Әркім өз есігінің алдын тазаласа, көше таза болады

Қыс ауасы, мектепте үзіліс кезінде шуылдаған балалар бірін-бірі қуысып ойнап жүр. Ерқанат топ баланың арасында көңілсіз, тұңғиық ойға батып отыр. Санасында кешегі әкесінің ішіп келіп, үйде жанжал шығарғаны сапырылып, анасының жан айқайы құлағынан кетер емес. Сабақтан шығып қаланың көшелерін қадамын санап аяңдап келуде. Үйге барғысы келмеген Ерқанат қаланы аралап кештетіп жүргісі келді. Әкесінің ішіп келіп отбасының берекесін бұзып, тыныштығын алып жүргеніне бүгін он екінші күн. Терең ойға батқаhttps://makala.kz/kogam/arkim-oz-esiginin-aldyn-tazalasa-koshe/?preview=trueн бүлдіршін бала әкесінің арақсыз өткізген күндерін аңсап, еркелетіп асыр салып ойнатқан кездерін еске алып, сәби көңілмен армандап келуде. Іштегі күдікті қорқыныш «Бүгін әкем тағы да ішіп келіп, анамды ұрып, мазасын ала ма екен?» — деген ой.

Міне, жоғарыдағы көрініс бүгінде көптеген баланың тағдырындағы көңілсіз сахналар. Отбасы бақыты – адам өмірінің маңызды бөлігі. Сол бір шаттық пен қуанышты сәтсіздік пен қайғыға айналдырып отырған азғындықтың атасы – арақ екендігі ақиқат. Адам денсаулығы мен жан саулығына аса қауіпті бұл қасірет көпшілік сананы улап, бақытсыздыққа жол ашуда.

Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның отбасында бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.

Маскүнемнің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.

Арақ-шарапқа салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен жүйке жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсе қызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.

Жүсіп Баласағұни атамыз:

Шарап ішпей, бәледен жүр қашықта,
Байқа, атанба зинақор да, пасық та.
Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер,
Олар тонын кедейліктің кигізер, – деген екен.

Атам қазақ: Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені,– деген.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады,

тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

Арақ – адамға ең ауыр соққы беретін дерт. Елімізге осы арамнан түскен пайданың жақсылығы болары хақ. Өйткені, арақ кесірінен болған кісі өлімі, жол және өндірістік апат шығынын ешбір қаражат қайта қалпына келтіре алмайды. Оны жай қарапайым адамнан бастап ең білікті экономист те растайтын болар. Қоғам бұл қасіреттен айығу үшін барлық күрес тәсілін қолдану қажет.

Айтылғандарды ақылға тоқып, санамен саралап, қоғамымызды сіз бен біз түзетпесек сырттан келіп біздің елімізді ешкім түзеп бермесі анық. Әркім өз есігінің алын тазаласа, көше таза болады деген қағидаға сүйеніп, әрбіріміз айналамыздағы адамдарға арақтың зиянын білдіре алсақ қоғамда бақытты отбасылар мен шаттықты шаңырақтар көбейер еді.

Мухтар Смағұлұлы

+1
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии