(Атауының шығуы және тарихи орны)

Баласағұн қаласы – ортағасырдағы түркі халықтарының ірі мәдени-тарихи орталығы болған қала. Өзінің мыңжылдықтардағы даму барысында көптеген шапқыншылықтар мен қақтығыстардың, әртүрлі қағанаттар мен мемлекеттердің саяси ордасына айналып, талай тарих тебершіктерін басынан кешірді. Қала іргесі сонау Түріктер заманында соғылып қаланғанымен оның мәдени жаңғыруы мен өркендеуі әсіресе Қарахандар заманында жоғарғы дәрежеде дамыды. Себебі, Баласағұн …

XVIII ғасыр еліміздің тарихында мәңгілік қасіреттің ізін қалдырған дәуір болып есептеледі. Қазақ пен Жоңғар арасындағы кескілескен шапқыншылықтардың жүрген кезі. Мұны Алаш тарихындағы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы Ұлы Отан соғысы деп атайды. Қазақ халқының XVIII ғасырдағы экономикалық-әлеуметтік жағдайы өте қиын күйде болды. Қазаққа зұлмат отын әкелген бір шетінде Жоңғар хандығы тұрса, бір шетінде Ресейге арқа сүйеген …

Өңіріміздегі әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі, бұл – Ақыртас құрылыс кешені. Ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған Ақыртас сарайы — Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол станциясынан 6 шақырым оңтүстікке қарай Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан. Әлемдік мәдениетте тарихын тасқа жасырған құпия құрылыстың ғаламдық кереметтердің қатарынан ойып орын алары заңдылық. …

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс – қазақ халқының тарихындағы азаттық жолындағы ең ірі оқиғалардың бірі болды. Шегіне жеткен қанаушылықтың озбырлығына шыдамаған қазақ ұлтының құлдық өмірден азаттық дәуренді аңсағаны осы күрестің нәтижесінде көрініс берді. Өзінен басқа ұлттарды «бұратана» деп есептеп, айтқанына көндіріп, айдауыма жүргіземін деген Ресей империясының бұл жолғы іс-әрекетінің іске аспай ірі көтеріліске алып барғаны …

«Тараз — өткен мен бүгінгі күннің
арасын жалғастырушы киелі де
қасиетті желі, мәңгіліктің
бейне нышыны»…
Н.Ә.Назарбаев.     
Тараз — ежелгі қала, үлкен руханият орталығы. Ірі сауда-саттық орны болған. Тараз тарихы бай, жері құнарлы, табиғаты көркем қала. Тарихтың даму барысында өзіндік ерекшілігі бар ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Сан ғасырлар тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан осы қала туралы Шығыстық көне жазбаларда деректер …