Сайт туралы

Кез-кел­ген елдің ерекшелігін айшықтайтын сал­ты мен мәдениеті, ғұрпы мен дәстүрі бо­ла­ды. Өзін ұлт ретінде ерек­ше­леп тұратын да осы құндылықтары. Сондықтан әрбір адам ке­мел ке­ле­шек­ке қадам басқысы кел­се жоғарыда айтылған құндылықтарды ескеріп қана қоймай, оның өзгеріске ұшырап, жоғалып кетпесіне амал қылуы міндет.

Осы тұрғыда халыққа қалтқысыз қызмет ету үшін ашы­лып отырған «Makala.kz» сай­ты тыңнан түрен сал­ма­са­да, сон­дай ни­ет пен ұрпақ ал­дын­да ай­ып­ты бо­лып қалмай, теңізге қосылған там­шы­дай бол­са­да мемлекеттік мәртебеміздің ар­ту­ы­на үлес қосады де­ген ой­да­мыз. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар де­сек, со­ны оз­ды­ра­тын да, тоз­ды­ра­тын да өзіміз. Жаһандану за­ма­нын­да шетелдің экс­пан­си­я­сы­на ай­нал­мау­ы­мыз үшін білетініміздің өзін қайта-қайта жа­зып, жаңғырту міндеті жүктеле түсуде. Бой­ын­да қазақылықтың қаны ой­най­тын қандастарымыздың ешбірін бұл ой бей­жай қалдырмасы анық. Күнделікті тіршілікте көз үйреніп үлгерген кейбір жәйттер мәселелі ахуалға айналғанда ба­рып да­у­ыс көтермей, әрбір ауру­ды дер кезінде ал­дын алған аб­зал. Өмірімізде орын алып жатқан қоғамдық, әлеуметтік проблемалардың да шешілу жол­да­рын қарастыруды көздейтін бұл сайт, тәлім мен бірге тәрбие беруді де мақсат тұтады. Себебі адамға тал бесіктен көр бесікке кіргенше білім іздеу па­рыз бол­са, тәрбиесіз білімнің мәні жоқ.

Ен­де­ше халық қамын ой­лай­тын отан­дас­та­ры­мыз­ды қаламдары арқылы да ойымызға ой қосады де­ген үміт пен емес сеніммен қараймыз.

3 Comments - Write a Comment

  1. Ассаляму алейкум! сайттарыңызға акша курсы мен ауа райын қосса бала ма (Алматы Атана калаларына) коп рахмет!

    1. Болады..

  2. Мен «Ұлттың ұлт болып сақталып қалуы үшін не қажет? Ол үшін қандай материалдар жариялау керек? » деген сауалнама тастап, ұлан газетіне жариялау үшін интернет сайт редакторларынан сұхбат алып жатыр едим. Сіз өз ойыңызды жібере аласыз ба?
    [email protected]

Comments are closed.