Мінезім жақсы болсын десеңіз

Сөзіңді түзе — әдетіңе айналады,
Әдетің — мінезіңе айналады.
Мінезің — сенің тағдырың.
 Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адамның мінез-құлығы адам өмірінде маңызды рөл атқара отырып оның өміріне толықтай әсер етеді. Мінез-құлығы жақсы қалыптасқан адам өз өмірін дұрыс жоспарлап өміріндегі барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып,  өмірінде туындаған қиыншылықтарға төтеп беріп алдына қойған мақсатына оңай жете алады.  Бұндай мінезге ие болған адамдар  қоғамдық құндылық болып табылады, себебі, олар қоғам алдында тұрған мәселелердің шешімін тауып,  оны белсенді түрде шеше алады.  Сол себепті де адамның өмірде жетістіктерге жете алуы немесе жете алмауында  оның мінез-құлығы маңызды рөл атқарады.

Мінез-құлық қалай қалыптасады?  Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің сөздерінің бірінде  «Сөзіңді түзе — әдетіңе айналады, әдетің – мінезіңе айналады, ал мінезің болса бұл  — сенің тағдырың» — деген. Бұл сөздерден адамның мінезі оның әдеттерінен шығатынын көруге болады. Әдет – күнделікті қайталанатын әрекеттерден пайда болады. Қандай – да бір іс-әрекетті адам күнде жасайтын болса ол біраз уақыттан соң оның әдетіне айналады. Ғалымдардың айтуынша адамның күнделікті орындайтын іс әрекетінің 95  пайызы бұл – әдет. Біздің күнделікті ойымыз, сезіміміз,  әрекетіміз осы әдеттердің негізінде болады. Әрдайым қайталап жасалған әрекеттер адамды жіңішке жіппен күнде орайды, егер адам ол әрекетін  тоқтатпаса, жіңішке жіп шынжырға айналады, соңында адам шынжырмен байланғандай болады.

Адамның бойындағы әдеттерді  сипатына қарай 3 түрге жіктуге болады: Ой әдеті, егер адам белгілі бір ойлардың төңірегінде ойланатын болса, оның ойының өзі әдетке айналуы мүмкін, сол себепті адамның жақсы ой ойлауы маңызды.

Сөз әдеті, көп қайталанатын сөздер, сөз тіркестері адамның әдетіне айналады.

Іс-қимыл әдеті, күнделікті жасалған қимыл іс-әрекеттер әдетке айналады.

Осылайша қалыптасқан әдеттер адамға екі түрлі жолмен әсер етеді, егер жақсы әдеттер қалыптасқан болса онда пайдалы әсер береді, ал егер жаман әдеттер болса зиянды әсерін береді. Осыған байланысты да әдеттер пайдалы және зиянды әдеттер болып екіге бөлінеді.

Әдет — адамның өзінің еркімен жасалатын әрекеттері, сол себепті адам өзінде қандай әдет қалыптасқанын өз еркімен жасаған іс-қимылдарынан білуіне болады. Бұл көбінесе бос уақытында анықталады, егер адам бос уақытында теледидар көп көретін болса онда бұл әрекеті оның әдетіне айналғандығын аңғаруға болады. Ал егер ол кітап оқитын болса, онда кітап оқу оның әдетіне айналғанын көруге болады.

Адамның бойында дұрыс әрі жақсы әдеттердің қалыптасуының маңыздылығы – оның мінез-құлықты пайда етуінде. Жоғарыда айтып кеткендей мінез – құлық өз-кезегінде адамның қаншалықты жетістіктерге жететіндігін анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

Сол себепті адам «мінезім жақсы болсын» —  десе өзінің күнделікті жасап жүрген әрекеттеріне көңіл бөліп өзінде жақсы әдеттерді қалыптастыруы қажет.

 

+5
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии