Уақыт ағымы – асау өзен секілді, ағып өтеді, бір өткен жерінен қайта өтуі мүмкін емес. Әрбір уақыт өзімен бірге жаңа зат ойлап тауып, көнергенің заман ағымынан ысырып отырады. Осылай, «көзден кеткен, көңілден кетеді» демекші, сол көнерген затпен бірге оның атауы да ұмыт болады. Кейінгі ұрпақ оны ұмытады. Бұл жағдайды тек қана музейлер ғана реттейді. Музей …
Арыс өлкесінің құмыралары
Құмыра– қыштан, шыныдан жасалған ыдыс. Қыш құмыраларлар Қазақстан жерінде неолит дәуірінен бастап белгілі. Бертін келе шыны құмыралар пайда болған.
Арыс өлкесінен табылған құмыралар жасалу ерекшелігіне қарай ҮІ-ХІІ ғасырлар аралығына тән болып келеді. Құмыралардың көпшілігі қазіргі заманғы жерлеу рәсімі кезінде жер астынан табылып жатады. Табылған жеріне және де құмырадан басқа тұрмыстық бұйымдардың кезікпеуіне қарай, қазіргі заман мазараттары ежелгі молалардың үстінен қайта түсуі мүмкін. …
Қобыз – бағзыдан келе жатқан таңғажайып аспап
Қобыз – қазақ халқының көнеден қалған музыкалық аспабы, ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, ғасырлар сырын жетелейтін қоңыр үнді киелі аспапты VIII-IX ғасырларда Қорқыт жасаған деседі.
Музыкатанушы Бектай Әлiмбай «Қобыз қайдан шыққан?» атты мақаласында: «Жалпы, iшектi аспаптарымыздың шығу тарихын, бұлардың қалай, …
Топыраққа көмілген құпиялар
Біз әскери бекіністе тұтқында болдық
/Қазақ хандығының 550 жылдығына орай/
Қырық қыз қорғаны немесе Жарты төбе қамалына экспедицияға жолға шыққан едік. Алдын ала айта кетейін мұндай сапарларға шыққанда өзінізбен бірге жол дорба, жеке орамал, күннен қорғайтын қалпақ, күннен қорғайтын көзілдірік, компас, карта, дүрбі, оттық, қол шамы, байланыс құралдарынан билайн, мүмкіндігінше аяқ-қолды жабатын киім кию және медециналық қобдиша …
8 наурыз-Халықаралық әйелдер мейрамының шығу тарихы
Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Бұл мейрамның көктеммен қатар келу себебі, ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады. Дегенмен бұл мейрамның пайда болуы ғасырлар қойнауында жатқан тарих. 8 наурыз күні жер-жерде демалыстар жарияланып, әйелдер …