Сіз не дейсіз?


1223400085_0day1Біздің қоғам өркениет өрнегімен өрнектелген қазіргі заманның талабына сай дамып келеді. Иә, сыртынан бір қарағанда солай көрінгенімен ішінде кеулеген кесел, рухани азғындық. Қайда мойын бұрып қарасаңызда көретініңіз бір нәрсе, айқайлап азғындауға шақырып тұрады. Көшеде көрініс тапқан әрбір жарнаманың артында азғындықтың белгісі саналы адамға айдан анық.

Қазіргі кезде кім нені жарнамаласа да жалаңаш әйелдің бейнесін қыстырып қояды. Жалаңаш денеге қараған адам еріксіз жарнамаланған тауарға көз салады. Міне біреулерге әйелдердің жалаңаш денесі тауарды жарнамалаудың таптырмас тәсілі болып тұр. Әйелдердің тәні тірідей саудаланып қор болғаны аздай енді оның жалаңаштанған бейнесі де саудаға түсуде. Ондай арсыздықтан біздің қоғам қалайша қалыс қалсын. Қазақтың қара көз қыздарыда сол жарнама сөрелерінен орын алып, ұлттық намысты аяқасты етуде. Енді бір жерлерде қазақ тілінің мәртебесін аяқасты ететін қатеден көрінбейтін маңдайшалар тұрады.

Көшедегі көптеген жарнамалар орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. Міне бүгінгі көшеміздің сұрқы осындай. Егер сол жарнамалардың орнында қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттығын көрсететін бейнелер тұрса жағдай басқаша болар еді. Осыны қолға алатын халық өз болашағын аманат етіп тапсырған атқа мінерлердің санасы тұмшаланып, тілдері күрмеліп, көздері көр болып қалған ба?!, жоқ әлде олар көшемен жүрмей ме деген ойға қаласың.

Осылайша қазақтың жастары арсыз жарнамалармен, фильмдермен тәрбиеленіп ұлттық  тарихи санадан айырылуда. Осындай анталаған арамза факторлардың әсерінен тілі шұбар, санасы тар ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. Еліміздің болашағы, елдігіміздің іргесі осылайша талапайға түсуде. Оған дабыл қағып қолға алар азаматтар тапшылық. Дегенмен қараңғы түннен кейін жарық таң атары айқын, бұл қараңғылықтың да таңы бар шығар деп үміттенеміз.

0
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии