Белгілі бір уақыт өткен соң сырасыз босаңсып, тынышталу және демалу мүмкін болмай қалады. Уақыт өтісімен сыра мөлшері ұлғая түседі, алкогольдік эксцесстер пайда болады, есте сақтау қабілеті төмендей бастайды. Күнделікті ішілетін сыра дозасының алғашқы рет қабылдау уақыты артқа қарай шегіне түседі, яғни, бұрын кештен басталатын бұл әдет бастапқыда сәл ертерек уақытқа ауысады, кейін түс ауа ішеміз, сосын түске шегінеді, сөйтіп, таңертең ояна салысымен сыра ішу әдетке айналады. Сыра алкоголизмі қалыптасады, сыра тек әдетке ғана емес, сонымен қатар биохимияға да енеді.
Сырамен алкоголизациялану аман-саулықтың, құт-берекенің, жалған құт-берекенің (!) әсерін тудырады. Қоғамдық пікір бойынша сыра – алкогольдік емес дерлік сусын. Сыралық алкоголизацияға төбелесу және
айықтыру орнына түсу сияқты алкогольдік эксцесстер көпке дейін тән болмайды. Сыра ұрттап жіберуге деген қажеттілік араққа деген қажеттіліктегідей қобалжуды тудырмайды. Арақ алкоголизміне қарағанда сыра алкоголизмі анағұрлым баяу дамиды, адам бойына ұрлана енеді. Ал дамыған кезде бұл өте ауыр алкоголизм болады.
Сырға деген құмарлықпен күресу араққа деген құмарлықпен күрескеннен гөрі едәір ауыр. Бұл құмарлық өте жабсқақ келеді және жіберуі өте қиын. Науқас көпке дейін сыраның терең тыныштандыратын, седативті әрекетін, оның жұпар иісін сезінгісі кеп тұрады, дәмін тағы бір татып көргісі кеп тұрады. Бұдан ұғатынымыз, сыра алкоголизмі – ауыр, емделуі қиынға соғатын алкоголизмнің бір түрі.
Көп мөлшерде ішілген сыра жасушалық уға айналады, сондықтан оны асыра қолданған жағдайда соматикалық салдар белең алады: миокардиодистрофия, бауыр циррозы, гепатит. Сыра алкоголизмінде арақ алкоголизміне қарағанда ми жасушалары қаттырақ зақымдалады, сондықтан ойлау қабілеті күрт төмендейді, ауыр психопаттық өзгерістер байқалады.
Ер адамдарда негізгі жыныстық гормон – метилтестестеронның бөлінуі төмендейді.
Сыра, шарап және арақ алкоголизмдері – шартты түрде алынған атаулар. Алкогольдік тәуелділікті сусынның түрі емес, оның құрамындағы этил спирті тудырады. Мәселен, көлемдік пайызы 5-ті құрайтын бір шыны сыра 60 грамм арақпен тең. Ал күштірек сыраның бір шынысы, сәйкесінше, жүз грамм немесе жарты стақан арақпен тең. Айтпақшы, сыра қанға тезірек сіңеді және қатты масайтады. Ойланғаныңыз дұрыс болар…
Әсел Шынтас
[ad name=»HTML123″]