Белсенді үміткерлік көңіл-күй адам ғұмырын ұзартады әрі тәннің ауруға қарсылық қуатын күшейтеді. Ал жуық жылдардан бері, көңіл күй мен денсаулық арасында қатыстылық болатындығын ғалымдар тағы бір тұрғыдан растады. Олардың көрсетуінше, егер адам жыл бойы жабығып, торығып жүретін болса, онда қан құрамындағы холестерин шамасы артады және адам тәнінің ауырсыну түйсігі ұлғаяды.
Ғалымдар мынаны байқаған: егер адам өзінде бардың бәріне разы болса, мысалы, жанашыр жұбайының болғанына, белгілі табысқа жеткендігіне, тіпті өзінің тірі жүргендігі сынды болмыстың өзінде де разылық сезіммен қарай алатын болса, бұндай разылық сезім иммунитеттік иқуатты арттырып, қан қысымын төмендетіп, тұтас тәннің қалпына келу қарқынын тездете түседі.
Көптеген адамдардың өмірінде мынадай кешулер болған: қайғырып, жабыққан сәттерде басы, асқазаны ауырып, ұйқы қашу, қан қысымы өрлеу сияқты сырқат белгілері байқалады. Таяуда АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің зерттеушілері мынаны байқады: егер жыл бойы жабығып, басылып, жүрген жағдайда адамның қанындағы глюкоза мен май қышқылының шамасы артып, сусамыр (диабет) ауруы мен жүрек ауруының қатері зораяды, бұдан сырт, қысым адам денесіндегі холестерин шамасы арттырып, жүрек-қантамыр ауруларына оңай душар етеді.
Көңіл күй не үшін адам денсаулығына ықпал жасайды? Осылай деудің ғылымилығы бар ма жоқ па? Мамандар көңіл күйдің сырын Қытай дәстүрлі медицинасы тұрғысынан ашып берді.
Көңіл ауаның бейнелеу лайықсыздығы ауруға душар етеді. Медицинада, физиологиялық аурулардың көбі, айталық, әдеттегі тұмаудан тартып ракқа дейін психологиялық қысыммен қатысты деген күмән бар. Медициналық зерттеулер, адам ұнжырғасы түсіп, торығып, пейілсіз күйге душар болғанда, денедегі күрделі амин мен допамин шамасы төмендейтінідігін дәлелдеді. Күрделі амин адамның ауруды сезу қабілетін реттейді. Торығу пиғылы бар науқастардың 45 пайызда әр алуан ауырсыну, жайсыздану түйсігі болатынының себебі міне осында.
Әр түрлі түйсік – сезімдер мен көңіл-күй адамдардың бәрінде болатын жәйт. Жайшылықта бұл қалыпты рухани физиологиялық құбылысқа тән. Әр алуан көңіл күй әрекеттерінің бәрінде сезімді ояту, физиологиялық әрекеттерді сәйкестіру рөлі болады. Дей тұрғанмен, клиникалық тәжірибелер, адам жанының ызалануы, қайғыру, ой соқты болу, уайымдау, үрейлену сияқты жағымсыз көңіл – күйлері меңдеп алып, ол толық бейнеленіп шықпаса, денсаулыққа аса зиянды болатынын, тіпті, дертке шалдықтыратынын дәлелдеген. Бұндай аурулар да көңіл-күйден болған аурулар делінеді.
Қытай дәстүрлі шипагерлігі, әр алуан сезім-түйсіктер мен көңіл күйлерінің ішкі ағзалармен арасында мынадай қатынас болады деп қарайды:
Өкпе қайғы мен уайымды меңгереді, шектен тыс қайғыру мен уайымдау өкпені зақымдайды;Жүрек қуанышты меңгереді, шектен тыс шаттану жүрекке зақым жеткізеді. Айталық, мереке-мейрамдарда, шектен тыс шаттанудың әсерінде жүрек науқасы қозғалып қалатындар үнемі кезігеді;
Бауыр ашу-ызаны меңгереді, шектен асқан ашу-ыза бауырға зиян жеткізеді, адамға мынадай бір түйсіну болады: ерекше ашуланғанда оң, сол жақ қабырғалардың асты ауырғандай сезім байқалады, міне бұл ашуланудың бауырды залалдағанының бейнесі; Көкбауыр ой соқтылықты меңгереді, шектен тыс ойланып-толғану көкбауырды зақымдайды. Тұрмыс ауыртпашылығы зор, жұмысы қарбалас адамдарда ылғи шаршау, болдыру белгілері көрінеді: аяқ-қолы дәрменсізденіп, бұлшық еттері ауырады, қимылдап әрекет жасаған күнде де бұндай жағдай жоғалып кетпейді. Не үшін? Қытай дәстүрлі шипагерлігі тұрғысынан түсіндіргенде, бұл көкбауырдың нақ өзін емес, қайта ол уәкілдік еткен адам тәнінің ас қорыту, сіңіру, қан жасау иқуатын айтып отыр. Жоғарыда айтылған жүрек жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің иқуатына, өкпе дене сұйықтығын теңшеу мен тыныстық иқуатқа, бауыр бүкіл денелік зат алмасу иқуатына, бүйрек денелік эндокринологиялық икуатқа уәкілдік етіп тұр. Көкбауыр әлсіздігі тым ой соқтылықтың, уайымшылдықтың салдары. Ал үрейлену, қорқу бүйрекке өз әсерін көрсетеді, адам қатты үрейленгенде бүйректің физиологиялық рөліне ықпал жасайды.
Екпін Сабырұлы