Tags: Ана тілі

Сонау 1985 жылы алғаш Қытайдың Шынжаң университетінің есігін ашқанымда, ана тілімнен өзге тілде дәріс ала бастадым. Өзге тіл деп отырғаным түбі бір ұйғыр тілі еді. Сол кездерде Қытайдағы 1,5 млн. қазақ үшін ғылыми, әдеби, тарихи-этнографиялық, медициналық, танымдық, педагогикалық және саяси бағытта 30-дан аса журналдармен бірге 10-нан аса газет түрлері тек қазақ тілінде  тұрақты жарық көріп …