Ал, саған Қадыр түнінің не екенін не білдіреді? Қадыр түні мың ай­дан да артық. Ол кез­де Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем!» («Қадр» сүресі 1-5).

Сон­дай-ақ: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түні түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні, Біздің әмірімізбен барлық да­на істер шешіледі» («Ду­хан» сүресі , 2-5).

Алланың елшісі (с.ғ.с): «Аллаһ ал­дын­да ең құнды түн – қадір түні» депті.

Бұл түннің қасиетіне тоқталсақ: Құран Кәрім толық күйінде «Ләухул Мах­фуз­дан» дүние көгіне, Бәйтул Иззәтқа Қадір түні түскен, бұл түні жасалған құлшылық 83 жылға та­тый­ды және бір жылдық тағдыр белгіленеді. Қатада ат­ты ғалым: «Бұл түні, келесі жыл істерінің тағдыры жа­зы­ла­ды», – дейді  Ал­ла тағала бұл түні мүмін құлдарына ра­хы­мын төгіп, кешірім сый­лай­ды, Бұл түні Жәбірейіл періште  мен көптеген періштелер жер бетіне түседі. Алланың елшісі (с.ғ.с) бы­лай де­ген: «Шын мәнінде, Қадыр түні жер бетінде, періштелер ұсақ тас­тар­дан да көп бо­ла­ды» Имам Хамд ибн Ах­мад: «Бұл түні жер бетіне түскен періштелердің көптігі сон­ша – жер беті періштелерге сый­май кетеді» де­ген.

Өкінішке орай, көпшілігіміз осы түннің қасиетін терең түсінбегендіктен, ол түнді қалай бол­са со­лай өткізіп жа­та­мыз. Мы­са­лы, "ұйықтамасам бол­ды" де­ген ни­ет­пен те­ле­ди­дар ал­дын­да телміріп оты­ру,  не дас­тар­хан­ды дәмді асқа тол­ты­рып, со­ны ішіп-жеп таң атқызу т.с.с. Ал бұл түннің қасиеті ту­ра­лы Алланың елшісі (с.ғ.с): “Ра­сын­да, сен­дер­ге бұл ай келді! Он­да, мың ай­дан да артық бір түн бар. Сон­да кім ол түннен мақрұм қалса, оның барлық игілігінен мақрұм қалады”, де­ген. Және де Қадір түнін қалай қарсы алу керектігін де үйретіп кет­кен. Алланың елшісі (с.ғ.с) бы­лай деді: «Кім Қадыр түнін, иман келтірген және сауапқа үміт ет­кен күйде на­маз оқып өткізсе, алдыңғы күнәларының барлығы кешіріледі». Сон­дай-ақ Ай­ша ана­мыз пайғамбарымыздан (с.ғ.с) : «Әй, Алланың елшісі, егер мен Қадыр түнінің келгені ту­ра­лы білсем, не ай­ту­ым ке­рек?» деп сұрағанда. ол: «Аллаһумма, иннәкә ъа­фу­ун, тұхиббул ъа­фуа, фа­ъ­а­фу ъан­ни» (Уа Аллаһ! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!),  де­ген.

Яғни, бұл түнде на­маз оқып, тілек тілеу, Аллаһқа жал­ба­ры­нып, кешірім сұрау, Құран оқу сияқты құлшылық амал­да­рын жасаған жөн . Әсіресе қаза на­маз­да­рын оқыған абзалырақ.  Ха­физ Ибн Ра­жаб: «Әй, өзінің өмірін еш пай­да­сыз өткізген адам! Жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін, Қадыр түнін қолданамын. Ра­сын­да, ол түгел өмірге тең!», – деп айтқан.

Қадыр түнінің нақ қай түні екені белгісіз. Тек Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене оты­рып оны ша­ма­мен білеміз:

«Қадыр түнін рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер.» «Қадір түнін рамазанның соңғы он күнінің 21, 23, 25, 27 және 29 секілді тақ түндерінен не­ме­се рамазанның соңғы түнінен іздеңдер. Са­у­а­бын ой­лап қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.»

«Қадір түні рамазанның 27 түні».

Ал­ла елшісі (с.ғ.с) соңғы он түннің бәрінде де құлшылықта болған. Бұл ту­ра­лы Ай­ша: «Рамазанның соңғы он күні кел­ген­де, Ал­ла елшісі (с.ғ.с) түндерін на­маз­бен өткізген, от­ба­сы мүшелерін оятқан және құлшылықтарында ерек­ше ын­та танытқан», – де­ген

 Де­ген­мен, Қадыр түнінің белгілері бар:

 Ал­ла елшісі (с.ғ.с) Қадыр түнінің белгілері ту­ра­лы бы­лай айтқан: «Қадыр түнінің белгісі – та­за және жарық, ол түні ай ма­сат­та­нып (жарқырап) тұрғандай бо­ла­ды. Бұл түні, таң ат­пай­ын­ша жұлдыздар атуға рұқсат етілмейді. Оның және де бір белгісі: таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу бо­лып шығады, әрі шайтандарға оны­мен бірге шығуға рұқсат етілмейді».

 Хазреті Убәйд бин Омардың ай­тып бергені: Қадір түнінде теңізге түскен едім. Су­ын ішкенімде тұзды емес еді, тұщы және жағымды еді.

Ха­дис­тер­де бы­лай бұйырады:

«Қадыр түні ас­пан ашық және жағымды бо­ла­ды. Суық және ыстық емес, таңертеңгісін күн қызарып ту­а­ды.

«Қадыр түнінің таңында күн шуақсыз ту­а­ды. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді бо­лып көрінеді.»

Жы­лы­на берілген  бір мүмкіндікті қалт жібермей, осы түнді құлшылық пен дұғамен өткізумізді Аллаһ нәсіп етсін.

Сар­ба­ла Гүлнұр


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz