Бар жақсылық балаларға !

Бар жақсылық балаларға !«Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды
құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялаймын.»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 14 желтоқсан
2012 жылғы Қазақстан Халқына жолдауынан

Әлемде бауыр еті баласын қазақ секілді өз елінің болашағы, өз ұлтының ұрпағы деп жоғары бағалап, оған  айрықша  мән беретін – ұлт немесе  халық жоқ сияқты көрінеді маған. Дана халқымыз «балалы үй базар, баласыз үй мазар» деп бекерге атйпасы анық. Осы ретте «ұрпағын ойлаған — ұлт озады» деп  халық жазушысы Расул  Гамзатов айтпақшы біздің  ұрпағымыздың  әлі талай ұлы істерді жасап, биік белестерді бағындаратыны сөзсіз дегім келеді.  Оған елімізде толық мүмкіндіктер бар және оған сенімім мол.  Өйткені еліміздің көрегенді көшбасшысы, балалардың шынайы қамқоршысы  Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен балалар болашағының көкжиегіне түрлі сан тарау жолдар ашылуда.  Парасатты да пайымы терең дана президентіміздің арқасында  тәуелсіз мемлекетімізде  балалардың құқықтары мен бостандығы жоғары дәрежеде қорғалуда.  Оларды өмірдің түрлі соқпақтарынан қорғауға әлеуметтік жағдайлар мен қолдаулар  жүйелі жүзеге асып келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан   халқына дәстүрлі жолдауындағы  «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер  және жеке жауапкершілік» атты тарауында балаларға кеңінен мән берді. Тіпті  тарауда «балаларды қорғау» деген арнайы басымдылық та бар. «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын.Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.» деп шегелеп берді.

Осыдан ақ шынайы қамқорлықты  қазақстандық балалар сезінуде. Елбасының бала біздің болашағымыз деп әрбір сөзінде ой түйюі, шындап келгенде болашағымздың нұрлы екендігіне кепілдік беруде.   Отанымыз бір ол тәуелсіз Қазақстан. Осы территориясы әлемдегі 9 шы орынды алатын алып мемлекетті басқаратын да оны иемденетін де бүгінгі жас ұрпақ екені даусыз.

Әрбір мемлекет өзінің болашағын ойлау үшін ең алдымен балаларымен жастарына көңіл бөлуді басты назарда ұстары анық.

«Тәрбие — отбасынан басталады» деген  қазақ фәлсафасында терең ұғым бар. Қазақстандық әрбір отбасында казіргі таңда тәрбие беру мәселесі нықтап қолға алынып келеді. Бұл ретте елімізде әлеуметтік қолдау саласында жан -жақты бағытта жұмыстар жүрізіліп келеді. Әлеуметтік қорғауда бір мәселені біз қатаң бақылауға алуымыз керек. Ол казіргі жас отбасылар арасында өкінішке орай «ажырасу» күн тәртібінен түспей отырған өзекті мәселеге айналды. Бұл проблеманы президент те жолдауында нақтылап тапсырмасын берген болатын.

Бүтін отбасында, яғни әке — шешесі толық бар шаңырақта  бала өсіру мен тәрбиелу қоғамды алаңдатып отыр.  Ия, әкесі ия шешесі жоқ отбасындағы өсіп жетілген баланың көңілі сынық, жүзі жабырқаулы болып өсері анық.  Сондықтан толық отбасында баланы жан — жақты тәрбиелеу оны қанат қақтырып үлкен өмірге ұшыру, құтты ұясына қондыру ата — ананың арманы екені белгілі. Бұл ретте де Елбасы  «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет.» деді.Ия, қандай даналы ,ойлы сөздер десеңізші.

Казіргі таңда әлемнің азулы елдері қызыға да қызғана қарайтын  Қазақстан экономикасы қарыштап дамуы – бұл сүбелі стратегияның тәтті жемісі. Осы тәтті жемісті болашағына алаңдамай тек еңбек етіп маңдай терімен күнін көретін жас ұрпақ қана жеп, оның қызығын қызықтайтын болады. Бұл тұрғыдан алғанда  елімізде  барлық жағдайлар жасалған.

Маңғыстау облысында казіргі елімізде теңдесі жоқ 1 балалар ауылы мен  1 сәбилер үйі,және 1 жетімдер үйі  жұмыс жасайды. Оларды мемлекет қарамағына алып, тәрбиеленушілердің білім алып, заманауи талабына сай тәрбиеленуіне жағдай жасалынып отыр.

Балалар құқығын қорғауда  департаменті  жыл сайын жүйелі жоспарлар жасап, оны жүзеге асыруда нақты қадамдар жасауда. Әсіресе азаматтық қоғам институттары  «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы»  заңды тұлғалар бірлестігі, «Маңғыстау көшбасшы әйелдер мектебі» қоғамдық қорымен, «Маңғыстау аудандық азаматтық бастамашылығы» қоғамдық бірлестігі мен «Ұрпақ NEXT», «Луара» қоғамдық қорларымен бірлесе   жұмыс жасап, «Бар шапағатымыз балаларға», «Балалар және қоғам», «Жүрек жылуы», «Балалар әлемі емес» сияқты қайырымдылық акциялары,  жастармен флэш моб, дөңгелек үстелдерді бірлесе атқарып келеді. Кәмелетке толмағандармен жұмысты облыстық ішкі істер департаменті мен білім басқармасы, облыстық ішкі істер департаментінің  қоғамдық  тәртіп басқармасымен  қолтықтаса қызмет етіп кешкі мезгілде қоғамдық рейдтер, дүкен сауда орындарында  жасөспірмдерді тексеру, оларды қадағалау, балалар құқықтарын қорғау бағытында «Бала құқығы – басты назарда!» сияқты іс- шаралар жоспарға сай орындалып отырады.

Бұл ретте айрықша айтатын жағдай еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы бастамасымен құрылғын  «Бөбек» қорының  маңғыстаулық бөбектерді жан жақты тұрғыдан әлеуметтік  қолдауы ерекше назарда.  Өткен жылдың өзінде аталмыш қордың қолдауымен бірнешелеген акциялардың арқасында балаларға киім кешектер мен бала денсаулығын арттыру үшін табиғи балдар алынып барлық тәрбиеленушілерге  тегін таратылды.

Ия, бала біздің болашағымыз, сондықтан туған елде бөтен бала жоқ, болмайды да. Осы даналы сөзді есте сақтап, әрбір қазақ отбасындағы бала  елдің ертеңі, нұрлы болашағымыздың кепілі екендігімізді ұғынуымыз керек.

«Бала өмірдің гүлі, көңілдің нұры» демекші балаларымыз аман сау өсіп, бақытты жанұяның сәні мен мәніне айналсын дегіміз  келеді.

 

Балнұр ӘлібековаБалнұр Әлібекова

Маңғыстау облыстық балалардың  құқықтарын қорғау
департаментінің директоры
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

+6
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии