«Дәрігер күнделігінен»…


Бұл очерк 2009 жы­лы Ха­бар телеарнасының «Жас­тар Жа­на­ры» байқауында жеңімпаз деп та­ныл­ды.
                            
 

30 желтоқсан 1990 жыл.

Тағы бір күн аяқталды. Бүгінгі күн аз­ап­пен, қиындықпен өтті. Бірақ мен еш өкінбеймін. Ең ба­с­ты­сы, Ди­на­ра аман қалды. Түскі 12-де төртінші қабаттан құлап түскен екі жа­сар қызды «же­дел жәрдем» көлігімен әкелген кез­де, «өмірге енді ғана қадам басқалы тұрған бүлдіршіннің сынған аяқтарын са­лып бе­ре ала­мын ба?- де­ген жүрегімде қорқыныш сезім кернеді.Себебі, ол әлі құйттай сәби. Опе­ра­ция төрт сағатқа со­зыл­ды, сәтті өтті. Әйтеуір сүйкімді Ди­на­ра бұрынғы қалпында жүгіріп жүретін бо­ла­ды. Мен сол үшін қуанамын.

9 қараша 1993 жыл.

Түн. Қазір әдеттегідей әрі сыр­ла­сым, әрі до­сы­ма айналған күнделігіме бүгінгі күнімнің оқиғасын жа­зып отыр­мын.Адамның тағдыры сан түрлі қиындыққа, жаңалықтарға тап бо­ла­ды. Менің көз ал­дым­нан жүздеген, тіпті мыңдаған оқиғалар өтіп жа­тыр.Бірақ, бүгінгі оқиға есімде мәңгі қалары анық.Оқиға қалай бо­лып еді?

Қара суық күз күнінің 9 қарашасы. Ауруханаға таңғы сағат тоғызда жас әскер ауыр күйде жеткізілді.Оқыс ойламаған жер­ден 19 жастың ой­ы­нан 20-ның қырқасына шығар шағында Ғалымжан опат бо­лар еді. Шұғыл түрде опе­ра­ция бөлмесіне жүгіріп бар­дым. Әріптестерім жас жігіттің өміріне ара­ша түсуге ешқандай мүмкіндік жоқ де­ген­де, тұла бой­ым мұздап кетті. Ке­нет оның бір саусағы қимылдағанын байқадым.Ғалымжан «клиникалық өлімге» ұшыраған. Әдетте, мұндай өлім бес минутқа дейін бо­ла­ды, осы уақыт аралығында науқасты құтқарып қалмасаң, биологиялық өлімге ұласады. Тез ара­да жүрегіне  екі рет «ад­ре­на­лин» енгіздім. Ол тірі қалды.Оның өмірін сақтап қалуға бар күш-жігерімді салғаныма өзімді бақытты сезінемін. Бүгінгі күн ерек­ше қарбалас тірлікпен өтті. Өзге адамға өмір сый­лау – менің міндетім.

11 ма­мыр 1998 жыл.

Адамның жас шағында қиялшыл, ар­ман­шыл бо­ла­тын әдеті емес пе? Осын­дай ар­ман мені ба­ла кез­ден жүрегіме трав­ма­то­лог бол­сам,-де­ген ой ұялағаны есімде.Қазір ой­лай­мын, не­ге дәл осы мамандықты таңдадым? Қайран, жан әке! Бал бұлақтың, мөлдір тазалықтың ұшар ба­сы – балалық шақта екеніне көзім же­те бас­та­ды. Айналамдағы тірлікке таңырқай қарауымды әлі қоймаймын. Адалдық, ашықтық, айқындық, жақсылық жа­сау сіздің идеалыңыз еді! Көп кісіге мейіріміңізді ая­май, алғысқа бөленетін едіңіз.Уақыт өте ке­ле, адамдарға жақсылық жа­сау, қуаныш сый­лау қадіріңізді түсіндім.Өйткені әр опе­ра­ци­ядан шыққан сәтте, емделушінің жадыраған күлкісін көргенде, жүрегіме от құйылады, көңіліме қанат бітіреді, асқар армандарға жетелейді. Жақсылық жасауға ұмтылып, асығу ке­рек.

17 ақпан 2007 жыл.

Со­нау сексенінші жылдардың ба­сын­да Маңғыстау өңірі, соның ішінде қазыналы Жаңаөзен қаласына жол­да­ма­мен кел­ген едім.Міне, осы кез­ден бас­тап менің бүтін са­на­лы өмірім осы қаламен бірге жа­сап, бірге кемелденіп келеді.Та­лай қиын кезеңдерді кештік. Трав­ма­то­ло­гия са­ла­сын­да 29 жыл қызметімде 8500 –ге жуық адам жа­нын аман алып қалған екенмін.

Дәрігердің өз мемлекеті, өз қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Де­мек, мен сол үшін өмір сүрем, сол үшін күресем!

20 шілде 2008 жыл.

Шілденің ыстық күннің ор­та­сы. Бүгін ауруханаға жол апа­ты­на ұшыраған ер аза­мат қатаң жағдайда жеткізілді.Науқастың екі қолы мен бір аяғы қатты жарақаттанды, бір ме­зет­те үш жерінен опе­ра­ция жасауға мәжбүр болдық Оның үстіне, салмағы да ауыр, 160 кге­кен. Мен оны аман алып қалдым. Қайтпас қайсарлық, та­лап пен табандылық бар жер­де алын­бас асу, қол жет­пес шың жоқ.   1 қаңтар 2009 жыл.

Міне, жаңа табалдырықты ат­тап, си­ыр жы­лы да келді. 2009 жыл қандай то­сын сыйлықтар әкеледі? Дүниеде қанша адам бол­са, сон­ша тағдыр бар. Осы­нау жұмбағы мол сыр­лы әлемде Алланың ұйғарымымен маңдайға жазылған тағдыр адамның ал­ды­на сан қилы сый­ын тар­та­ды. Тағдыр, Жаңа жыл не сый­лар екенсің? Не сыйласаң да, жер бетіндегі бар­ша адам­зат иесі ауыр­май жүрсе екен. Менің тілегім осы.

Ой түйін: Бұл күнделіктегі жазылған де­рек­тер, ра­сы­мен де Жан­су­пов Шайхтың өмірінен алынған үзінділер. Бірақ ол күнделік жаз­бай­ды, себебі уақыты жоқ. Мүмкін, уақыты болғанда осы­лай­ша күнделік жа­зар еді. Шайх аға айтқан әңгімелердің бәрін жи­ы­с­ты­ра ке­ле, мен күнделік ретінде жазғанды жөн көрдім. Шайх аға әрқашан да алғы шеп­те жүретін аза­мат.Тындырған жұмыстарына тоқмейілсіп көрген емес.Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Тындырғанынан тын­ды­ра­ты­ным ал­да деп біледі. Шайх өз кәсібінің білікті шебері. Ол білікті   трав­ма­то­лог. Дәрігер де­ген атақ ең жоғары, ең қасиетті атақ. Ол ешқандай ақша мөлшерімен өлшенбейді.Трав­ма­то­лог тек қана мамандық емес, та­лант та дер едім.

Иә, қамшының са­бын­дай біртұтам өмірде сені халық жан әлемі кең, қолы мен ары та­за, өресі биік өнегелі аза­мат ретінде танығанына не жетсін!

+6
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии