Әрбір сәби бақытты болуға лайықты

Әрбір сәби бақытты болуға лайықтыСәби үшін ананың ыстық құшағы мен алақанынан асқан бақыт бар ма, сірә? Әрбір сәбидің қорғайтын періштелері болады ғой. Міне,сол періште,оны өмірге әкелген,ақ сүт берген анасы емес пе?
Соңғы уақытта бұл періштелер,қатігез атанып, шырылдаған сәбилерін құшағына баспай, тастап кетіп жатыр. Олардың көбі, әрине, өмірінде болып жатқан қиындықтарды алға тартып,сылтау етеді.Кейбіреулер»бұл баладан не пайда»деп оларды саудаға салып та жатады. Олар бұл өмірде байлық, маңсап қана адамды бақытты етеді деп теріс оймен жүреді. Міне,осындай қатігез аналардың салдарынан қазақ жерінде балалар үйі көбейіп келеді. Ал,сәбилер болса,сол балалар үйінің терезесінен көздері жәутеңдеп, «мені анам қашан алып кетеді екен» , «анам мені неге тастап кетті екен» деген түрлі сұрақтармен қарап тұрады.
Ешқандай аяушылық сезімісіз,бейкүнә сәбилерді бауырынан жұлып қоқысша тастап кетіп жатқан, мұндай қатігез адамдар қалай ғана жер басып жүр екен?! Дүние есігін ашпай жатып, тағдырдың сынымен күрескен,бұл сәбилердің жазығы бар ма еді?!
Көздері жасқа,жұректері мұңға толы сәбилерді көргенде әр адамның жүрегі қанжылайды.Мұндай өмірдің қатты тұстарын көріп,Алладан мейірімділік пен әділдікті сұрайды.
Бұл өмірде қаншама жандар сәби суйе алмай, күні-түні үміт үзбей Алладан жалбарынып дұға тілейді,себебі олар үшін адамға баға жетпес бақыт ұрпағының жалғасып, өсіп-өнуі.Бірақ бала үшін жан беретін жандар бұл өмірде өте аз.
Отбасын құру,сәби сүйіп,сол сәбиге лайықты ата-ана болу бұл өмірдің басты бақыты емес пе? Сондықтан өмірге шырылдап келген әрбір сәби ана алақанының жылуын сезінуге xақысы бар. Оларда басқа бүлдіршіндер тәрізді бақытты болуға лайықты!

Автор Сапарбекқызы Эльвира

+7
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии