Хоббиіңді кәсіпке айналдыр немесе жақсы көрген ісіңмен айналыс

Еліміздің дамуы мен көркеюі, отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсаруы — ел экономикасының дамуымен тығыз байланысты. Экономиканың дамуы өз кезегінде ғылым мен техниканың дамуына тәуелді болып келеді. Ал ғылым мен техниканың дамуы жұмыс орындарындағы мамндардың даму деңгейлеріне тәуелді. Мысалы, Жапондық тайота, ниссан және т.б. компанияларда 5000 жұмысшы персонал жұмыс жасаған болса, оның 3000 адамы ғалымдар болып келеді екен. Сонымен қатар бұл компаниялар өздерінің жұмысшыларының кәсіби шеберліктеріне аса мән береді. «Етікші – етік тігудің шебері болсын» — демекші, егер етікші сапалы етік тігетін болса адамдар сапалы етік киетін болады. Болашақ маманның өз саласында болашақта шебер болып қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етеді оның ішінде мамандықты дұрыс таңдауы әсер етеді. Енді сол мәселеге тоқталайық.

Адам – өзінің мамандығын сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен таңдайды. Сыртқы факторларға сырттан келген ықпалдарды жатқызуға болады. Мысалы, ата-анасының ықпалы, әлеуметтік жағдайлар, қаржы мәселесі және т.б.

Казіргі таңда жоғарғы оқу орындарына түсуге үміткер талапкерлер мамандық таңдаған кезде грантқа түсуді көздейді. Оқуға түсу барысында конкурсқа қатысушылар аз болып грантқа түсіп кетуді жоспарлайды. Нәтижесінде адам өзін қызықтырмайтын маман иесіне айналады. Күнделікті сабақтарына немқұрайлы қарайтын студенттерден сабаққа немқұрайлы қарайтындықтарының себебін сұрағанда, көпшілік студенттер «мамандықты өзім ұнатып таңдамағандықтан» — деп жауап берген. Кейінгі кездерде ата – аналар балаларын өздерінің жағдайлары келген немесе өздеріне абырой әкелетін немесе өзінің кезінде әртүрлі себептермен қолы жетпей қалған мамандыққа, өздеріне «қаржылық жағынан тиімді» — деп ойлайтын оқуға балаларын әкеліп түсіреді, көп жағдайда талапкердің пікірімен санаспайды. Ең жаманы — талапкерлердің өздері қандай мамандықты таңдайтындықтарын білмей, өздерінің мақсаттары мен міндеттерін айқындамаған болып, мамандық таңдауға дайын болмаған жағдайлар кездесіп жатады. Келтірілген мысалдар мамандық таңдауға сыртқы факторлардың әсер еткендігін білдіреді.

Ішкі фактор – бұл адамның ішкі жан дүниесінің қалауымен жасаған таңдауы.

Бұнда адам мамандықты өзінің таңдауымен, қызығуымен таңдайды. Бұндай жағдайда таңдаған мамандық оны қызықтырады және ұнайды. Apple компаниясының негізін қалған Стив Джобсс осыған қатысты былай деген екен: «Ұлы істерді жасаудың жалғыз жолы – жұмысыңды жақсы көріп істеу».

Жеке тұлға ретінде кез-келген адамның бойында ерекше қасиеттері сипаттары және белгілі – бір іске деген қызығушылығы болады. Қазіргі таңдағы психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша адам өзінің жақсы көрген ісімен айналысу керектігінің себептері төмендегідей:

1) Шаршамайды, жалықпайды;
2) Сол саладағы ізденісі тоқтамайды;
3) Дамудың жоғары деңгейлеріне жетеді және оны жоғары деңгейде орындайды.

Ісін жақсы көрген адам тіпті тегін істеуге де дайын тұрады екен, себебі оны ең бірінші кезекте жұмысына төлентін жалақы емес, сол жұмысын жасағаны маңызды болып табылады. Сол себепті бұндай адамда нарықта да өзінің бәсекелестерін жеңіп шығу мүмкіндіктері көп.

Адамның қызығып істейтін өзіне арналған ісін анықтаудың дұрысы – сол істі практикада орындау арқылы көз жеткізу. Бірақ сала мен бағыт өте көп, таңдау облысы өте кең және бұның бәрін практикада істеп көруге көп уақыт жұмсалады. Сол себепті таңдау облысын кішірейту қажет. Ол үшін төмендегідей әдістер ұсынылады:

1) Кәсіби бағыт-бағдар беруге арналған тестілеуден өту;
2) Саланың адамдарымен ақылдасу;
3) Өзіндегі бастапқы мамандықты түрлендіру;
4) Өзін қызықтырған материалдарды жинап, ең көп жиналған материалдар арқылы өзінің ісін анықтау;
5) Басқа адамдарға деген қызғаныштың пайда болу себептеріне талдау жасау;
6) Бала кездегі таңдауларды еске алу. Себебі балаға ешбір сыртқы фактор әсер ете қоймайды. Ол өзінің қалағанын жасайды.

Осы әдістердің біреуін немесе бірнешеуін қолдану арқылы ізденіс облысын кішірейтуге болады. Бірақ бұл әдістер адамның белгілі бір бағытқа арналғандығын толық анықтап бере алмайды. Таңдалған бағыттың өзіңіздікі екендігін практикалық амалдар дәлелдейді.

Адамның өз ісін тапқандығының төмендегідей екі белгісі бар:

1. істің жеңіл, тез әрі қатесіз орындалуы;
2. істі орындаудан шаршамау, керісінше сол іспен қанағаттану, рухани жақсы әсер қалдыру.

Таңдалған істі орындаудан осындай екі белгі болса, онда бұл адамның өз ісін тапқандығының белгісі болып табылады.

Егер белгілі бір іс таңдалған болса, адам оны практикада жасап көру қажет. Практика адамның таңдаған таңдауының дұрыс немесе бұрыс екендігін айғақтайды.

Қорыта айтқанда адамдар өзінің табиғатынан әртүрлі, белгілі – бір іске деген қызығушылығы мен икемділігі болады, егер адам осы белгілеріне қарай мамандық таңдаса, сол мамандықты игеру және жасау оған жеңіл болады және өз мамандығының шебері болып қалыптасуының негізі болып табылады. Қоршаған орта мен адамдарға ғана емес сонымен қатар еліміздің өркендеуіне де зор үлесін тигізеді.

 

Р. Шәріпов

+2
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии