Жастар — бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Кенеттен емес, БҰҰ Мыңжылдық даму бағдарламасындағы негізгі шешуіші мәселе ретінде – жастар олардың қалыпты өмір сүруі, денсаулығы, тиімді еңбек етуі секілді мәселелер қозғалған.
Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жастар саясатына берілген анықтама -мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi қызметінің аясы.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жастар саясаты туралы концепциясы» 1999 жылы 28 тамызда қабылданған, оның мағынасын кең түрде ашатын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жылы 7 шілдедегі «Жастар саясаты туралы заң» бар. Алайда, оның баптары не себепті толық орындалмайды ? Оның толық орындалмауы эффективті норамативті-құқықтық базасы жеткілкіті қамтасмасыз етілмегендіктен бе, қаржылық жетіспеушіліктен бе, қадағалаудың аздығынан ба секілді түрлі қырлары бар.
Елбасы айтуынша, төрт базалық элемент – кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, отбасы құруға арналған жек үйі, салауатты өмір салтын жүргізуге арналған мүмкіндіктің болуы жастар мәселесін шешудің қадамдарының бірі. Қазақстан жастар саясатының жеткілікті дәрежеде дамымау себептері неде екенін анықтау бұл мәселенің барысын қарастыруға мүмкіндік береді:
Қаржыландыру— кез-келген маңызды шаруада қаржыландыру мәні аса жоғары. Алайда ондағы мәселе, қалай тиімді және жеткілікті түрде қаржыландыруға болады. Голландияда, Испанияда төменнен жоғарыға қарай, яғни жергілікті аймақтар өзіне қажетті ресурстарды үкіметке жібереді, онда талқыланып реттеуші шешім шығарылады.Францияда аймақтар мен үкімет арасындағы ынтымақтасық және байланыс негізінде реттеледі. Қазақстанға қаржыландыру кезінде аймақтардың мұқтажыдықтарын барынша кең ескеру керек.
Құрылым –әлем мемлекеттерінде жастар ісімен айналыстаын тікелей құрылым бар. Қазақстанда Білім және ғылым министірлігі жастар саясаты департаменті, ҚР Президенті жанындағы Жастар кеңесі, Мәдениет министірлігі жанындағы комитеті секілді құрылымдар айналысады. Жастар саясаты жұмысын бір жүйеге келтіру арқылы біріктіру керек. Бұл Қазақстанда Жастар саясаты жөніндегі агенттік құру арқылы болуы мүмкін. Жапония, Сингапур, Малазия елдерінде жастар саясатымен құрылымдық-жүйелік түрде жұмыс істеу нәтижесінде туған.
Жастар ұйымдарының орны. Жастар саясатындағы басты орынды алушылардың бірі бола отырып, жастар тарапынан көтерілген мәселе лердің қыр-сырын білетін тікелей солар. Әлемдік тәжірбиеде олардың жастар саясатын орындаушы аса маңызды субъекті орнын алады. Қазақстанда жастар ұйымдарыны тарпынан мәселелер көтеріледі. Оларға тиісті құқықтар беріп тең ретінде қарстыру, пікірімен саансу, жұмыстары көлеңкеде қалып коймауы болса бұл олар еңбегінің жемісі болар еді.
Кешенді тәсіл – әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси,құндылықтар мәселесін біртұтас жүйе ретінде қарастыру маңызды. Осындай тәсіл арқылы әрбір жеке секторға көңіл бөлу негізінде басым болу міндет.
Билік құрылымдары жастар мәселесін оларға тең түрде қарау арқылы және оларды заң жобаларын тең түрде қатыстыру арқылы шеше алады. Жастар –мемлекет дамуының сапалы кепілі болғандықтан, олардың жайын бүгін қам жемесек, еретең кеш болады. Ештен кеш жақсы демекші, жастар саясатын күн тәртібіне қойсақ, оған жастарды тең мүше ретінде қарастырсақ, бұл жұмысқа өз септігін тигізер. Жастар қоғам қараым-қатынасындағы келелі фактор.
Тұтастай әлемдік тәжірбиеде жастар саясатын жүзеге асыруда екі модель басым еуропалық- онда жастар саясаты саласында мемлекет басым, англо-саксондық-жастар ұйымадары жұмыстарына мемлекеттің жүйелі түрде қатыспай оларға толықтай еркіндік беру негізінде жасалған. Қазақстанға қай моделді таңдау керек? Ең тиімдісі Жапония секілді екеуінде ұштастыра білу қажет. Еуропалық мемлекеттерінің басым көпшілігінде (Германия, Австрия, Ирландия, Ұлыбритания т.б) қаржыландыру аймақтық қажетіліктер бойынша орындалады. Оны Қазақстанда қолдану бойынша жастар әркелкі, мысалы Алматы, Астана секілді ірі қалаларда жастар көп шоғырланған оларға соған байланысты қаржыландыру да басым болу керек, ұйымдасыру сияқты әкімшіліктегі жастар саясаты мамандары да деңгейге сай болу қажет.
Берікбол Дукеев
Сөйлем арасында неге байланыс жоқ?
Жастар мен жоғары білім саласының мемлекет назарынан тыс қалмайтынын айрықша атап көрсетті, жоғары оқу орындары тек ғылым-білім ғана емес, сонымен қатар жаңа инновациялардың ордасы болып, Отанымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуында мемлекетке қолғабыс тигізуі тиіс. Сонымен қатар қай істің де алтын діңгегі – жоғары сапалы кадрлар құрамы. Бұл орайда Н.Назарбаев қазір өзін-өзі жан-жақты ақтаған «Болашақ» бағдарламасын одан әрі жетілдіріліп, өркен жаятынын айтып, ел жастарының сенімін нығайтты.