Моңғолдық «Троя»

Жарнама

Бірнеше жыл бұрын «Троя» та­ри­хи блокбастерінің әлемдік ки­но­премь­е­ра­сы бо­лып өтті. Бұл голливудтық өнім оны жасаушыларға көптеген мил­ли­он дол­лар және ора­сан зор атақ-даңқ әкелді. Міне, со­лай әлем дүние жүзі тарихындағы қызықты эпизодтардың бірі – грек мемлекеттерінің Тро­я­мен күресі ту­ра­лы ха­бар­дар бол­ды. Неміс ар­хео­ло­гы Шлиманның көне Троя тас­тан­ды­сын ашқаннан кейін аңыздар аясындағы (Гомердің «Или­а­да­сы») Троя соғысы та­ри­хи шындық раз­ря­ды­на ауы­с­ты.

Қане, осы әйгілі соғыстың қысқаша мазмұнын есімізге түсірейікші: Тро­ян патшасының ба­ла­сы Па­рис Спар­та патшасының әйелі Еле­на­ны (өз еркімен!) алып қашады. Оның алданған күйеуі Трояның жап-жас ұрлықшыдан өз әйелін тар­тып алмақшы бо­ла­ды, әрі өзін ашуландырған жігіттің мемлекетін де (алдағы уақытта трояндықтар өзгенің әйеліне көз тікпестейтіндей етіп) жазаламақшы бо­ла­ды. Ол өз туының ас­ты­на барлық грек билеушілерін шақырады, со­дан соң ала­мат грек әскері Кіші Ази­яда қазіргі Түркия жерінде орналасқан Троя жеріне жүзіп келеді. Бұл соғыстың нәтижесі – өркендеп ке­ле жатқан және ғажайып бай транзиттік мем­ле­кет – Трояның құлауы.

Бірақ та­рих­шы­лар әлемнің әртүрлі халықтарының тарихындағы бұндай мысалдардың түрін біледі. Мәселен, 1180 жы­лы нәтижесінде Моңғол империясының құрылуына сеп бер­ген оқиға орын ал­ды. Бы­лай­ын­ша алғанда бұл оқиға қарапайым оқиғалардың бірі бо­ла­тын: меркіттер беделді бірақ ке­дей моңғол Темуджиннің көшпенді ауы­лы­на ша­бу­ыл жа­сап оның жас әйелі Бөртені алып кетеді. Міне, осы­дан бәрі бас­та­ла­ды… Ал енді бәрін рет-ретімен айтайық.

Бұл моңғолдық «Троя соғысының» еріксіз себебі 20 жыл бұрын Темуджиннің әкесі Есугейдің Оэ­лун де­ген қызды алып қашуы бо­ла­ды. Бұл моңғолдар үшін ауыр уақыт бо­ла­тын. Олар чжур­ч­жень­дер­мен (Кинь қытай ди­нас­ти­я­сы) және олардың Ұлы Даладағы одақтастары та­тар­лар­мен аса қатігез және бергісіз соғыс жүргізіп жатқан еді. Бұл соғыстың қатігез болғандығы сон­ша­ма, та­тар­лар моңғол ха­ны Амбағайды үйлену той­ы­на ал­дап түсіріп, оны Қытайға азап­тап өлтіруге (ағаш есек­ке тірілей қағып тас­тай­ды) алып кетеді. Ша­ма­мен осы уақытта Амбағайдың жас жиені Есу­гей ба­тыр Онон жағалауында құс атып жүріп кездейсоқ ішінде өте жас және әп-әдемі Оэ­лун де­ген қыз отырған ар­ба­ны көріп қалады. Ал оның қасында меркіт тай­па­сы­нан шыққан күйеуі Еке-Чи­ле­ду бар бо­ла­тын. Есу­гей тез ара­да үйіне ба­рып өзімен бірге екі ағасын ертіп келеді. Олар үшеулеп меркіттің қалыңдыңын тар­тып ала­ды. Еке-Чиледудың өзі астындағы атының жылдамдыының ара­сын­да ғана қашып құтылады.

Ия, сол бір қатігез уақыттарда бұл жай ғана қалыңдықты алып қашу әрекеті бо­ла­тын, де­ген­мен, сол уақыттың өзінде де қалыңдықтың өзінен сұрап, келісімін алған дұрыс бо­лар еді. Бірақ бұл бол­ма­шы ұсақ-түйекепен олар са­нас­паы да, сөйтіп Оэ­лун Есугейдің бірінші әйелі бо­лып қала берді. Есу­кей бұл кез­де оның бұл әрекетінің кесірі көптеген жыл­дар кейін оның сүйікті ұлы Те­муд­жин­ге тиетіні ту­ра­лы ойламаған да еді.

Міне, он жыл­дай уақыт та өте шықты, моңғолдың беделді әскербасшысы Есу­гей өзінің тоғыз жа­сар ұлы Те­муд­жин­ге хон­ки­рат руының ру­ба­сы Дэй-сэченнің он жа­сар қызы Бөртеге құда түсіп жа­та­ды. Болашақ күйеу ба­ла­сын болашақ қайынатасы жақсы қарсы ала­ды. Жаңадан құдаласқан құдасына ол Те­муд­жин ту­ра­лы бы­лай дейді: «Оның көз қарасы – от, ал жүзі – таңсәріге (таңғы шапағат) тең». Кішкентай Бөрте де атақты моңғол ба­ты­ры­на келін ретінде ұнайды. Екі жақ та ризашылықпен құдаласады. Ба­ла­сын хон­ки­рат­тар ауы­лын­да тас­тап ба­ра жатқан Есу­гей құдасынан тек бір нәрсені өтінеді: «Ба­лам­ды ит­тер­ден сақтай гөр. Ол ит­тен қатты қорқады». Бұл өтініш шы­ны­мен-ақ біртүрлі өтініш. Бұл ту­ра­сын­да Л.Н. Гу­ми­лев мы­на­дай қызықты жайт­ты ба­ян­дай­ды: «қойды қасқырдан қорғайтын қорқынышты төбеттер ешқашан да балаларға тиіспейді. Моңғол ба­ла­сы қолының бір сермеуімен-ақ төбеттердің бір то­бын қуып жібереді. Есугейдің ескертуі Темуджиннің аса қызбалылығы, тітікенгіштігі ту­ра­лы ай­та­ды. Жыл өткен сай­ын бұл тітіркенгіштікті са­на мен ерік ба­са­ды, осының арқасында бұдан еш зи­ян келмейді».

Қайтар жо­лын­да Есу­гей­ге та­тар­лар у береді. Үйіне әрең жет­кен ба­тыр өзінің сенімді нөкері Мұңлыққа өз от­ба­сын ама­нат етеді және ба­ла­сы Темуджинді тезірек ел­ге әкелуін сұрайды. Мұңлық Есугейдің сенімін ақтайды: тез ара­да хонкираттарға ба­рып, «әкесі ба­ла­сын сағынып жа­тыр» деп Темуджинді алып келеді. Әкесінің қазасы ту­ра­лы естіген Те­муд­жин қайғыдан қалшылдап жер­ге құлайды.

Ара­да жыл­дар өтеді. Темуджиннің ба­сы­нан көптеген қиындықтар өтеді. Бірақ ол ешқашан да қалыңдығы Бөрте ту­ра­лы ұмытпаған еді. Ол Ке­ру­лен жағасына хонкираттардың Дэй-сэченіне күйеу жігіт ретінде кел­ген­де, Дэй-сэчен қатты таң қалады. Себебі, тайджиуттердің бұған де­ген ашу-ыза­сы ту­ра­лы сы­быс кеңінен таралған бо­ла­тын. Темуджиннің жағдайының мүшкілдігіне қарамастан Дэй-сэчен айтқан сөзінде тұрып, қызы Бөртені оған береді. Не­ке­ле­су барлық ере­же­лер­ге сай өтеді, қыздың шешесі қызын күйеу жігіттің үйіне шығарып са­ла­ды және оған бұлыңғыр то­нын сый­лай­ды. Ал бұл сол кездің өзінде-ақ үлкен құндылық са­на­ла­тын. Той­дан кейінгі бал­дай тәтті кезең өтер-өтпестен Те­муд­жин сыйлықты әйелінен алып алып ке­рей­лер ха­ны Тоғрулга сый­лай­ды. Те­муд­жин өз замандастарының пси­хо­ло­ги­я­сын же­те білетін. Қайырымсыздық моңғолдарға тән емес бо­ла­тын, алай­да әкесі Есугейдің Тоғрулға кезінде жасаған жақсылықтары ұмытылып қалған еді, ал Те­муд­жин­ге тап сол сәтте қамқорлық өте қажет бо­ла­тын. Темуджиннің есебі дұрыс бо­лып шықты. Тоғрул бұл сыйлыққа жібіп кетеді. Есу­гей­мен достық шақтарын есіне ала­ды. Сөйтіп, Те­муд­жин­ге оның та­рап кет­кен ұлысын жи­нап бе­ру­ге уәде етеді. Моңғолдың ұлы ханының қамқорлығы мен демеуі Темуджиннің жағдайын күрт өзгертеді. Екі жыл ішінде (1179 мен 1180) ке­дей Темуджиннің жағына 10 мыңдай әскер өтеді. Бұлыңғыр тон өз құнын бірнеше есе өтейді. Сәл кейіндеу біз бұл сыйлықтың пай­да­сы әлі ал­да екенін көреміз.

Темуджиннің күшеюі оның жауларының көбеюіне әкелді. Моңғолдарға жұлдызы қарсы бо­лып отырған меркіттер бірден Темуджиннің әкесінің кезінде меркіт әскері Еке-Чиледудың қалыңдығын алып қашып кеткенін естеріне түсіреді. Ия, меркіттердің кегі тым кешікті-ау: 20 жыл­дан ас­там уақыт өткен жоқ па одан бері?! Алай­да Еке-Чиледудың аяққа тапталған на­мы­сы үшін бұл кек тек сыл­тау ғана еді. Ал нағыз негізгі мақсат – қалайда Темуджиннің көзін жою. Мүмкін олар меркіт эт­но­сы үшін Те­муд­жин­нен төніп тұрған үлкен қауіпті ішкі түйсіктерімен сез­ген бо­лар. Және тек­ке емес! Болашақта Шыңғыс хан бірітіндеп меркіттерді жою са­я­са­тын жүргізеді. Чингизидтердің рес­ми та­рих­шы­сы Ра­шид ад-Диннің мәліметі бой­ын­ша «Шыңғыс хан меркіттердің бірде біреуін тірі қалдырмауын, бәрін өлтіруін бұйырды, себебі меркіт тай­па­сы бүлікшіл әрі соғысқұмар және де олар оны­мен көп соғысқан».

Меркіттердің Темуджинді өлтіруге құштарлығының басқа да, анағұрлым шындыққа са­я­тын себептері бо­луы да мүмкін. Бірақ бұл тарихтың сы­ры ашылмаған мәселелерінің бірі бо­лып қала береді. ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы барлық моңғолдар бұл се­беп­тер ту­ра­лы білгенмен, бірақ, өкінішке орай, біздің заманымызға бұл құнды ақпарат жетпеді.

Меркіттер Те­муд­жин көшінің үстінен ойламаған жер­ден шығу үшін 300 шақырымнан артық жер жүріп өтеді. Темуджиннің бақытына орай, шешесінің күңі – қытайлық ма­лай әйел Хо­ах­чин таңертең ер­те ат дүбірін естіп, қожайындарын оя­та­ды (бұл жо­лы да көп қайғы шек­кен бөржігіндерді олардың аса сақтығы сақтады). Бәрі олардың қас жа­у­ла­ры – тайджиуттердің ша­бу­ы­лы деп ой­лай­ды. От­ба­сы мүшелері бірден-ақ Бур­хан та­у­ын­да, ор­ман­ды Хэн­тэй­де жа­сы­ры­на­ды.

Ағаш үйде тек Бөрте, Хо­ах­чин және Есугейдің тоқалы Со­чи­х­эл қалады. Бұның өз себептері бол­ды. Темуджиннің от­ба­сы өздерінің жақын ту­ыс­та­ры тайд­жи­ут­тер­ден ша­бу­ыл күтіп отырғандықтан, моңғолдың басқа тай­па­ла­ры­нан шыққан әйелдерге еш қауіп төнбейтін еді. Бөрте Те­муд­жин­ге тұрмысқа шыққанымен, басқа моңғол этносының – әкесінің тайпасының құрамында қалған бо­ла­тын. Қалыптасқан заңдылық бой­ын­ша, бұл үш әйел тайджиуттердің ша­бу­ы­лы кезінде өз үйлерінде тып-ты­ныш, еш қауіпсіз оты­ра беруіне бо­лар еді. Бірақ ша­бу­ыл жа­сап отырған тайд­жи­ут­тер емес, меркіттер.

Оэлуннің ма­лай әйелі Хо­ах­чин өте сақ әйел еді. Ол тайд­жи­ут­тер Бөртені өлтірмегенмен, жас әскерлер әдемі әйел үшін әрқашан да қауіпті екенін біледі. Сондықтан ол Бөртені жабық күймелі шанаға жа­сы­рып, оған жүйрік бұқаны жегіп, орманға қарай алып кетеді. Бірақ әскерлер күймелі ша­на­ны тінтіп, Бөртені та­у­ып ала­ды да, үш әйелді де алып кетеді.

Бөртені алып қашуы меркіттер үшін аз ол­жа бол­ды, олар өздерінің негізгі мақсаттарын іске асырмақ бо­лып, Темуджинді іздеуге кіріседі. Бірақ бәрі зая. Ор­ман­ды жер­де меркіттер әлсіз бо­лып шықты. Та­быс­сыз іздеуді қойып, олар ат ба­сын үйлеріне қарай бұрады.

Аяқ ас­ты­нан болған ша­бу­ыл­дан сескеніп қалған және қатты жақсы көретін әйелі Бөртеден айырылған Те­муд­жин өзін-өзі тез қолға алып, өгей ағасы Белгутейді және бірінші нөкері Боорчуді тыңшы қылып жібереді (меркіттердің қолында Есугейдің екінші әйелі – Сочихелдің /Белгутейдің ана­сы/ кеткенін де ұмытпайық). Олар меркіттерді үш күн аңдып, Те­муд­жин­ге олардың қай жер­де орналасқандығы, са­ны, қолбасшылары ту­ра­лы құнды мәлімет алып келеді.

Ең таңқаларлығы, ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы моңғолдардың ешқайсысы Темуджиннің бұл қылығын қорқақтық не­ме­се әлсіздік деп та­ны­ма­ды. Қайта керісінше, оның тауға қашып кетуін ерлік, ал әйелін алып қашып кеткенін – тек жағымсыз оқиға деп бағалайды. Сол кездегі көшпенділердің әдеті бой­ын­ша, тұтқын қылып алып кет­кен жаудың әйелі өмірінің аяғына шейін жау әскерінің бірінің ма­лай әйел ретінде қоғамдық-шаруашылығын жүргізеді. Бірақ Бөртенің ор­ны Те­муд­жин үшін ере­ке­ше бөлек еді. Және ол бар күшін са­лып бұл ғұрыпты жо­яды.

Моңғолдар ахей­лер­ден гөрі ширағырақ, жылдамырақ еді және Селенгалық «Троя соғысы» ұзаққа созылған жоқ. Те­муд­жин бір ми­нут те уақытын бос жібермеді. Меркіттердің ша­бу­ы­лы­нан кейін бірден То­лы бойындағы Тоғрулдың ор­да­сы­на де­реу жетіп, болған жайт­ты ба­ян­дап, көмек сұрайды. Тон бұл жер­де де істі оңынан шешіп береді. «Қара бұлыңғыр тон үшін меркіттердің бірін қалдырмай, отқа құшып, сенің Бөртеңді өзіңе қайтарып береміз» — деп Тоғрул оны сендіреді. Шын мәнінде де тон таң қалдырады! Болашақ Шыңғыс ханның өмірінде қандай ке­ре­мет­тер жа­са­ды десеңші! Егер ол қазірге шейін сақталса, әлем деңгейіндегі кез кел­ген мұражайды көркемдер еді. Бы­раз жыл өткеннен кейін Те­муд­жин керейдерді ой­ран­дап олар­ды жерлерімен қоса өзінің жас мемлекетіне қосып алған соң тон­ды әйеліне қайтарып берді ме екен? (Бірақ бұл ой­ран­дау ке­рей ха­ны үшін әділ жа­за бол­ды: Ван­хан Тоғрул кезінде өз ағаларын өлтірген бо­ла­тын және бірнеше рет до­ста­рын са­тып кет­кен).

Тоғрул 2 түмен (1 түмен – 10 мыңға же­тер-жет­пес әскер) әскер бе­ру­ге келсімін береді, бірақ осы Те­муд­жин­нен оның ба­ла кезінде Онон жағалауында бірге ойнаған, моңғолдың мықты джад­жи­рат де­ген тайпасының ру­ба­сы Джа­му­ха­ны шақыруын өтінді. Те­муд­жин тез ара­да ба­у­ыр­ла­ры Ха­сар мен Белгутейді Джамухаға көмек қолын сұратып жібереді. Бұл әрекеттің барлығы Сұлу Еле­на­ны құтқару үшін ахей батырларының амал­да­ры­на ұқсас еді, тек айырмашылығы Еле­на­ны оның еркінен тыс құтқарған бо­ла­тын. Қалай болғанда да, джаджираттарға жіберілген өкілдердің са­па­ры сәтті аяқталды. Джа­му­ха 1 түмен жіберуге және Темуджинді ұнататын моңғолдардан тұратын 1 түмен әскер жасақтап бе­ру­ге уәде берді.

Бір ке­дей ханзаданың әйелін қайтарып алу үшін меркіттермен соғысуға 30 мыңдай әскер (меркіттердің бұл шабуылға дайындаған әскер са­ны – 300 әскер, яғни қарсыластардан 100 есе аз бо­ла­тын) жи­на­лып бас көтергеніне таң қалуға бо­ла­ды. Алай­да бұл науқанның сәттілігі моңғол патриотизмі мен моңғол-меркіт арасындағы бұрыңғы кек се­беп болған.

Белгіленген жер­ге Те­муд­жин мен Тоғрул белгіленген уақыттан үш күнге кешігіп келді. Те­муд­жин өзімен бірге әскер ертіп келмеді, бірақ олар­ды күтіп отырған Джамуханың қол ас­тын­да екі түмен – өзінікі және Темуджиннің түмені бо­ла­тын. Бұл джад­жи­рат көсемінің моңғолдар ара­сын­да зор бе­дел­ге ие екендігін көрсетеді. Бұған куә бо­ла­тын тағы бір жайт Тоғрулдың кешіккені үшін Джамуханың оған қатал ес­кер­ту жа­са­уы: «Да­у­ыл бол­са да кез­де­су­ге, жаңбыр бол­са да жиынға кешікпей кел!». Со­дан соң Джа­му­ха қалғандардың рұқсатымен әскер дис­по­зи­ци­я­сын өз қолына алып өзі құрады.

