Білім сапасы туралы ой

imagӘлемге “мұнайлы ел, ши­кiзат базасы” деген атағымыз әйгiлi болғанымен,  “Ақылды болсаң, неге кедейсiң?” демекшi,  біліктілік  жағымыз iлгерi баспай келедi. Бiздiң университеттердiң берген білімі  халықаралық стандарттың шарттарына толмайды деп, тiптi Бiлiм министрлiгiнiң өзi де қынжыла  айтады.  Ең таңдаулы дейтiн  университеттi бiтiрген маманның да бiрсыпырасы “халықаралықты” былай қойып, бiр бет мәтiндi қатесiз, сауатты жаза алмайтындар бар екенін  көріп жүрміз.

Астанадағы бiр университет доцентінің : “Қазiргi студенттерде бiлiм жоқ” деп қынжылып жазғанын да газеттен оқығанымыз бар. Бұл  әркiм бiлетiн  бүгiнгi күннiң шындығы! Егер университеттiң жайы осындай болса, мектептегi жағдайға жылап жiберуге тура келедi. Қазiр “ оқушы бәрiн өзi iзденiп табуы тиiс. Жоғарының талабы осындай” дейтiн уәж шығыпты. Осыны арқаланған мұғалiм оқу материалын оқу­шыға “үйге тапсырмасын” беру арқылы “меңгертудi” әдiс етiп алған секiлдi. Бiр күнде 6 сабақ болса, соның әрқайсысы келесi күнге 50–60 тапсырмадан бере бередi. Осылайша оқушыны тоғыз ай бойы тозақтан шығармайды. Бұл – сау адамды ауруға айналдырып, мәңгүрт жасаудың “таптырмас” тәсiлi. Баладан оның демалысы мен ойынын, ұйқысын тартып алудан асқан қатыгездiк бола ма?  Сiрә, бiлiм саласын басқаратын бiреулер “бала кiтаптан бас алмай оқи берсе, бiлiмдi болады” деп ойлайтын болса керек. Бұл – бiлiм алу дегеннiң не екенiн бiлiп көрмеген пақырлық ой.  Мектеп­тегi “баға саудасы” да тоқтатылу  керек..     Бiлiм берудiң барлық салалары мен басқыштары парашылдықтан аулақ болуы керек.  Бiлiмнен гөрi мақтаншылдықты көбiрек ұнататын саяз ойлы ата-анадан пара алудың тетiгiне айналмасын.  Ұстаздық қызметке бiлiмдi, бiлiктi, ар-ұяты таза адамдарды ғана iрiктеп алу керек. Мiне, сонда ғана  бiлiм мен ғылым және кәсiби салада жетістікке  жетуге жол ашылады..

Білім беру  саласындағы   біздің жаңашылдығымыз  Қожанасырдың  « ақыры  айды  аспанға бір шығардым-ау»   дегеніне ұқсаған аңғалдық   секілді Әлі күнге басы бар, аяғы жоқ немесе аяғы бар, басы жоқ реформаларды енгізу  әлегінен  арыла  алар  емеспіз . Білмегендігімізден емес, білгішсінем дегенімізден адасып жүрген  секілдіміз. Бiрiншi сыныптан бастап, яғни 6 жасар бүлдiр­шiн­дерiмiзді 3 тiлде қатар оқыту дүниежүзiнiң өзге елдерiнде бар ма екен?” деген мәселенi бiл­гiміз  келген..  Сұрастыра  келсек  бiрiншi сыныптың оқушысына  3 тiлдi қатар оқыту әлемнiң бiрде-бiр елiнде жоқ екен .    Ал ендi елде де жоқ, жерде де жоқ, денi дұрыс елдердiң бiрде-бiрiнде  жоқ  оқытуға  көшеміз деп неге тыраштанып жүрміз. Демек,   қисынды ма, қисынсыз ба, зиянды ма, зиянсыз ба, ештеңесiне қарамай дү­ние­жүзiнде жоқ  істі бастамақпыз ба ?

+2
-1

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии