Ұлы қазақ даласы өзгелерге үлгі болатындай өз құндылықтары бар. Бірақ қазір Ұлы қазақ даласының осы құндылықтары дағдарысқа ұшырауда. Оның бірден-бір себебі көп жылдар осы құндылықтарымызға зерттеулер жүргізілмеуінде, насихаттамауымызда, әрі қарай дамытпағанымызда. Сол дағдарысқа ұшыраған құндылықтың бірі «отбасы».
Отбасы дағдарысы алғашқыда батыста өз бастауын тауып мінекей қазақ даласына да келіп жетті. Отбасы құндылықтарының дағдарысқа ұшырауының бірден-бір көрінісі …
Салауаттар болсын Мұхаммед пайғамбарға!
Біз қазақтың осы күнге жеткен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінде және мінез- құлығында Аллаһтың елшісі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ң асыл сүннетінің іздері анық көрінеді. Мысалы ата-ананы құрметтеу қазақ қайдан үйреніп білді десек, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ң мына бір айтқан хадистеріне қарасақ бәрі түсінікті болып шыға келеді «Ата-анасын көре тұрып, солардың разышылығын ала алмаған адам жәннатқа кірмейді», «Жәннат-аналардың табан астында». Сондықтан …
Ораза рухани кемелдену мектебі
Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды.
Бәлкім сақсынарсыңдар. (Бақара сүресі 183 аят)
Аллаһ тағала аяттағы айтылған оразаны біздерге Рамазан айында ұстауды парыз етті. Осы аятта айтылған «..бәлкім сақсынарсыңдар..» немесе жалпақ сөзбен айтқанда «бәлкім тақуалыққа жетерсіңдер» сөздері біздерге Рамазан айында ораза ұстаудың мақсатын түсіндіріп тұр. Біздер қазақ тілінде «тақуалық» сөзін тікелей аудармасыз айтып үйреніп қалғанбыз …
Намаз оқуға асығайық….
Адам баласына тән нәрсе, қайсы бір іс пайдасы мол болса соны жасауға асығады. Яғни ол пайда қаржыға, табысқа я болмаса денсаулыққа қатысты болуы мүмкін. Әйтеуір пайдасы мол болса болды, соны жасауға асыды.
Осындай Аллаһ тағаланың иман келтірген пенделеріне бұйырған бес уақыт намазда, пайдасы мол істерге жатады. Оқылған намазға берілетін сауабтар, кешірілетін күнәлармен қатар, денсаулыққа беретін пайдасы …
Қымбат уақыттар
Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән, оның құлы әрі елшісі, ұстазымыз әрі өнегеміз Мұхаммед пайғамбарымызға, оның жанұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын! Расында Аллаһтың бізге берген нығметтерінің бірі — бізге көптеген жақсылықтарға жететін әрі мол сауаптарға ие болатын маусымдарды нәсіп етуі. Яғни Рамазан айы, қадір түні, жұма күні және сондай-ақ берекелі уақыттардың бірі …
Селқостықтың жемістері
«Қоғамды құртатын күнә жасайтын адамдар емес, бәлкім соларға селқос қараған адамдар құртады»
Дана сөз.
Осы біз, селқос болып бара жатқан жоқпыз ба? -деп өзімнен бір күні сұрадым. Селқостық, немқұрайлы сөздері бір-біріне туыстас болып келеді ғой. Сосын осы сұрақтың дұрыс(объективті) жауабын табу үшін айналама көз жүгірттім……
Күннен-күнге құлпырған қаланың көшелері, сол көшелерді жағалаған зәулім ғимараттары мен түрлі түсті бояуларға …
Ұятын жоғалтқан жұрт, ұрпағын да жоғалтады
Қазір газет, журнал және теледидар беттерін қарайтын болсақ 60-70% көзге түсетін және жиі қайталанып тұратын нәрсе «жалаңаш әйел денесі» және «эротикалық» бейне кадрлар. Ия, шыныменде қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ең көп айтылып және көрсетіліп жатқан нәрсе осы. Осылайша үгіттеліп жатқанның екі негізгі себебі бар, біріншісі, біреулер ұятсыздықты насихаттай (үгіттей) отырып үлкен табыстар табады. Екінші …