(Маңғыстаулық түс)
 Шейіттерді өлі демеңдер, олар тірі,
бірақ сен­дер сезіп біле алмайсыңдар.
(Бақара сүресі, 154-аят.)

Кей­де өзін тауға ұқсатады. Төбесін көкке тіреген асқар тау. Тәңірімен тілдескен әулие тау. Төменге иіліп қарамайтын тәкаппар тау… Кей­де өзін аралға ұқсатады. Теңіз тұңғиығынан қалқып шыққан жұмбақ арал. Табиғатынан қойнауы ал­тын мен күміске то­лы қазыналы арал. Тіршілік ата­у­лы­дан жұрдай жетім арал… Кей­де өзін молаға …

Ол ұшқалы өтіпті та­лай ғасыр…
Есенғали
Күзгі салқын түсті. Құстың көбі жы­лы жаққа қайтып жатқанда… қарғалар келді. Әлде ащы даусының кесірінен, әлде сыртқы тұрқының зар­пы­нан, әйтеуір көп адам қарғалар ту­ра­лы жағымсыз әсерде. Оны өзім де күні бүгінге дейін сүйкімсіз құсқа ба­лап, боққа құмар не­ме са­нап келгенмін. Бірақ мен би­ыл «Қарқылдаңдар қарғалар, сирақтарыңды ұрайын!..» деп өлеңдетіп ай­та ал­ма­дым. …

Сендердің Ал­ла­дан өзге табынғандарың,
барлығы жи­ыл­са да, әсте бір шы­бын
жа­ра­та ал­май­ды.
(Хаж сүресі, 73-аят.)
I
Қараңғыдағы қапырық. Түнектегі тымырсық. Ауа­сыз қап-қара түн құрсауынан шығудың жо­лы жоқ секілді. Ты­ныс алу­ыу жұтқандай қиындады. Қысылған көкірегіне жүрегі сый­май тар­сыл­дап алқымына тірелді. Ты­ны­сы­мен қоса бүкіл әлем тарылғандай, жүрегімен қоса бүкіл әлем жарылғандай… Тарс-тарс-тарс!.. Жо-жо-жоқ, есікті біреу қағып тұр екен. Шырт ұйқысын бұзып жіберген …

Олар (періштелер) Алланың ра­зы болған
кісісіне ғана шапағат ете ала­ды.
(Әнбия сүресі, 28-аят.)
           
Құпияға то­лы дүниеде жоғалудың да түр-түрі бар екен. Со­ны­мен…
Ол бір түннің ішінде жым-жы­лас, зым-зия ғайып бол­ды. Ұшты-күйлі, ізім-ғайым жоқ. Тыл­сым Құдіретке сенбейтіндер үшін бұл мүмкін емес жағдай, қайда кеткені де белгісіз. Тек ор­нын­да бір тал қауырсын қалыпты…
Бәрі оны МӘЛИКА деп атай­тын. Кей­де жер­де өмір …

I
                                                                    Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ.
Үлкен сыйлық Алланың қасындағы.
(Тағабун сүресі, 15-аят.)
 Ай­на­ла­сы тас қараңғы тұңғиық түндей бо­ла­тын. Көзіне түк көрінбейді. Не иненің жа­су­ын­дай саңылау жоқ, не жылт ет­кен бір сәуле жоқ. Күллі дүние қап-қара түпсіз суға айналған. Сон­да да тірі екенін сезеді. Ла­у­хыл-Мах­фуз тақтасына ал­дын-ала жазылған тағдыр-та­лай­ы­на мұңаза ай­тып шы­рыл­дай­ды. Шы­рыл­дай­ды да шүкір етеді. Өйткені  …