Үйлену оңай, үй болу қиын

«Үйлену оңай, үй болу қиын»
 — деп қазақ атамыз бекер айтпаған-ды

Үйлену оңай, үй болу қиынШынымен де қазіргі таңда бесіктен белі шықпай жатып, яғни мектептен бұйдасын үзбей жатып-ақ отау құрып жататындардың саны жетерліктей. Өмірді танып білмей тұрып, оң-солын ажырата алмас жастықтың жалындаған ыстық оты мен отау құрып жатады. Әрине бұл жайттардың бәрі неден пайда болары белгілі. Ең біріншіден әл-Фараби атамыз айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы», сол себепті де адам баласына отбасынан алған тәрбие, ана махаббаты мен аялы әке мейірімі керек. Содан кейін ол баланың өзі араласып жүрген қоғамға тікелей байланысты.

Әрбір ата-ана өз балаларын жаман болуын, бұрыс жолға түскенін қаламайды. Сондықтан да бала үшін өмірде дұрыс таңдау жасай білудің өзі ең алғашқы отбасыға байланысты келеді. Қазақ халқының салтында ер балалар үшін он үш жас балиғат жасына жеткен болып саналады, осы жағдайлардан ескерген ата-бабамыз ұлдарына қыз айттырып, құда түсіп, үйлендіре бастаған. Мысалы, Абай атамыз 17 жасында әке болған, жеңгелері ұлды болғанын айтып, сүйінші сұрайын десе, атамыз бір жерге тығылып, жылап: «Әке болғым келмейді» депті. Бұл оның жастай болуы керек, ал бұдан оның әкесі Құнанбайдың шариғат заңдылықтарын сақтағанын көреміз. Міне дәл осындай сәтте Абай аталарымыздан үлгі аларлық жайттар әрине көпшілік, бірақ осы ата-бабаларымыздың іс-әрекеттерін оқып және өз көздерімен көре, біле тұра елемеушілік танытқанына жол болсын. Біз өскелең жас ұрпақ болып, осы бабаларымыздың өткенін үлгі алып отырмасақ біздің ертеңгі күнгі болашағымыз не болмақ. Ер жігіт әрқашан да батыл, сыншыл, ержүрек, ең бастысы қазақ ұлы деген атқа лайық болуы керек. Өзінің көркімен, ақылымен жігітті тәнті еткен қыз неғұрлым «қол жетпестей» болса, соғұрлым оның намысы да биік тұрары анық.

 Махаббат Табынова 

+9
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии