Кім кінәлі?

Таксис ағаның әңгімесі.

Ауа-райы мың құбылып тұрған жаңбырлы күндердің бірінде кезекті қабылдау түсті. Айтылған мекен-жайға барғанымда көлігіме орта жастағы әйел адам отырды. Әңгімесінен байқағаным колледжде директордың орынбасары, жұмыстан үйіне бара жатыр екен. Барар жеріне жеткізіп, үйінің қасына келгенімде бір емес қос бірдей көліктің тұрғанын көріп:

-Көліктеріңіз бар екен ғой?- деп сұрақты төтесінен қойдым. Әлгі әйел адам мақтанышпен:

— Балаларымның көліктері ғой,-деп жауап берді. Дәл сол сәтте бойымды кернеген намыс мені үнсіз қалдырмады. «Балаларыңыз болса осындай жаңбырлы кеште сізге такси күттіріп қоймай алып кеткендері жөн еді?»-дедім.

Әлгі әйел адам:

— Олардың уақыттары жоқ. Жұмыстары көп, мазалағым келмейді,-деп есікті тарс жауып шығып кетті.

РS: Сонда дейім, қандай жұмысбасты болса да астарында көліктері тұрып, аналарының қызметіне жарамаған ол қандай балалар?! Мүмкін, балаларын мазалағысы келмеген аналық махаббаты ма? Жоқ әлде кезінде бала тәрбиесінде жіберген қателіктер ма?

Сіз не дейсіз?

 

Нұрмағанбетов Асқар Жамбыл ұлы,
Көкшетау қаласы.

+2
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии