Қазақтың бес ұлы жазушылары

Қазақтың ұлы жазушылары дегенде есімізге кімдер түседі?! Иә,  ең бірінші, А. Құнанбаев, М. Әуезов, Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев секілді ұлы, қазақтың ұлт болып қалыптасуына, ана тілімізді, ділімізді, дінімізді сақтап қалған, санамызды оятқан алып тұлғалар есімізге түседі. Әр ақынның, әр тұлғаның тарихта орны ерекше. Осы аты аталған ірі тұлғаларға кішігірім тоқталсақ… Біз ол кісілер жайлы не білеміз? Не себепті « Қазақтың Ұлы тұлғалары» деген атпен әр қазақ баласының жүрегінен орын алды, соны айқындап алайық!

Абай Құнанбайұлы – Ұлы ақын, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдебиетінің негізін салушы, реформатор Абай ( шын есімі Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауын жайлаған Орта жүз, Тобықты руында дүниеге келген. Абай ең алғаш « Ескітам» деген медреседе сауат ашып, кейіннен көптеген оқу орындары мен медреселерді тәмамдаған.

Абайды әкесі 13 жасында ел басқару жұмысына салған. Содан бастап ел ісіне, дауларға, сот ісіне араласқан. Абай алғашқы өлеңін 10 жасында жазған.

« Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу» деген Абай атамыз, Шығыс және Батыс мәдениеттерін өз өлеңдерінде үйлесімділікпен ұштастыра білді. Оның керемет туындыларының бірі « Қара сөздері» . Бұл   туындысы батыс, шығыс тілдерінде аударылып, жақ – жаққа тараған. Абай атамыз көбіне шығармашылықтарында адам жайлы, оның болмысы, жүрек қай амалмен тыныштық табады, ішкі тазару ,сенім секілді тақырыптарды қозғаған. Абай атамыз 15 жасында отау құрып, 16 жасында әке атанды. 21 жасында болыс болып ел басқарды. Абай атамыздың зейіні ерекше, өте адал, әділ кісі еді. Көптеген адамдарға оның әділдігі, шыншылдығы ұнамай, Абайға көптеген қастандықтар істеліп, жалалар жабылған. Абайдың өмірі мен шығармшылық мұрасын Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы сияқты ірі ақын – жазушылардың мақалаларынан бастау алды.  А. Байтұрсынұлы 1913 жылы « Қазақ»  газетінде « Одан асқан бұрыңғы – соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» — деп, Абай атамыз жайлы айтып кеткен.

Келесі ірі тұлғаның бірі – Мұхтар Әуезов ( 1897 – 1961 ж. ж ) – Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР – ң еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Мұхтар атамыздың ең үлкен шығармашылықтарының бірі – «Абай жолы романы» еді. Ол Абайды, сол кездегі қазақ қоғамын жан — жақты  сипаттап, керемет образбен жеткізген. 1921 жылы Орынборда, Семейде әртүрлі қызметте жүріп, « Алаш» партиясының көсемдері Ә. Бөкейханов, М. Дулатов т. с. с мәдениет қайраткерлерімен танысып, « Оян, Қазақ» деген ұранмен, демократиялық идеялар Әуезовтың мақсатының негізіне айналды. Оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтау деген жалалар жабылып, 1930 – 1932 жылдар аралығында құдаланып, қамауға алынған.

М. Әуезов « Абай жолы романын » терең зерттеп, 15 жыл бойы жазған, кейінен ол 30 тілде аударылып, дүйім жұртқа танылған. Және де ол көптеген шығармашылықтар жазып, орыс тілінен қазақ тіліне аударған шығармалары да жетерлік. 1956 жылы әдеби еңбегі үшін Ленин орденімен маапатталды. 1961 жылы қайтыс болған соң, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына М. Әуезовтың есімі берілді.

Келесі ірі тұлғалардың бірі – Ы. Алтынсарин ( 1841 – 1889 ж.) қазақтың көрнекті ағартушы – педагог, жазушы, қоғам қайраткері, этнограф, фольклоршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының — белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді. Көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға ұмтылды.
Бүкіл Қазақ даласын оқу-білімге, ілімді үйренуге шақырып, соған өзі ұйытқы болып, Қазақ даласында бірнеше мектептер ашқан, дүниедегі байлық та, мал да, бақыт та тек оқу екенін өсиет еткен ұлы ағартушы еді.

Ұлы тұлға 1912 жылы Қазақ әліпбиін қолданысқа енгізді. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салған ғалым «Оқу құралы» қазақша әліппесінің бірінші кітабын жарыққа шығарды.

Даланың дана перзенті — ғұлама ұстаз өмірінің бір дерегі ғана. Өресі биіктен үлгі алғандардың ізін баққандар даналықтан ғана тәлімді.
Талай ғасыр өтсе де, мектеп ашып, еліміздің жұлдыздарына нұрдың шұғыласын шашқан Ыбырай Алтынсаринді біздің де елеп-ескергендігіміз содан.

Келесі ұлы тұлғаларымыздың бірі – Мағжан Жұмабаев ( 1893 – 1938 ж.)  «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

Сол кезедерде М. Дулатов пен А. Байтұрсыновтың басшылығымен Мағжан орыс тілін үйренді. Кейінен, ақпан революциясынан кейін Жұмабаев есімі қазақ зиялыларының ортасында ақын ретінде белгілі бола бастап, Мағжан «Алаш» партиясының облыстық комитетінің құрамына қабылданады. Осы партияның қазақстандық конгрестерінде құрылтай жиналысының депутаттығына кандидат болып сайланды.

Мағжан  Шығыс және Батыс халықтарының рухани дамуын біріктірген Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы алғашқы ақындардың ұрпағына жатады. Ол заманауи көркем ағымдар ағынына түсуге тырысып, әлемдік әдеби процесті құшырлана зерттеді.Көптеген шығармалардың авторы.

1929 жылы Жұмабаев айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 1935 жылы Максим Горькийдің өтініші бойынша ерте босатылып, бостандыққа шығады.Бірақ ақынға  1937 жылы 30 желтоқсанда ауыржала жабылып, Жұмабаев қайтадан қамауға алынды. Кеңестік жүйенің қуғын-сүргініне ұшыраған қазақ ақыны ақыры 1935 жылы Ежов зындандарында ату жазасына кесіледі.

Және де қазақтың ақыны, әдебиетімізді зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист,  аудармашы, педагог,қоғам қайраткері Ұлы тұлғаларымыздың бірі Ахмет Байтұрсынов ( 1972- 1937ж. ).

Қазақтың дара түлғасы Ахмет (шын есімі Шошақ) 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, елінің мүддесі үшін аянбай еңбек етті. Қазақ халқына бостандық пен теңдік  жолында саяси майданға араласты.Талай тағдырында қоғам қайраткері жазықсыз жалалар жабылып, бес рет сотталып, екі рет жер аударылды. 1910 жылы Ахмет Орынборға жер аударылды. Ол осы қалада өзінің ең жақын сенімді достары Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетінің жарық көруіне себеп жасайды. Кейінірек, 1937 жылы 8 желтоқсанда өлім жазасына кесіледі…Бірақ 20 жылдан кейін Б. Момышұлы атамыз Мағжанды Кеңес өкіметінің абақтысында тірі екенін көреді. Екінші мәрте шығарып алуға барған уакытында басқа абақтыға көшіріп жіберді ме белгісіз бір себептермен оны өлді деп көрсетпеді, еш жерден де іздеп таппады. Негізінде, көптеген қамаудағы қазақ зиялыларын өлді деп бұйрықтар шығарған. Бірақ та, ақиқатында ол кісілердің білімділігін, ақындықтарын пайдаланып, өз мүдделеріне, пайдаларына асырып,пайдаланған.

Иә, Қазақтың Ұлы тұлғалары жайлы жазсақ, дәптерге сыймайды, сия жетпейді… Сондай, әр қазақ баласы, даласы үшін құрбан болған жандардың біз үшін, « Мен Қазақпын» деген әр адам үшін орындары ерекше екеніне еш күмәнім жоқ. Ол кісілер біз үшін, жарқын болашақ үшін осыншама құрбандыққа барғанда, қазіргі таңда біз не істеп жатырмыз?! Осы кісілердің үмітін ақтап, егерде тірі болғанда « Міне, менің қазағым! » деп, мақтана алатындай дәрежеге жеттік пе? және де осы дәрежеге, жетістікке жету жолында біз не істей аламыз? деген өзекті сұрақтарды өзімізге қойып, сол сұраққа лайықты жауап тауып, амал ету әр қазағымның борышы екенін ұмытпайық, ағайын!

 

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии