Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Қазақ халқы ықылым замандардан бері ұлттық тәрбиеге айырықша мін берген. Дана халқымыз: « Тәрбие- тал бесіктен басталады» деп бекер айтпаса керек. Бала- отбасының баға жетпес байлығы. « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөздің өзінде терең мағына жатыр.

Қазақ елінің біртуар тұлғалары Абай, Шоқан, Ыбырайлар көпті көрген көнекөз қарияларымыздың тәлім- тәрбие алған. Абай Зереден, Шоқан Айғанымнан, ал, Ыбырай Балғожа бидің тәрбиесін бойына сіңіргені бізге мәлім. Олар балғын балалық шақтарынан бастап ата-әжелерінің құлақтың құрышын қандырар ертегі, әңгімелерімен қатар, тағылымы мол өлең жырларымен сусындап өсті. Олардың қазақ халқының даңқты перзенттерінің болуына ата-әжелерінің ықпалы өте зор болған.

Біздің ата- бабаларымыз ұл- қыздарының тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. « Әкем көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп халық бекер айтпаған.Қыз баланы алақандарына салып әлпештеп, еркелетіп, қонақ деп қараса, ал ұл баланы әулеттің ізбасары, ұрпағын жалғастырушы деп сезінген. Сондықтан «Әке- асқар тау, ана- мөлдір бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» екендігін ешқашан естен шығармағанымыз жөн. Ата- аналарымызды қадірлеу ең басты парызымыз.

Ата- ана әрқашан балаларының « Еліне елеулі, халқына қалаулы» азамат болуын қалайтыны белгілі. Ал тәрбиені дұрыс не бұрыс қабылдау баланың тікелей өзіне байланысты.Кейбір балалар ғаламтордан керекті мағлұматтарды алудың орнына кері әсер тигізер ойындарға әуес. Сонымен қатар жастайынан дөрекі сөйлеу, темекі шегу сияқты жаман әдеттерге бой алдырулары көңілге кірбің ұялатады.

Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйініне келсек, қазақтың алтын асықтай ұл- қызлары « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген халық даналығын әрқашан бойға сіңіріп өткендерін қалар едік.

+91
-22

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии