Кез келген адам жақсы ұстаз бола алмайды. — «Бізді оқытатын адамдар мұғалім деп аталады, бірақ, бізді оқытатындардың бәрі бірдей бұл атаққа лайық емес» деген екен неміс ойшылы Гете. Қай салада да мамандардың кәсіби дайындық деңгейі бірдей емес. Мұғалімдер арасында да білім деңгейіне көңілі тола бермейтін жақтары бары рас. Мектеп дайын товар өндіретін завод емес.. Білім саласының басты мақсаты – білімді, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру. Балалардың рухани дамуына жол ашу. Мұғалім балалардың оқу қызметінің кәсіби басқарушы Сабақ үстіндегі мұғалімнің басқарушылық қызметі — өнер. Ол — балалардың ақыл – ойын, қабілетін, дағдысын мақсатқа сай пайдалана білу өнері. Мұғалім еңбегіне тек белгілі бір функцияларды орындаудан тұратын қызмет түрінде қарауға болмайды. Педагогикалық қызметте тікелей адам тағдыры жатқандықтан, оны нұсқаумен орындалатын нормативтермен өлшеуге келе бермейтіні тағы бар.
Мұғалім қызметінің тереңіне бойлап,тұнығын іздеген дұрыс. Қандай қызмет саласында болмасын жетімсіз жақтары көрініп қалып жатады. Ондайда жағалауды лайлап,ернеуге шығып қалған қиқым деректермен жұмысын бор қасқа, не боқ қасқа етіп шығару қиын шаруа емес. Мұғалім беделі мен қызмет құндылығы бала да, ата-ана да түсінуге тиіс. Қызметі әділетті бағаланбаған мұғалім балаға сапалы білім мен тәрбие бере алмасы анық…Бұл ой саларлық жай.
Осындайда сонау өткен дәуірдегі орыс патшайымы II Екатеринаның білім мен тәрбие саласындағы жасаған қадамдары ойға оралады.. Немересі I Александр мен інісі Константиннің тәрбиесімен өзі айналысқан патшайым мемлекеттік тәрбие беру жүйесі жобасын жасауға араласқаны тарихи деректерде жазылған.. Сол деректе қызмет тазалығы , жақсы үлгімен тәрбиелеу – тәрбиенің басты адамгершілік ұстанымы болуы тиіс делініпті.. Барлық сатыдағы мемлекет қызметкерлерінің мектептерге қатысты мәселелердегі міндеті белгіленген. Мұғалімдер мемлекеттік қызметкер санатына ендіріліп, еңбек ақысын жоғары деңгейде болуы қамтамасыз ету белгіленген.. . Тәрбие талғамы мен талабына сай үлгі көрсетпей, білім мекемелеріне бөлінген қаражатты қымқыру, білім саласы қызметкерлеріне қысым көрсетіп, үстемдік ету әрекеттерін жасағандар қатаң жазаға тартылатыны айтылған. Үлгі етуге лайықты дүниенің кімнен, кімнің ақылынан шыққаны маңызды емес, маңыздылығы – ақылға қонымдылығында.
Мұғалім мәртебесін көтеру – мемлекет еншісінде, ал қызмет беделін мұғалімнің өзі жасай алуға тиіс.. Оқу — тәрбие сапасын мұғалімдердің ар-ұятына салумен ғана жөндеп ала алмайтынымыз анық. Өз кәсібіне адалдықпен еңбек ететін мұғалімдер бұрын да, қазірде де солай еңбек етуде. Бүгінгі мектептер жетілдіруге , жаңартуға ғана мұқтаж емес . Бала тәрбиесіндегі азаматтық, қоғамдық ұстанымдар нақтылана түссе дейсің….
Сәкен Бозаев
Атырау облысы ,
Құлсары қаласы