Ұятсыздықты насихаттап табыс табу бизнесі өз бастауын Еуропадан алып, кейін КСРО ыдырай бастағаннан кейін, яғни 1990-жылдары Қазақ жеріне де келіп жетті. Осы жол арқылы табыс табатындар, еш ұялмастан табыстарын одан әрі өсіру үшін қоғамның бүкіл жерінде ашық түрде ұятсыздықты насихаттап жұмыстарын жүргізді. Олар алғашқыда сурет, фото арқылы жалаңаш бейнелерді көрсетіп, кейінен кино, жарнама, мультфилимдерге араластырды. Бұнымен тоқтаған жоқ, адамның психологиясын жақсы білген олар, ендігі қоғамда тұтынылатын әр заттың сатылуын тездету үшін, ол заттарға әйел мен еркектің жалаңаш бейнелерін жабыстырып, сатқыза бастады. Қазіргі уақытта сатылатын сағыздан бастап, пәтердің жарнамасына дейін жалаңаш әйелдің бейнесі бар.
Ал, енді бұл қаншалықты адам психологиясына теріс әсерін тигізетінде, олардың еш шаруасы жоқ. Өйткені, олар үшін табыс маңыздырақ. Осыдан келіп сұрақтар туындайды, бұл ұятсыздық бизнесін тоқтату мүмкін бе? Бұнымен қалай күресу керек? Бұдан шығар жол бар ма?
Әрине бұдан шығар жол бар. Алдымен ұятсыздықтың зиянын, қауіпін білу, кейін жүрген жерде, жұмыста, үйде, көшеде айта жүру, адамдардың саналарын ояту. Яғни бастық өз деңгейінде, мұғалім өз деңгейінде, дәрігер өз деңгейінде, ата-ана өз балаларына айта жүру керек. Кейін қоғамның бүкіл саласындағы ұятсыздық арқылы жасалатын бизнестің барлық түріне тосқауыл қою керек. Мысалы: «Наша Казаша» бағдарламасын жабу.
Қоғамда ұятсыздықтың тарауының екінші себебін қарастырып өтейік. Ұлтты, ұрпақты құрту үшін алдымен оны бұзу керек. Бұзудың ең төте жолы, ұятсыздықты, некесіз жүріс тұрыстарды кең жаю. Бұл теорияның атасы еврей ғалымы Фрейд болып табылады. Осы теория негізінде ұлтты және оның ұрпағын құрту үшін ұятсыздықты, некесіз жүріс тұрыстарға жол ашылса болды, арықарай ол ұлт өз өзін жоқ қылып жібереді. Қалайша дейсіздер ғой, алдымен ұяты жоғалған қоғамда адамдар арасында жеңіл жүріс-тұрыстар (некесіз қатынастар) көбейеді, бұл жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурулардың көбейюіне алып келеді. Одан кейін ол аурулар ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Ақыры жүгенсіздік жайлаған ұлт құрып тынады.
Сонымен қатар адамдардың әдеп жүріс-тұрыстары бұзылады. Отбасы, әке-бала, ата-әже дегенге құрмет жоғалады. Бара, бара адамдар хайуандық дәрежеге жетеді. Осылайша ұлт ұрпақ жоғалады. Бұдан шығар жол жалғыз ғана, ол имандылық жолы. Ұлтты, ұрпақты тәрбиелеудің басында имандылық тұру керек. Имандылықпен тәрбиеленген адам баласының санасында ең алдымен «ұят» тұрады. Бұған дәлел ретінде Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.а.у) айтқан хадисі: «Ұят иманнан» деген. Ұяты көп болған қоғамда «Наша Казаша» т.б осыған ұқсас телебағдарламалары, жалаңаш әйелдердің суреттері бар газет, журналдары, денесін сататын жезөкше қыздары болмайды.
Сондықтан, келіңіздер ұлт боп, ел болып ұлтымызды, имандылығымызды бұзатын нәрселерге тоқауыл қояйық, күресейік! Бастық өз деңгейінде, мұғалім өз деңгейінде, дәрігер өз деңгейінде күресуі керек. Ата ана да балаларын ұятсыздықтан қорғау үшін күресуі міндет.