БАҚ ақпараттық порталында «Әлемді құмырсқалар қаптап барады» шетелдік мақаласы жарияланған болатын. Мұнда Испания ғалымдары құмырсқалардың 600 астам түрі дүниежүзі бойынша жылдам көбейіп, таралып барады деп дабыл қағуда. Жәндіктер жаңа отар түзіп, байырғы жергілікті құмырсқалардың басқа аймаққа көшу үдерісін туғызып, Еуропада аргентиналық агрессивті құмырсқалардың алып ордалары пайда болған. Зерттеуші Вероника Мираветенің айтуынша, бұл жайт экожүйенің бұзылуына әкеліп соғады. Құмырсқалардың тағы 768 түрі әлемге кездейсоқ таралған. «Олар бір аймақтан келесі аймаққа су және әуе көліктерімен жеткізілетін жеміс-жидек контейнерлері, топырақ, декоративті бұйымдар арқылы таралуда екен. Құмырсқалардың 85%-ы жылдам көбейеді, әрі жаңа мекенге тез бейімделеді. Сол себепті олар адам өміріне, қоршаған ортаға және барлық инфрақұрылымға қауіп төндіріп тұр», – дейді В.Миравете. Тым көбейіп бара жатқан құмырсқалар В.Миравете айтқандай Еуропаны ғана емес, өз ауламызда да байқалуда. Бұрын 2-3 құмырсқа илеуі болатын. Ал, қазір олардың илеуі (ұялары) 10-нан асып жығылады. Жаман жері сол, олар жай өз бағыттарымен жұмысын істеп жүре бермейдіғой. Таң азанымен далада ұйқыдан ояңсан, көне орта ғасырлық мемлекеттер арасына тап болғандай әсерде қаласын. Яғни, бір-бірімен қырық-пышақ, қоян-қолтық шайқасып жатқан құмырсқалар тобырын көресін, тіпті арасынан аттап өтер жер таппай қаласын. Кейде екі үш илеудің жұмысшы құмырсқалары жемдерін бір орталықтан тасып қалады, осындайда бірін-бірі тістелеп шайқасқанда жақын барсаңыз дауыстары шыпырлап естіліп жатады. Олардың бірденеге наразы болып жатқанын алыстан-ақ байқауға болады. Жай күндері б.д.д. ІІ — б.д. ХҮІ ғасырларында Арыс өзені бойымен тіз қатар жүрген Ұлы Жібек жолындай болып тауарларын, жемдерін ары-бері бір сызық бойымен тасыса, ал шайқас кезінде 3-4 кв/м жерде бытырап, көне Ұлы даламыздағы ұрыс майданына айналады. Алақандай жерден бірінін құйрығын бірі қырқып тастаған, өлгендерін екі метрдей қашықтыққа сүйрелеп апарып тастап жатқанын, айқасып-күресіп жатқанын аңғарасын. Негізінен кез-кезлен нарсенін қалыптан тыс бұзылуы табиғи тепе-тендікті бұзатыны рас.
Сонымен қатар, кейінгі кездері өнірімізде сырт пішіні мен түсі өзгеше инапланеталық ара қаптап кетті. Оны әр кім әр қалай атауда. Бірі қытайлық (китайский) ара десе, келесі біреуі білмеймін Африкадан келгенбе деп қояды. Аранын түсі бір түсті қызғылт, ешқандай жолағы жоқ, аяқ-қолдары серейген және ұшқанда аяқтары барынша салбырап, көзге оғаш көрінеді. Ал, ол адамды шаққанда терінің беткі жұқа қабатын өзінің басының көлеміндей етіп
жұлып түседі және ыстық шоқ басқандай күйдіреді. Осы бір белгісіз қаптап кеткен араны Алла-тағаланың өзі ұнатпай ұсқынсыз етіп жарата салған. Бала кезімізден танымал ірі қызыл ара, майда сарыала ара, бал арасынан Алланын асқан суретшілік шеберлігін айқын аңғарасын. Мәселен, майда сарыала араны алып лупамен көрсеңіз, оның әрбір бояуы бір-бірімен өте жоғары талғампаздықпен үйлескендігі, бояулардың ара қашықтығы геометриялық, математикалық бірдей өлшеммен түскендігіне тәнті болып, жер бетіндегі суретшілердің суретшісі тек Алла екенің бір ғана ара көрсетіп тұрғандай болады. Жәндіктердің мұндай құбылыстарына көз жұма қарауға болмайды. Олардың былай көбейіп кетуінің қандайда бір себебі болуы мүмкін. Алдағы уақытта бұл құбылыстардың сыры ашыла жатар, тек жаратқаннан жақсылық күтіп, табиғатымыз мол жәндіктермен, ал тарихымыз құнды жәдігерлермен байй берсін деймін.