Өмірімізде ананың ыстық құшағы мен аяулы алақанына жететін не бар шіркін?! Əрбір сəби дүние есігін ашқан сəтте,ана дүниеде таңдап алынған періште оған қамқорлық жасап,өмірінің мəніне айналады екен. Ол періште біздің анамыз. Осы сəттен ананың бар мейіріміне зəру боламыз. Ал сол періштеміз, ардақты анамыз бізді керек қылмай жатсынып тастап кетсе не істей аламыз?
Дүние есігін ашқан сəттен «тастанды» деген атқа ие боламыз. Дəл ананың мейіріміне мұқтаж сəтте,бізді ешкім жақсы көріп,құшағына баспайды. Əрине өз анасына керек болмаған сəби өзгеге қайдан ғана керек болсын? Өміріндегі əр қадамын қорқынышпен,үреймен басады. Əрбір шалыс басқан қадамынан өмірлік сабақ алады. Ақ пен қараны ажыратуды ата-анасы емес,өмірдің өзі үйретеді.
Əрине өмір қойған,жо-жоқ анасы жасап берген тағдырдың бар тауқыметіне бағынады. Тумысынан тастанды аталған бала,болашаққа қалай үміт артпақ? Ата-анасының тіпті өзінің кім екенін білмейтін бала болашағын бағдарлай алмауыда мүмкін. Балалық шағы терезеге телмірумен өтеді. Ата-анасын күтумен өткізген,бүлдіршіннің балғын балалық шағын кім қайтарып бермек? Оның осы өгей өміріне кім кінəлі?Періште деп санаған анасының ісі үшін сəби не үшін жауап бермек?Жоқ бұл періште яки ана емес қатігез,əділетсіз жан.
Бұл өмірдің ең басты бір бақыты отбасын құру мен сəби сүю,балалы болу. Бала өміріміздің мəні,жанымыздың шуағы,көңіліміздің нұры,көзіміздің қуанышы емеспе? Ендеше осындай тəтті құлыншақтарымызды не себепті тумысынан өзектен тебеміз?Неге жетімсіретеміз? Сұрақ көп,жауап мардымсыз.
Əрбіріміз болашақ сəбиіміздің осындай өгей өміріне себеп болмайықшы!
Неге авторы көрсетілмеген?