Шабуылға аса нақты, бірақ тым тез дайындалуға бай­ла­ны­с­ты кенеттік басымдылығы сақталды. Меркіттер қарсы соққыны күтпеді. Моңғолдың ке­дей хан­за­да­сы кек алу үшін сон­дай көп қол жи­най ал­май­ды (тіпті жинағысы да келмейді) деп ойлаған бо­ла­тын. Осы ой олардың түптеріне жетті. Шын мәнінде де, байғұс меркіттер болашақ Шыңғысханның әйелін алып қашқандарын білмеген еді. Тіпті даңқты әкесінің қазасынан соң ру­лас туысқандарының та­лап-тар­мау­ы­на тап бо­лып, әрдайым олар­дан қауіп-қатерге ба­сы тігіліп отырған Темуджиннің өзі де болашақта әлем та­ри­хы­на өзінің атын өшпестей етіп қалдырамын деп ойламаған бо­ла­тын.

Моңғол-ке­рей әскері ша­бу­ы­лын Бо­то­гон-Бор­жы шатқалынан бас­та­ды. Хи­лок өзеніне тез жет­кен моңғолдар өзеннен жүзіп өтпей, сал арқылы өтті, оның себебі суға малынған әскерлерге салқын тимесін де­ген еді. Осының кесірінен олар бет алып ке­ле жатқан қарқындарын бәсеңдетіп ал­ды, ал олар­ды алыс­тан байқап қалған меркіттің балықшылары мен аңшылары ша­ру­а­ла­рын тас­тап ауыл­да­ры­на қарай ха­бар­ды жеткізуге асыға жөнелді. Бұны естіген меркіттер сасқалақтап Се­лен­га өзінен жазықтығынан төмен қарай қашты. Олардың кейбіреуі Байкалдың ар жағына қашып құтылды. Ал қалып қойғандары үшін күн қараң бол­ды. Моңғолдар қашып жүрген меркіттерді Селенганің төменгі ор­ман­да­рын­да түн ішінде қуып жетті. Ке­рей мен моңғолдар қашқындарды құртып жой­ып, тұтқынға алып кетіп жат­ты. Тек Те­муд­жин бұған ара­лас­па­ды. Ол «Бөрте, Бөрте!» деп қатты-қатты айқайлады. Бөрте Темуджиннің дау­сын естіп, Хо­ах­чин екеуі ар­ба­ла­ры­нан атып тұрады да, екеуі де Темуджиннің атын ұстады. Осы­дан соң Те­муд­жин Тоғрул мен Джамухаға нөкер жіберіп, олардың ой­ран­да­у­ын тоқтатуын сұрайды: «Мен іздегенімді тап­тым». Бұл көптеген меркіттерді ажал­дан құтқарады. Ой­ран­дау тоқтағанын көрген олар үйді-үйлеріне қайтып, ұйқыға кіріседі.

Меркіттерге қауіп тек моңғол жақтан ғана төніп тұрған жоқ еді. Күзгі тай­га­да үлкен кісілер мен балалардың өлімі көп бо­ла­ты­ны ал­дын ала болжанған бо­ла­тын (от жағып жылынуға бол­май­тын бол­ды, өйткені жа­у­лар от жарығынан бұларды та­у­ып ала­ды). Сондықтан аңдуды доғару кешірумен бірдей бо­ла­тын: қашқысы кел­ген­дер және бұған мүмкіндігі болғандар бұл мүмкіндікке қол жеткізді. Бұндайлардың ішінде Бөртені күңдікке алған Чиль­гир ба­тыр да бар еді.

Моңғолдар көптеген қыз-келіншектерді тұтқындыққа алып кетті. Әдемішелерін – күңдікке, ал қалғандарын – үй шаруашылығында жұмсауға пай­да­лан­ды. Кейін, ахей ба­тыр­ла­ры Трояның қаусаған жерлерінен кетіп қалғандай моңғол көсемдері де үйді-үйлеріне та­ра­с­ты. Шекаралық бөліс ту­ра­лы сөз де қозғалмады.

