Елімізде соңғы жылдары көп балалылар саны көбейіп, отбасын мазарға емес, базарға айналдырып
отырған жанұяларды көптеп көзіміз шалатын болды. Əрине, кең жазира даланы мекен еткен халық
үшін бұл қуанышты жағдай. Статистистикалық санақтарға жүгінсек, 2018 жылы Қазақстан халқының
саны 18 321 606 адамға жеткен болса, дəл қазір 18 468,900 адамнан асқан. Бұл еліміздегі ең ұлы
құндылық адам санының жылдан жылға өсіп …

Отан сөзін айтқанда оның негізгі бөлшегі отбасы ойға оралады. Отан үлкен үй болса, отбасы оның кірпіші іспеттес. Қайсыбір елде отбасы құндылығы жоғарғы деңгейде болса, мідениеті мен адами құндылықтары да жоғары екенін байқаймыз. Себебі, отбасы «тұлға» тәрбиелеп, ұшыратын мекеме іспеттес. Ал өз пікірі мен мақсаты ба, ақыл мен парасатқа ие, адамгершілігі  жоғарғы тұлға – кез-келген мемлекеттің …

Көгілдір күмбезді көк аспан әлемінде жаңа ай туып жер бетіне шуағын шаша бастады. Бұл айдың тууын мүміндер аңсап, асыға күтуде еді. Дәл осы ай туғанда он төрт ғасыр бұрын Алла Елшісі адамдарды былайша сүйіншілеген:  «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол …

«Күмәнсіз Алла адамдарға ерекше Мейірімді және өте Рақымды» (Хаж сүресі, 65-аят)
Рақымды да Мейірімді Ұлы Раббымның атымен бастаймын. Жер бетін мейірімді мекен етіп, көкті көрікті күмбез қылған, күнге шуағын төккізіп, сансыз тіршілікке ризығын таратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын!
Сәуір айының арайлап тағы бір таңы атты. Таң біліне салысымен Раббысын ұлықтауға асыққан құстар өз уақытынан жаңылмастан шықылықтап …

Сәждеге бару – ең үлкен бақыт,
Көп адам оны сезбей жүр,
Байлығын жұмсап, бар малын сатып,
Бақытты қайдан іздеп жүр?
Бақыттың дәмін сездірді Алла,
Сәждеге басым тигенде,
Жер жоқ қой маған, әлемде мына,
Жайнамаздағы сол жерден.
Жанымды Раббым сәждеде алсаң,
Арманы жоқ қой құлыңның,
Көзімнің жасы көл болып ақса,
Тазарғаны ғой жанымның.
Раббымнан қорқып, түндерде жалғыз,
Сәждеде болсын маңдайым,
Жайнамазымды көз жаспен жуғыз –
Сәждеде атсын таңдарым.
Жәннатқа кіріп, нұр болып …

АЙНҰР САРБАЛА
(Монолог)
Аспаннан төгілген ұлпа қар лезде жер бетін ақ көрпесіне орап алды. Аппақ түске боялған сұлу табиғатқа қарап, тап-таза ауамен терең тыныстанған сәтте бойым сергіп, көңілімді қуаныш кернеді. Алла Тағаланың кез-келген жаратылысына үңіліп, ойлы көзбен қарасаң, әрқайсысы Өзін жаратқан Ұлы Құдірет жайлы сыр шертіп, кемелдіктің көркем өнегесін көрсетіп тұрады. Жапапалақтап жауған аппақ қарға қарап ойға …

Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым —  отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны …

Жер бетіндегі кез-келген мақұлыққа көз салсаң әрқайсысы тіршілікке бейімделу, қорғану қасиетіне ие. Құс қанатымен, жыртқыш тырнағымен, жануар тұяғыменөзіне берілген өмір нығметінсақтау үшін ең соңғы демі қалғанша қорғанып бағады.  Қандай қиындыққа тап болса да, қандай азапқа душар болса да сол хайуани тіршілігі үшін барынша күреседі. Ал ақыл мен сөйлеу нығметіне бөленген, жер бетінің ардақты жаратылысы адам …

Адамның жан дүниесін гүлдендіріп, биік дәрежеге көтеретін құнды қасиеттердің бірі адамгершілік екенін ақылымыз мойындаса да, амалға асырарда қиыналып жатамыз. Әсіресе, қоғамдағы дағдарысты, әлеуметтік қиындықтарды жанымызға желеу етіп, адамгершілік ауылынынан алыстап бара жатқанымыз өкінішті-ақ. Есігіне ешқашан құлып салмаған қазекемнің дәл қазірсөмкесінің аузын да ашық қалдыруға қорқатын дәрежеге түскенін көресің. Біреулер заманын кінәлап, «заманың түлкі болса, тазы …

Рақымды Ием Пайғамбарын жіберді,
Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.
Түнек түнде шамы болып халықтың,
Саған жұртқа нұрын шашты жарықтың.

Жүсіп Баласағұн

Дүние есігін ашқаннан бастап адам баласы әртүрлі мектептерден өтеді. Алғаш аналық мейірімнен басалатын тағылым мектебі, білімнің қайнарына жалғасып, әрі қарай тізбектеліп өтеді. Әрқайсысы санаға өзіндік өрнегін салып, жүрегінде өшпестей із қалдырады. Осылай алысқа сапар шеккен жолаушыдай асығып, зымырап жатқан …