Бала ер жетіп, қыз бойжеткен шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз. Екі жастың бас қосып, отбасын құруы — ежелден қалыптасқан дәстүр. Кез-келген қыз бала тұрмыс құрып, ана атануы табиғат заңдылығы «Қыз – қонақ», «қыз – жат жұрттық» деген нақылдар бекер айтылмаған.

Соңғы кезде тойымызға республикамыздың атақты эстрада әншілер, ансамбльдер мен топтарды, күлдіргі сати- риктерді шақыру көбейіп барады. Әрине, талғамға талас жоқ. Ақшаға толы өмір, тәтті тұрмысқа тыйым сала алмайсың. Шаша ма, төге ме, жиған-тергенін әнші- лерге бере ме той иесі өзі біледі. Мұндай «шикарный» тойды «адал маңдай тері- мен» табыс табатын азаматтар өткізе алмайтыны анық. Аз ғана ақшамен қайдан әнші шақырсын? Бұлақтан аққан суындай көл көсір тойды байлар ғана өткізе алады. Тойларда біздің ұлттық намыс, талғам байқала бермейді. Қазақы тойларда жалпы би деген көбіне өзбекше, ұйғырша, орысша сазға құрылады. Содан кейін: «Бари гәл, бәри гәл, бәри гәл, синий иний, синий иний уууу» деп, аяқ- қолымыз ербеңдеп әуреге түсіп жатамыз. Бидің әуенін таңдағанда да ұлттық ғұрып, өзіндік бет-бейне, ұлтжандылық болса игі.
Тойдың қызық, мазмұнды болуымен қатар тәрбиелік мәні жоғары болса ұтымды болар еді. Сонымен қатар, үйлену тойында жас жұбайлардың жақсы жақтарын сөзбен ғана емес сценалық мағынада көрсетілсе, жастарға үлгі. Беташар тойға қызылды, жасылды мата, тақия, шапан, көйлек, костюм шалбар әкелудің реті жоқ секілді. Бұл киімдерді ешкім кимейді, қайтадан басқа біреуге ауыстырып береді. Қажетсіз дүниелер ешқандай моральдық немесе материалдық пайда әкелмейді.
Солардың орнына сол тойды еске алып жүретіндей сувинер немесе қажетті, есте қалатындай сыйлық беріл се, дұрыс болар еді деп ойлаймыз.
«Әр елдің салты басқа…» демекші, бәріміз қазақ болсақ та, Қазақстанның әр аймақта той әр түрлі өтеді. Ең басты ерекшелігі сол, бір жерде бар дәстүр, екінші бір аймақта жоқ немесе басқаша орындалады.
Әнел АСҚАР, «Хабар» телеарнасының тілшісі:
— «Келін түсіріп, қыз ұзату» әр қазақтың арманы. Кез келген тойдың машақаты да көп, көңіл қуантар рахаты да аз емес. Бүгінгі қыз ұзату тойы үйлену тойынан артық өтпесе, кем түспейді. Мен Жамбыл облысының тумасымын. Қыз баланы жат-жұрттық боп жаралған соң бес күндік қонағым деп құрметтеген халықтың ұрпағымыз. Үйлену дәстүрі болсын, рухани, заттық мәдениет қырлары мен жалпы дәстүрлі тұрмыстық ахуалдарға байланысты атқарылатын көптеген жосын-жоралғылардың бүгінгі күні көп сақталған өңірі деп Оңтүстік Қазақстан облысын атауға болады. Оңтүстікте өзбектің би әуендеріне әуес. Біздің Тараз қаласында той басқа өңірлерге қарағанда мүлдем басқаша өткізіледі. Қандай той болмасын, солтүстік өңірде жүз адамнан кем шақырылмаса, оңтүстікте қонақ саны кемінде бес жүз адамнан асып жығылады. Қыз үйінен ұзатылғанда жасауын бірге беріп жібереді. Күйеу жігіттің жағында болатын тойға қыздың ата- анасы міндетті түрде қатысады. Беташар үйлену тойының үстінде емес, келін босағадан аттап, басына орамал салынған күні ақ орындалады. Содан соң, бір ай немесе үш-төрт айдан кейін, мейрамханада кешкі тойды өткізеді. (кейде бір жылдан кейін, әр отбасының тұрмыстық жағдайына байланысты) Қалындық пен күйеу жігіттің ата аналары төс қағыстырады. Және оңтүстік аймақтың бір ерекшелігі баспен иіліп «сәлем» береді. Ата әжелер келіннің салт дәстүрді сақтауына ерекше назар аударады. Келіннің міндетті түрде орамалын тағып жүруі тиіс. Жаксы жар, болашак ана, болашак от анасы иманды, әдепті, инабатты, сыпайы, тәрбиелі, адамгершілігі мол, барлық жағдайда жолдасына тіреу бола алатын адал жар, балаларына жақсы тәрбие бере алатын ана, ата-енесін өз ата анасындай коретін, сыйлайтын келін болу керек. Қазақтың атпал азаматының босағасына бақ болып қонып, қазақ елінің шаңырағын шайқалтпай, керегесінің кең, іргесінің берік болуына септігін тигізетін қазақ келіндері көп болғай!
Азамат ТУРАЛИЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты:
— Той — идеологиялық мақсатты жүзеге асыратын іргелі іс-шара. Әрине, қалтасы қалыңның тойы бар, жұқаның тойы бар. Бірақ, бәрібір, әр тойды тәрбие құралына айналдыруымыз керек. Жас жұбайлардың, әсіресе жас келіннің ата- енесінің аузына торт тықпалауы қазаққа жараспайды. Тойды тіл мәдениеті арқы- лы жөндеуге әбден болады. Мен Семейде, Шымкентте, Алматыда, Павлодарда достарымның тойына қатысып көрдім, сонда байқағаным, Батыс Қазақстанның тойы басқа облыстарға қарағанда өзгеше ұйымдастырылады екен.
«Қызға қырық үйден тыю, қала берді күңнен тыю» деген халық дана- лығы бүкіл ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылғанымен бүгінгі түсінік басқа. Себебі қазіргі қазақ қыздарының көбісі салт-дәстүрді ескіліктің жұрнағы деп түсінеді. Бүгінгі таңда әлемдік өркениетке бағыт алдық. Осыған орай демократиялық қоғамда тұрмыс-тірші- лігіміздің бұрынғы күйі басқа арнаға ауысты. Дәлірек айтқанда, еркін ақпарат алмасу үрдісі қалыптасып, ұлттық тәрбие мектебіміз де жаңа заманауи сипатқа ие болды. Бүгінгі кез қазақ қызына қарап «үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек» деп теңеу айтатын уақыт емес. Десек те ертеңгі күні бір шаңырақтың ұйытқысы болар қаракөздеріміздің бүгінгі жүріс- тұрысына, киім кию мәдениеті мен жалпы әдеп мәселелеріне қатысты көптеген сыни пікірлер бар. Сананы тұрмысқа тәуелді қылмай, керісінше, тіршілігіміздің тынысын биік өремен, терең түйсікпен қабылдауымыз маңызды.
Той өткізуді жан-жақты дамытып, оның қызық мазмұнды болып, тәрбиелік жағы жоғары болуына әр той иесінің өзінің талғамына байланысты. Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!