Бірақ меркіттегі тұтқындық Те­муд­жин, Бөрте және олардың тұңғыштары – Жошының естерінде ұмытылмас психологиялық зақым қалдырды. Л.Н. Гу­ми­лев өз еңбектерінің бірінде бұны бы­лай суреттейді: «Темуджиннің маңдайына жазылған сынақтар әйелінің ора­лу­ы­мен аяталған жоқ. Бөрте аяғы ауыр бо­лып ора­ла­ды да көп кешікпей, ұлы – Жо­шы­ны дүниеге әкеледі. Те­муд­жин Бөртенің тұтқынға кет­пес­тен бұрын аяғы ауыр болғанын ай­тып, оны өз ұлым деп та­ни­ды. Алай­да әкені де, ба­ла­ны да күмән іштей жейді. Ор­да мен от­ба­сын­да өсектер шыға бас­тай­ды, бұл өсектер Жошының өмірінің соңына дейін соңынан қалмайды. Тіпті туған ба­у­ы­ры Жағатай да хан­за­да­ны әкесінің көзінше «меркіт тұтқындығының мұрагері» деп атап қалады, сөйтіп әкесі оны таққа оты­ру мүмкіндігінен ай­ы­ра­ды да, оның ор­ны­на бұл құқықты кіші ба­ла­сы Өгедейге береді».

Осын­дай күрделі жағдайда Те­муд­жин моңғолдардың рес­ми және «құпия» та­ри­хы бүркемелеген рухының биіктігін көрсетеді. Рес­ми та­рих Темуджиннің бейнесін әбден әсірелеп жіберсе, екіншісі өсек-аяң жи­нап нақты әңгімелердің бо­я­у­ын қанықтырды.

Те­муд­жин меркіттерге кешірім беріп, кең пейілділігін көрсетті. Ол тек шабуылдың үш көсемінің бірі – Ха­а­тай-Дар­ма­лы­ны ғана жазаға тартқызды. Ба­ла­сын өз ба­лам деп та­ны­ды, әйелінің бетіне бас­па­ды, до­ста­ры Тоғрул мен Джа­му­ха­дан сыйлықтарын ая­ма­ды, ең ба­с­ты­сы, әйелін құн қылған Чильгирді та­у­ып, оны өлтіруін бұйырмады.

Бұл моңғол даласындағы «Троялық соғыс» Те­муд­жин­ге үлкен абы­рой әкелді және ол оны өз пай­да­сы­на пай­да­ла­на ал­ды. Ке­дей хан­за­да Темуджиннің на­мыс пен ма­хаб­бат жолындағы «Одис­се­я­сы» моңғол халқының бір бөлігінің оған де­ген оң көзқарасқа негіз бол­ды. Көбісі бірден оның әкесі – Есу­гей батырдың баяғыда ұмыт болған әскери еңбегін естеріне түсірді. Қалай болғанда да, бұл оқиғадан кейін моңғолдың әрбір шаңырағы дерлік таңдай қағып Те­муд­жин ту­ра­лы сөз қозғайтын бол­ды. Ақсақалдар көпке шейін осы кек ту­ра­лы бүге-шүгесіне дейін қалдырмай ауыз тол­ты­рып ай­тып отыр­ды.

Бөртені құтқару опе­ра­ци­я­сы Грекиядағы болған опе­ра­ци­ядан оқиғалар желісінің қанықтылығы жөнінен қалысса да, сал­да­ры жөнінен одан он есе, жоқ, тіпті, жүз есе асып түседі. Бірақ ба­с­ты­сы – моңғол халқы өз көсемін тап­ты. Алай­да өз халқының қуғынына ұшыраған Темуджиннің көрші елдердің өкінішіне орай, халықтардың қуғыншысы Шыңғысханға ай­на­лу­ы­на әлі бір ғасырдың ширегі, яғни 25 жыл бар еді.

Ав­тор: Ер­лан Ілияс


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz