Зiлзаланың сабақтары

Қанша жер­ден мықты болсақ та, басқа салғанды көз көредi емес пе?! Жер жаһанды күнi ке­ше­ге дейiн эко­но­ми­ка­сы­мен жаулаған, ал тауарларының са­па­сы­мен

ешқандай ел таласқа түсе ал­май­тын Жа­по­ния бүгiнгi күнi ұлт бо­лып жой­ы­лып ке­ту қаупiн бас­тан ке­шу­де. Халық санының тығыздығымен ая­дай жердi ая­лап отырған мемлекеттiң халi тiптi ая­ныш­ты. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн iрi апатқа ұшыраған елдiң жағдайы мүшкiл. Рих­тер өлшемi бой­ын­ша 8-9 баллдық жер сiлкiнiсi Жа­по­ния аралдарындағы жер ас­ты дүмпулерiне се­беп бо­лып, жағалаудағы арал он метр биiктiкке жетiп, қаланы тасқын шай­ып кеткенiн кешегiге дейiн әлем баспасөзi жа­ры­са жаз­ды, әлi де жа­зу­да. Бұл оқиғаны көзбен көрмек түгiлi, ай­тып жеткiзудiң өзi қорқынышты. Ғаламат толқындар зәулiм үйлердi қопара көтерiп, көлiктер баланың ойыншығы iспеттi ағыспен ке­те барған. Де­сек те, бұл елдiң зiлзаладан зақым көрiп отырғаны бiр бұл емес. Жа­по­ния – жер дүпуiмен көз ашқалы күресiп отырған мемлекеттiң бiрi. «Бiр айналдырғанды шыр ай­нал­ды­ра­ды» демекшi, ол аз болғандай, «Фу­ку­си­ма-1» деп ата­ла­тын АЭС-ның үшiншi энер­гоб­ло­гын­да жа­ры­лыс бо­лып, салқындату жүйесi iстен шығып, ар­ты жарылысқа ұласып, атом элек­тр стан­ци­я­сы цу­на­ми­ден де үлкен қауiп төндi. Қазiргi кез­де ма­ман­дар қаза тапқандар мен iз-түзсiз кет­кен адам са­ны 20 мыңнан асып жығылғанын ай­ту­да. Ел­ге кел­ген за­рдап шығыны 235 мил­ли­ард дол­лар екен. Бұл аз шығын емес. Елдi толық қалпына келтiруге кем де­ген­де бес жыл қажет де­ген бол­жам­дар да бар. Зiлзаладан жа­па шек­кен миллиондаған халық қазiр элек­тр жарығы мен бiр жұтым ауыз суға жа­ры­май отыр де­ген ақпараттар бар.

ЗӘРЕНI АЛҒАН ЗIЛЗАЛА

Әлемдi дүр сiлкiндiрген зiлзала бiздiң елдi де ай­на­лып өткен жоқ. Мамырдың бiрiнде болған жер сiлкiнiсi елдi дағдартып қойғаны шындық. Тәулiгiне ал­ты рет болған жер сiлкiнiсi баршаның жадын­да қалған оқиға бол­ды. Ма­ман­дар жер ас­ты дүмпуiнiң ошағы Ал­ма­ты­дан солтүстiк-шығысқа қарай 75, Қапшағайдан 29 шақырым жер­де болғанын анықтады. Сейс­мо­ло­гия ин­сти­ту­ты өкiлдерiнiң мәлiмдеуiнше, эпи­центр аймағы Еңбекшiқазақ ауданының Ма­ло­вод­ное ауы­лын­да тiркелген.
Жал­пы, Ал­ма­ты қаласы сейсмологиялық апат­ты аймақта орналасқандығы себептi осыған дейiн де жер сiлкiнiсi көп бол­ды. Тұңғыш рет 1887 жы­лы жер сiлкiнiсi бо­лып, 236 адамның өмiрi қиылды. Бұл оқиға екi жыл­дан кейiн, яғни 1889 жы­лы тағы қайталанды. Одан соң 1911 жылдың 22 желтоқсанында 9 баллдық жер сiлкiнiсi бо­лып, 44 адам қаза тап­ты.
Зәлзала болған күнi, яғни бiрiншi ма­мыр­да алматылық тұрғындардың ара­сын­да «бүгiн түнде тағы жер сiлкiнедi екен» де­ген сөз жел­дей естi. Тұрғындар бағалы зат­та­ры мен құжаттарын алып, көшеге шықты. Бiрi мәшинеде түнедi, бiрi қаладан шығып кеттi. Ста­ди­он­да жи­ы­лып, зәлзаланы сөз ет­кен бiр топ адам­ды көрдiк. Мешiттi паналаған адам­дар да бо­лып­ты. Қысқасы, әркiм әртүрлi әрекетке бар­ды. Бiз мақаланы жа­зу ба­ры­сын­да бiрнеше адам­нан пiкiр алған едiк.

Нұржамал, ана:
– Жексенбi күнгi жер сiлкiнiсiнен ба­ла­ла­ры­мыз­бен шо­шы­на ояндық. Үйдегi ыдыс­тар та­сыр­лап, өзiм бiршама уақытқа дейiн ес жия ал­май, аузы­ма түскен «биссмилләнi» қайта-қайта ай­та берiппiн. Түске жақын жер қайта сiлкiнген соң, ағайын-ту­ыс­та­ры­мыз­бен ха­бар­ла­сып, кешкiсiн осы жайттың қайталанатынын естiдiк. Қажеттi құжаттарды алып, ба­ла-шағамызбен алаңға шығып, таңды ұйқысыз атырдық. «Апат ай­тып келмейдi» демекшi, өзiмiз Жапониядағы жағдайды те­ле­ди­дар­дан көрiп отыр­мыз. Қаншама адамның тағдыры қиылып, бүтiндей бiр мемлекеттiң жой­ы­лып кетуiне шақ қалды. Апат қайдан және қашан келетiнiн ешкiм бiлмейдi. Оған қарсы ешкiм тұра ал­май­ды. Мәселен дамыған де­ген жа­пон елi кешегi болған жер сiлкiнiсiне дай­ын ба едi? Жоқ. Ал осын­дай то­сын жағдайларда халық өзiн қалай ұстау ке­рек, со­ны бiз ар­найы ақпарат құралдары арқылы ап­та­сы­на, не бол­ма­са ай­ы­на бiр рет көпшiлiкке түсiндiрiп оты­ру­ы­мыз ке­рек. Жал­пы, «тiрi нәрсенiң тiрi нәрсеге әсерi бар» деп жа­та­ды ғой. Қоғамда бо­лып жатқан жайт­тар­дан қара жер де ха­бар­дар.

Талғат, кәсiпкер:
– Соңғы кездерi жер сiлкiнiстерi жиi қайталануда. Мұны табиғаттың «то­сын мiнезi» де­уге жа­ра­мас. Қазақта «Құдайсыз қурай да сын­бай­ды» де­ген сөз бар. Себепсiз ештеңе жоқ. Өздiгiнен ештеңе пай­да бол­май­ды. Де­мек апат – Ал­ла­дан. Әлемде табиғат апа­ты­нан қаншама адам көз жұмып, қалалар қираса да, бiр ор­нын­да бұзылмай тап сол қалпында қалған мешiттер болған. Күнi ке­ше Қызылағаштағы бо­лып өткен осы жайт әлi есiмiзде. Бүгiнде көптеген ел­дер табиғи апат­тар: жер сiлкiну мен цу­на­ми­ден за­рдап шегiп отыр. «Мүмкiн бұл – Алланың күнәһар адамдарға ес жиғызып, тәртiпке са­лу үшiн тарттырған аза­бы ма?» де­ген сұрақ менi ма­за­лай­ды. Ал қасиеттi Құран Кәрiмде: «Бастарыңа кел­ген бiр ауыртпашылық, қолекi iстегендерiңнiң сал­да­ры­нан бо­ла­ды» («Шу­ра» сүресi, 30-аят) делiнген. Де­ма­лыс күнi болған зiлзала кезiнде от­ба­сым­мен Орталық мешiттi ба­рып паналадық. Аллаға мiнәжат етiп, кешiрiм сұраумен болдық.

Қуандық, сту­дент:
– Ме­ре­ке жексенбiге сай кел­ген соң, до­ста­ры­мыз­бен тауға шыққанбыз. Түс мезгiлiне қарай жердiң сiлкiнгенiн сез­ген­дей болдық. Осы оқиға кешкi ал­ты­лар ша­ма­сын­да тағы да қайталанған соң, қала сыртындағы ата-анамызға қарай бет алдық. Жай күннiң өзiнде Ал­ма­ты қаласында көлiк тығынынан жүре ал­май­мыз. Ал ал­ты баллдық жер сiлкiнiсiнен ас­са, тиiстi орын­дар газ бен элек­тр энер­ги­я­сын ав­то­мат­ты түрде желiден ай­ы­ра­ды. Мәселен ке­ше халық үйлерiн тас­тап қашты. Бұл олардың жер сiлкiнiсiне жеткiлiктi түрде дай­ын емес екендiгiн көрсеттi. Ал­дын ала жер сiлкiнiсi жай­лы жеткiлiктi түрде хабарланған жоқ. Халық аяқ ас­ты­нан жер сiлкiнiсiн сездi де, өзара бiр-бiрiнен естiген лақап ха­бар­мен дүрлiгiп кеттi. Ең бол­ма­са, бiр рет бол­са да да­у­ыс зорайтқышымен тұрғын үйлердi ара­лап, халықты тыныштандыруға шақырса, мұның өзi үлкен көмек бо­лар едi.

ҚҰДАЙСЫЗ ҚУРАЙ ДА СЫН­БАЙ­ДЫ

1999 жыл. 17 та­мыз. Түркияның Из­мит қаласында жер сiлкiндi. Рих­тер өлшемi бой­ын­ша – 9-10 балл. 17 217 адамның өмiрi қиылды. 43 959 адам ауыр жарақат алып, 500 мыңнан ас­там жан бас­па­на­сыз қалды. 120 мың ғимарат қайта жөндеуге жа­ра­май қалған. Апат­ты аймақ 25 мл­рд долларға шығындалды. Алай­да жер сiлкiнiсiнiң қуаты жергiлiктi мешiт пен медресенi құлата алмаған.
2004 жыл. 26 желтоқсан. Ин­до­не­зи­яда цу­на­ми Су­мат­ра аралындағы елдердiң тас-талқанын шығарды. Бұрын-соңды болмаған iрi апат­тан үндi мұхиты маңайындағы мем­ле­кет­тер 300 мыңдай ада­мы­нан ай­ы­рыл­ды. Алай­да апат ондаған мешiт мұнарасын да май­ы­с­ты­ра ал­ма­ды. Жергiлiктi мешiттiң бас има­мы Ти­ен Као Әлидiң ай­ту­ын­ша, цу­на­ми­ден қорыққан жүз адам мешiтке тығылып жан сақтап қалыпты. Апат­тан аман қалған он мешiттiң бiрi ағаштан жа­са­лып­ты. Көз көргендердiң сөзiне қарағанда, тек мешiт қана құламаған. Ал оның ай­на­ла­сы тып-ти­пыл болған.
2010 жыл. 12 на­урыз. Ал­ма­ты об­лы­сы Ақсу ауда­ны Қызылағаш ауы­лы. Су қоймасы ар­на­сы­нан та­сып, тоғанды шай­ып кеттi. До­лы су үш жа­рым мың ада­мы бар ауыл­ды тегiстеп өттi. Соңғы рес­ми де­рек­тер бой­ын­ша, апат­тан опат болғандар са­ны 44-ке жеттi. Қызылағаш та­у­ы­нан құлдилаған ала­пат тасқын таудың иiнi, құдды қолтық iспеттi қыратқа соғылып, шалқалай қарсы бет­ке ұрылған. Сөйтiп, қарсы ал­дын­да жатқан бейiтке қарай арындаған. Бейiттiң ту­ра түбiне жет­кен­де, су екiге жа­ры­лып жолындағы ауыл­ды жай­пап өткен. Зи­рат дiн аман қалған. Ал ауылдың қақ ор­та­сын­да мешiт қасқайып тұр. Айналасындағы үйлер қираған. Көз көргендердiң ай­ту­ын­ша, мешiттегi Құран титiмдей де бүлiнбеген.

Ал­ла бетiн ары қылсын, жа­ман айт­пай жақсы жоқ, зiлзалаға дайындық жұмысын не­ден бас­та­у­ы­мыз ке­рек? Апат­тан кiм не түйдi? Осын­дай сұрақтар төңiрегiнде мамандардың пiкiрiн бiлген едiк.

Аб­ду­ла­зиз АБ­ДУЛ­ЛА­ЕВ, Алматыдағы Сейс­мо­ло­гия институтының меңгерушiсi, гео­ло­гия-ми­не­рал­ды ғылымдар док­то­ры, Төтенше жағдайлар қызметi мекемеаралық комиссиясының мүшесi:

ЖА­ПО­НИЯ ҮЛГI БО­ЛУЫ ТИIС

Жексенбi күнгi жер сiлкiнiстерi елiмiздiң қауiптi қатерге ал­дын ала дай­ын емес екендiгiн көрсеттi. Бiрнеше рет қайталанған зiлзала қала тұрғындарының үрейiн тудырғанына куә болдық. Ал қала басшылығының тым кеш әрекет етуi ол үрейдi өршiте түскендей. Бүгiнгi таңда халық дер кезiнде мұндай жер дүмпулерi жай­ын­да не­ме­се төтенше жағдайлар ту­ра­лы толық ақпараттан ха­бар­сыз болғаны себептi, қандай әрекет жа­сау ке­рек екенiн бiлмей дал бо­ла­ды. Со­ны­мен қатар, Ал­ма­ты қаласы тұрғындары үлкен үйлердiң жоғары дәрежедегi жер сiлкiнiстерiне төзе ал­май­ты­ны жай­ын­да бiле бермейдi. Түрлi бағытта жер апат­та­рын бақылап, бол­жап, қауiпсiздiк ша­ра­ла­рын ұйымдастырып оты­ра­тын орталықтар да жоқ. Алғашқы жер сiлкiнiсi болған аумақта бол­жам жасаудың өзi қиын. Өйткенi ол жер­лер­де сейсмикалық стан­са бы­лай тұрсын, ешқандай геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық бақылау бекетi жоқ. Де­ген­мен қазiр ғалымдар сiлкiнiс ошағын зер­т­те­уде. Белсендiлiк азай­ып, аф­тер­шок­тар сөне бас­та­ды. Дүмпулердiң тереңдiгi бiртiндеп жердiң үстiне көтерiлуде. Де­ген­мен бол­жау стан­са­ла­ры қатердiң ал­дын алу (сейсмотұрақты құрылыс және мүлiктi сақтандыру), сон­дай-ақ тез ара­да шешiм қабылдай оты­рып, қауiпсiздiк қызметкерлерi мен ғылым, қоғам және сейсмологияға бай­ла­ны­с­ты ведомстволардың ара­сын­да тығыз бай­ла­ныс ор­на­ту ба­с­ты нысанаға ала­тын мiндет бо­лып отыр. Мәселен кiшкентай ғана Жа­по­ния елiнде бес мыңнан ас­там сейс­мос­тан­са­лар бар, ал елiмiзде олардың са­ны – 56. Сон­дай-ақ атал­мыш мем­ле­кет­те жер сiлкiнiсiн қабылдап, оны сейiлтетiн ғимараттар салынған. Ал сейсмикалық зер­т­теу орталықтары бұл елдiң әр қаласында бар де­се бо­ла­ды. Ол жер­де апат кезiнде қалай қимылдау ке­рек екенiн үйретедi. Халық ара­сын­да түсiндiру кур­ста­ры өтiп тұрады. Жер сiлкiнiсi жиi бо­лып тұрған соң арал халқы да соған бейiмделген. Жал­пы, бiзге бұл халықтың сейсмикалық қауiпке көзқарасы, сейсмикалық төзiмдi құрылыс жа­сау бағыты үлгi бо­луы тиiс. Қазiргi кез­де қаламыздың сыр­тын­да орналасқан мо­ни­то­ринг орталықтары ескiрiп қалған. Сейс­мо бол­жа­у­ды анықтайтын орталықтарды са­лу және оны қаржыландырып тұру мем­ле­кет та­ра­пы­нан қамтамасыз етiлуi шарт. Бақылау стан­са­ла­рын са­лып, жаңа тех­но­ло­ги­я­мен қамтамасыз ету мол қаражатты та­лап етедi.

Жұмаш ЕЛЕ­МЕ­СОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң «Аг­ро­хи­мия және топырақтану» кафедрасының доцентi:

ЗIЛЗАЛАҒА КИIЗ ҮЙ ТӨЗIМДI

Кез-кел­ген жердiң қозғалысын анықтау үшiн – жердiң астындағы қабаттардың қалыңдығын бiлу шарт. Елiмiзде жер ас­ты құрылғыларын ор­на­ту iстерi қолға алын­бай отыр. Ал­ма­ты та­у­лы аймақ болған соң жер­ге 8-10 шақырымға дейiн құрылғылар ор­на­ту ке­рек. Ше­тел­ден ин­вес­ти­ция тар­тып, ол жақтың құрылысшыларының келуi, сон­дай-ақ жо­ба­лау инженерлерi бiзбен жұмыс iстеуi үшiн жаңа кар­та жа­са­луы қажет. Бiздегi кар­та­лар кеңестiк әдiс-тәсiлмен жасалған. Бiрақ ол кар­та қазiргi құрылыс жұмыстарының қоятын та­ла­бы­на жа­ра­май­ды. Бұл ке­зек күттiрмейтiн стратегиялық маңызы зор iс. Әр облысқа же­ке кар­та­лар қажет.
Өлiм және жер сiлкiнiсi кезiндегi алған жарақаттардың себебi – жер ас­ты дүмпуi емес. Өлiмдердiң көбi ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегi жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесiнде пай­да бо­ла­ды. Ғимараттарды 9 баллдық жер сiлкiнiсiне лайықтап са­лу ке­рек. Жердiң толқынына қарсы тұруға киiз үй төзiмдi. Сон­дай-ақ жас­тар­ды осы ғылымға тар­ту ке­рек. Өкiнiшке қарай, олар бұл са­ла­да жалақы аз болғандықтан, ке­ле бермейдi.

Ер­нат ӘБДIРАҚОВ, Ал­ма­ты қаласындағы «Фа­ти­ма» мешiтiнiң на­иб има­мы:

АУЫР­МАЙ­ТЫН БАСТЫҢ АЛ­ЛА­МЕН IСI ЖОҚ

Халықтың көпшiлiгi бiрiншi ма­мыр күнi түнгi сағат он екiге дейiн сыр­т­та жүргенiн көргенде таң қалдым. Әрине, «жер сiлкiнiсi 8-9 балл бо­ла­ды» де­ген жалған ха­бар­ды естiген жұрттың дүрлiгерi жәй нәрсе емес. Де­сек те кейбiр кiсiлер от­ба­сы­мен мешiттi па­на­лап, Аллаға дұға тiлеумен бол­ды. «Ауыр­май­тын бастың Ал­ла­мен iсi жоқ» демекшi, жай күндерде мешiтке қадам бас­пай­тын кейбiр бауырларымыздың апат ал­дын­да Ал­ла­ны ес­ке алуы ерсiлеу көрiндi. Оған да шүкiр деймiз. Бұл да – бiр Алланың ескертуi. Құранның «Юныс» сүресiнде Ал­ла Тағала бiзден бұрынғы дәуiрдегiлердiң зұлымдық қылғандықтары және пайғамбарлары келтiрген ашық дәлелдерге иман келтiрмегендiктерi үшiн жоқ етiлгенiн, яғни оларға түрлi апат келгенiн ай­та­ды. Осы­лай­ша күнәһар қауымға жа­за берiлетiнi ба­ян­да­ла­ды. Осы сүренiң 44-ая­тын­да: «Ра­сын­да Ал­ла адамдарға еш зұлымдық қылмайды. Бiрақ адам­дар өздерiне-өздерi зұлымдық қылады», – делiнген.
Нұх пайғамбардың кезiнде бүкiл бiр қауымның то­пан су ас­тын­да қалғанын жақсы бiлесiздер. Ал Ад қауымына кел­ген жетi түн, сегiз күн соққан жойқын жел олар­ды жер­мен жек­сен еттi. Сон­дай-ақ, Са­муд халқының ащы да­у­ыс­тан кеуделерiндегi жүректерi тоқтап, Лұт елiн перiштелер жоғары аспанға көтерiп, кейiн ауда­рып жер­мен жек­сен ет­кен. Мен мұны сiздердi қорқыту үшiн ай­тып отырған жоқпын. Ес­ке са­лу, тәубеге ке­лу үшiн ай­тып отыр­мын. Әрине, өмiр – өткiншi. Мысалға алып қарайтын болсақ, қаншама адам­дар дүние жи­на­са да, жер сiлкiнiсi болған күнi оның түк пай­да бермейтiнiн көрдi. Күнәлардың келтiретiн ке­са­пат-қасiреттерi осы­мен шектелiп қалмайды. Күнә пенденiң же­ке ба­сы­на да, жанұясына да, өмiр сүрiп жатқан ор­та­сы­на да, iшкi-сыртқы дүниесiне де көптеген за­рдап­та­рын тигiзетiнi сөзсiз. Күнә – адамның көз ал­дын тұмандатып, жүрегiн бекiтетiн зұлмат, қараңғылық. Осы­ны ұмытпайық.

+3
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии