Қытайдағы бауырым – қазақтарым!

Біз өзіміздің қандас бауырларымыз, қытайдағы қазақтар жайлы не білеміз? олар не себепті  көшті? Көшуіне не түрткі болды? деген сұрақтарға тарихпен ,дәлелдермен жауап іздеп көрелік…

Қазақ диаспорасы деген  – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, əуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан əрі дүние жүзіне тараған. Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасының, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтарымыздың ұзын саны 5 млн-ға жуық екен. Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасуы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-жоңғар соғысына тікелей байланысты болды. Жоңғарлардың басқыншылық шабуылы барысында қазақтар Жетісу, Тарбағатай аймақтарындағы шұрайлы жайылымдарының едəуір бөлігінен айырылып қалды. Қазақтар өздерінің байырғы дəстүрлі мал жайылымы жерлерін қайтарып алуға тырысты. Бірақ жоңғарлардың көзін жойған негізгі жеңімпаз ретінде қытай үкіметі қазақтардың ондай талабын қабыл алмады. Жоңғар хандығының орнына Қытайда Синьцзянь атты аймақ құрылды. Онда бекініс-қамал түріндегі қалалар салына бастады. Абылай хан бастаған қазақ билеушілері Қытай өкімет билігі орындарымен бірнеше рет келіссөздер жүргізіп, қазақтардың ежелгі жерлерін қайтарып беру мəселесін қайта-қайта қозғаумен болды. Сонымен бірге қазақтар жаңа аумақтық құрылымның жеріне өз беттерімен қоныстануын да тоқтатпады. Ақырында Қытай өкімет билігі орындары 1767 жылы қазақтардың Синьцзяньға көшіп, қоныс аударуына рұқсат етті. Бірақ, оның есесіне қазақтар ондағы жайылымды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды.

Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай 14 аумағында тұратын қазақтардың санын дəл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі – отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дəл статистикалық мəліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Қытайда қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мəліметтері бойынша, Қытайдағы қазақ диаспорасы саны бір млн. адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады .

Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нəтижесінде 1954 жылы Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай аймақтары кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАР Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ аудандарында, Ганьсу өлкесінің Ақсай-Қазақ автономиялық ауданында жəне аз мөлшерде Бейжіңде (Пекинде) тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген. Мұны Қытай жазбаларының қай-қайсысы да терістемейді. арнайы зерттеу еңбектің авторы Г.М. Мендикулова   Қытай қазақтарын «қазақ диаспорасы» емес, қазақ «ирреденті» (бөліндісі) деп есептейді.

Жалпы қазақ ирредентасының қалыптасуы бірнеше кезеңдермен сипатталады. Қазақ ирредентасының қалыптасуының бірінші кезеңі XVI ғасырдың басы – XVIII ғасырдың аралығын қамтиды. Бұл кезеңге қазақ-ойрат соғысы жатқызылады. Бұл қанды соғыста қазақ халқынан Жетісу, Тарбағатай аудандарындағы жерлер тартып алынған болатын.    Осының кесірінен орта жəне ұлы жүз қазақтарының үйреншікті көшіп-қону жерлері өзгеріп, Қытайдағы қазақ ирредентасының қалыптасуына себепші болды. Қазақ ирредентасының Қытайдағы қалыптасуының екінші кезеңі 1757 жылы Циндардың Жоңғар хандығын талқандауымен байланысты. Осы кезеңде Орта Азия аймағында алғашқы Қытай жасақтары құрылып, Қазақ əскерінің көмегімен Жоңғар хандығын талқандады. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін қазақтар өзіне тиесілі жерін алуға тырысты, бірақ Қытай мемлекеті бұл жерлерді басуда біз жеңімпаз деп, қазақтарға жерді беруге бас тартты.  Қытай əскерімен көптеген қақтығыстардан кейін, қазақтар 1767 жылы Іле мен Моңғолдық Алтай аймағындағы кейбір өздерінің жерлерін 15 қайтарып алды. Ұлы жүздің біраз бөлігі Іле өзенінің аймағына келіп, Қытай императорының хандығын мойындауларына тура келді. Ал, қалған бөлігі 1850 жылға дейін тəуелсіз болып тұрып, кейін Ресей империясының құрамына енді.

Қытай жерiнде бiр миллион бес жүз мыңға тарта қазақ тұрады. Əр жылғы Қытай мəлiметтеріне сүйенсек, 1949 жылы, яғни коммунистiк Қытай қазақтарға өз үстемдiгiн жүргiзе бастаған кезеңде, 443700 қазақ болған. Бұл сан əр жылы шамамен 20 мың боп өсiп отырған. 1960 жылға келгенде қазақтардың саны 541600-ге жеткен. Осыдан екi жылдан кейiн, атап айтқанда 1962 жылға келгенде қазақтардың саны 487400-ге құлдыраған.Демек, екi жылдық туу санын қосқанда 100 мың адамның кемiгенi жасырын емес. Бұл 1962-жылғы ұлы көш жəне көштен кейiнгi қолдан жасалған аштықтың салдарынан екенi айдан анық. Осыдан кейiнгi жылдарғы өсу салыстырмасы кей жылы 20 мың, кей жылы 30 мыңдық қарқынмен артып отырған. Қазақ-қытай байланысының 1989 жылдан басталған қадам екi арадағы мұзды жiбiтiп, жаңа тарих парақшасының ашылуына жол ашты.

Сөйтiп, 1990 жылға келгенде ондағы қазақтардың саны бiр миллион екi жүз мыңға жеткен. Бiр  қызығы, осыдан кейiнгi мəлiметтер аса айқын емес. Əсiресе, 1995 жылдан 2007 жылға дейiнгi мезгiлдегi өсу салыстырмасы айқын көрсетiлмеген. Бiр миллион екi жүз мың халықтың əр жылғы өсу салыстырмасы бойынша қарасақ, 1990 жылдан 2007 жылға дейiнгi 17 жылда кемiнде 500 мың адам қосылады екен. Сонда Қытайда кем дегенде 1 миллион 700 мың қазақ тұрады деген сөз. Демек, бұл ресми емес деректердегi Қытайда екi миллион қазақ тұрады дегендi терiске шығармайды

1991 жылғы тəуелсiздiк миллиондаған қазақтардың арманына қанат бiтiргені белгілі. Сол жылдан бастап əртүрлi себептермен шеттегі бауырларымыз атажұртқа келе бастады. Екi елдің арасында ешқандай мемлекетаралық көшi-қон жəне бiлiм алмасу шартының болмауына байланысты көптеген қиындықтар туындауда. Бұрынғы Елбасы Н.Ə. Назарбаев: «Ұлттың рухани өмірі, оның мəдениетіне байланысты əлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, əдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мəн бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мəдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу – бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді ».  Демек, шеттегі қандастарымыздың тарихы – бұл біздің ұлтымыздың ақтаңдақ беті . Біз қай кезде болмасын қандас бауырларымызға әркашанда рухани жағынан болсын, басқа жағынан болсын көмек көрсетуіміз керек. « Туған жерім, елім » деп келіп жатқан бауырларымызға құшағымызды айқара ашып, жылы жүзбен қарсы  алу керекпіз. Өйткені, біздің қанымыз бір, жанымыз бір, рухымыз бір, дініміз, тіліміз, дәстүріміз бір! Біз – бірге туылып,бірге өлетін,ауыз- біршілігі мықты, елім деп жан пида еткен батыр бабаларымыздың ұрпағымыз! Осыны ұмытпайық, ағайын!!!

Қолданылған Əдебиет:

  1. Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2000. – 312 б.
  2. Қалимолла М. «Қытай қазақтары тарихының өзіндік ерекшеліктері» // XIV Сəтбаев оқулары. Жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. –Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар жойыттарды мемлекеттік университеті, 2014.-354б.
  3. 3. Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі : ғылыми басылым / бас ред. А. Қошанов, Ə. Нысанбаев. — Астана : Елорда, 2005. — 352 б.
  4. 4. Назарбаев Н.Ə. «Құшағымыз бауырларымызға айқара ашық» // Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы (құжаттар жинағы) — Алматы: Атамұра, 1993. – 280 б.

 

Ахмолдаев А.Б.

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии