Жастардың жаргондары-ай

2013-01-30_112252Кез келген тілдің лексикасы әдеби және бейәдеби болып екіге бөлінетіні белгілі. Осы бейәдеби тілге жастардың жаргондары мен сленгтерін де жатқызуға болады. Жаргондар — белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі деуге де болады. Ал, сленг деп – белгілі бір аптада қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды сөздер деп қарай алар едім.

Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолдануы мүмкін: әсер қалдыруы үшін, елден ерекше болу, өзгелер түсінбеу үшін, белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін, кейде әзіл ретінде де айтып жататындары бар. Соңғы уақытта жасөспірімдер компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, ойындағы «ең басты жау» деген ұғымын білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болған. Жастардың күнделікті қолданып жүрген сленгтерінде орыс сөздернің көптеген компоненттері кездеседі. Мысалы: «тормозы ұстап қалды» — бір жағдайдан шешім шешім таба алмай қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды» деген тіркес бар, «типаж болу», «блатной болу» — менменсу тіркесімен байланысты. «Құлаққа лапша ілу» — өтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу. Міне жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр. Оған өздерінше «жаргон ғой» — деп, айдар тағып әлде қандай болатынын қайтесің.

Енді сол жаргон сөздеріне мысал келтіре кетейін, «дүкенге барсаң тіске басар немесе тамақ ала келші» деудің орнына «маганзиннен сущняк, хавчик ала салшы», «кешкісін қолың бос болса үйге қонақ болып кет» деудің орнына «кешке если че маған қарай тартыл», «ата-анаң білме ме?» — деп сұрар болса, «мамка-батялар курста ма?» деген неше түрлі паразит сөздер бар.

Тәрбие, тәртіп бомаған жерде білім билік құра алмайды. Ал тәрбие, тәртіп отбасынан бастау алады. Баланы жастан дегендей, ата-ана жастайынан оқуға, дұрыс сөйлеуге баулуы керек.

Болашақ бүгіннен басталады. Қазақ тілге деген, ана тілге деген сүйіспеншілікті арттыра түскенде ғана, тіліміздегі жаргон сынды паразит сөздерінің жойылуы хақ. «Ана тілі дегеніміз – сол тілдің жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады» — дейді Ғ. Мүсірепов.

 Автор: Сандуғаш Қуанышбайқызы

+14
-1

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии