Аллаға мың шүкір дедік. Мемлекет басшысының қолдауымен әскери саламыз оңалып, сарбаздарымыздың айбыны артып, шекарамызды кірпік қақпай күзететін сардарларға барша жағдай жасалуда. Шыны керек, бүгінде біздің сарбазымыздың мерейі үстем,бейбіт елдің қорғаушысы.
Аталған шеруді тамашалап отырып, мемлекетіміздің егемендігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан қарулы күштерінің, ер-азаматтардың, әскерде жүрген сарбаздардыңбойындақайнаған күш-қуатымен қатар Отанға деген көзсіз сүйіспеншілік, ұлттық рух, қазақы мінез тереңірек қалыптасса құба-құп болар еді деген ойға қалдым. Осы жерде еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын әрбір адамда «Отанға деген сүйіспеншілік сезімі жоғары, Отан десе отқа түсуге дайын, «жүрегінің түгі бар» рухты, хас ұландарды қалай тәрбиелейміз? Бабаларымыз бойына осы сезімдерді қайдан сіңірді?»деген заңды сауалдар туындары хақ.
Әрине, мұндай сезімдер біздің халқымызға, елімізге асыл дініміз келген дер едім. Исламды барынша терең ұстанған дана халқымыз «Отанды сүю иманнан» деген Пайғамбарымыздың(с.а.с.) хадисін өмірлік ұстанымына айналдырды емес пе?! Тіпті, Отанын сатқандарды «опасыз, имансыз неме» деп елден шеттетіп, қаралап жататын. Тарих беттеріндегі Жоңғарларға қарсы көтерілістер, фашистік Германиямен соғыс кезінде қарсы шыққанбатыр бабаларымыз қара бастың қамы мен дүниені басты мақсат еткен жоқ. Олардың ұлы мақсаты дініміз бен ділімізді, Отанымыз бен жерімізді қорғау, болашақ ұрпағын құл, қыздарын күң болудан сақтау болды.
Ата-бабаларымыз қорғаған, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған Отанның азаттығы, бейбітшілігі мен тыныштығы, әлеуметтік және рухани дамуы бәрінен қымбат.Отанды сүю, әрине, иманнан екені сөзсіз. «Екі көзді тозақ оты шалмақ емес: біріншісі, Алладан қорқып, жылаған көз, екіншісі, елінің тыныштығын күзетіп, кірпік қақпаған көз» деген хадис бар. Иманы әлсіздер Отанның қадір-қасиетін терең түсіне алмайды, тәні мен жаны қатерге тігілген сәтте елін, Отанын қорғауды бұйырған Жаратқанын ұмытып, арғы жақта алатын жазасын елемей, тайқып шыға келері бек мүмкін. Ал, иманды жауынгер ше? Ол мұндай жағдайда не істемек? Тәні жараланудан, тіпті, жаны үзілуден гөрі ол Алланың әмірін орындауды, яғни, елін, жерін қорғауды бірінші кезекке қояды. Ол үшін арына, жауынгерлік міндетіне дақ түсірмей өту негізгі мақсат.
Ал, асыл дінімізде бес нәрсені – Отаныңды, дініңді, ар-намысыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттеледі.
Бұл бір қырынан алғандағы ой, ал, Отанды сүюді жалпы қарастырсақ, оның мәнісі тек қорғау ғана емес,туған елге, туған жерге қызмет ету, қызмет еткенде адал қызмет ету,қызыл сөзбен емес, іспен көрсету екендігі белгілі.
Халқымызда: «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Отанды сүюге, туған елге деген құрмет сезімі отбасынан бастау алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Барлығың жауаптысыңдар. Басшы еліне, отағасы отбасына, малшы малына жауапты. Әркім өз қарамағындағылардан сұраққа тартылады», — деген. Олай болса, балаға жастайынан жақсы тәрбие беруге, туған елді құрметтеуді, жанын қорғағандай дінін, отанын қорғауды, кісінің, мемлекеттің ақысын жемеуді үйретуге отағасы жауапты. Өзіңізден бастап, ұрпағыңыз Алладан қорқып, мемлекет мүлкін жемей, оны қорғауға, одан әрі дамытуғакүш салатын болса, елінің тыныштығын күзетуді илаһи борышым деп білсе, еліміздің болашағы жарқын деуге болады.
Отанға қызмет көрсетуде, оның халқын имандылық жолына шақыруда атақ-абырой үшін емес «ұрпағым, елім болашақта қор болмасын, отансыздықтың азабын тартпасын» деген қағиданы берік ұстану шарт. Жер бетінде отансыз ұлттар қаншама?! Біздің де ұрпағымыз біреудің қас-қабағына қарап жәутеңдемесін, біреудің қолына қарап дәметпесін десек, атадан қалған асыл мұраны сақтап, иманды да, ақылды ұрпақ тәрбиелеу — қасиетті парызымыз.
Жоғарыда айтып өткен әскердегі сарбаздарымызға, Отанды қорғаушы азаматтарға, еліміздің жастарына имандылық дәрістерін ұғындырсақ, шынайы дінімізге сай тәрбие берсек, олардың бойында елге деген сүйіспеншілік сезімі де, ұлттық рух пен қайсарлық та, халықтың мүлкіне ұқыпты қарау, халықтың ақысын жемеу секілді қастерлі қасиеттер де қалыптасары сөзсіз.
Ислам діні ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік пен кішіпейілділік қасиеттерге үндейтін ұлы дін болса, Отан сол қасиеттерді жүзеге асыратын қастерлі орда. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан!».
Ерекше мейірімді Алла елдің амандығын, Отанымыздың тыныштығын, халқымызға иман байлығын нәсіп қылып, қиямет күніне дейін елімізді Өзінен басқа ешкімге тәуелді етпесін! Әмин!
Төре
Еліміздің біртуар ұлы Б. Момышұлы атамыз айтқан «Отан үшін отқа түс — күймейсің» деген нақыл сөзі қандай мағыналы. Елімнің әрбір азаматы отанын, елін, жерін сүйетін, елінің мақсат-мүддесін өзінің қара қамынан жоғары қойатын, елінің нағыз патриоты болса екен.
Ал болашақ ұрпақты мұндай патриот етіп тәрбиелеуде имандылықтың орнының ерекше екенін айтпаса да түсінікті.