Ризабек ұстаздың орамал төңірегіндегі өтініші

Ризабек ұстаздың орамал төңірегіндегі өтінішіАссалаумағалайкум Құрметті мұсылман бауырлар!

Орамал әрбір балиғат жасына жеткен қыз балаларға парыз болған Алланың әмірі. Олай болса,орамалға тиым салу Алланың әміріне қарсы шығу болып саналады.

Құрметті мұсылман бауырлар, ұстаздар, дін сүйер қауым, билікте жүрген діндар ағалар!

Елбасымыз «Терроризммен күресеміз деп, ата дінмен күресіп кетпеу керек»- деген.

Орамалдын діни ұйымға немесе терроризмге еш қатысы жоқ екені көзі ашық, көкірегі ояу адамға мәлім. Орамалмен күресу-ата дінмен күресу. Олай болса, жоғарыға ел болып, сауатты түрде ашық хат жолдайық.

Қазіргі кезде мектеп қабырғасында еркесі де, ересегі де именбей, етегін жабудың орнына, елді еліктіріп жүр. Ашық -шашық киімдердің нәтижесі мектеп қабырғасынан бастап жігітпен жүріп, жүкті болып қалуда болмақ.

Ұлттың ұлт болып, адамның адам болып қалыптасуына орамал кедергі деу қате тұжырым. Ешқандай ел орамал таққаннан ұтылып, көштен қалған жоқ.

Орамал тағу-арабтану емес. Орамал-біздің мәдениетіміз. Дін арабтікі емес, Алланыкі.

Жыртық шалбар кисе, шаш бояп, қызтеке болса, Еуропа болды демейміз. Ал орамал тағып, діндар болса, араб болды дейді. Бұл Қазақ қашан оянады?!
Алаш арыстары осыған күйінді емес пе сауатсыздыққа?!

Ең болмаса, намазхан кыздарымызға жеке мектеп арнап берсін.Тіпті мектеп те керек емес, жеке сыныптар болса да аздық етпейді. Себебі, орамал тағатын, балиғат жасына жеткен қыздар өте аз.

Ұстаз Ризабек Батталұлы
Дереккөз: http://www.tamshy.kz/

+8
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии