Ерге мініп-түсуге, ат үстінен ұрыс салуда үлкен міндет атқаратын етік өкшесі, оған қоса жүрдек ету үшін аттың бүйіріне тебінетін батқы (шпор), таяныш қызметін атқаратын қонышының артына салынған металл тіреме, берік болуы үшін салынған сіріөкше қатарлы етік детальдары салт атты мәдениет өкілдеріне тән жаңалықтар орта ғасырдан бастап Еуразия аумағына жаппай таралды.
Біз бұл үрдісті бүгінгі заман талабына сай икемдеп, қайта жандандыру ұлттық спорттың машығы ғана емес, мәдени-спорттық туризмнің, қызық тамашалауды сүйетін саяхатшылық саласына таптырмайтын ноу-хау деуге болады. Шығыстық атбегілікті және сайыс өнерін батыс жұртшылығына туристік, спорттық қызмет ретінде ұсынар болсақ, едәуір табысқа кенелер едік.
Осылардың ішінде шығынды көп керек етпейтіні – ұлттық асық ойындары. Осы жолдардың авторы өткен ғасырдың 1995-1997 жылдары «Үш табан» мен «Шеңбер» сияқты асық ойындарының заманауи спорттық ережесін жасап, Аякөз өңірінде насихаттаған еді. Осы аталған асық ойындары дегенде ерекше ескеретін нәрсе, түркі халықтары болып ортақ бірегей «Үш табан» мен «Шеңбер» туралы концепциялық мәмілеге келгеннен соң, оны халықаралық деңгейге, олимпиадалық спорт деңгейіне жеткізу мүмкіндігі бар.
Бұл спорт ойынын жаңғырту – жастарды мергендік пен шапшаңдыққа баулып қана қоймай, патриоттық тәрбие, этникалық мәдениетке құрметпен қарауды үйретеді. Бізде енді қолға алғалы отырған ұлттық спорт түрлерінің шетелдерде ертеден жүзеге асқан, нарыққа бейімделу тәжірибесін өзімізге икемдесек көп нәрсе ұтар едік.
Енді мен шартты түрде «Үш табан» ойынының ойналу ережесіне тоқталайын:
Ойын 1 турда 1 асықпен ойналып, қалған турларда 3 асықпен ойналады. Ақтық сынға шыққандар 5 асықпен бақ сынасады. Төреші сақаларды иірген кезде кімдікі не алша, не тәйке тұрса сол адам 1,5-2 метржерден асықты бірінші болып атады. Егер мүлт кетсе, қарсыласы 1-1,5 метржерден асықты атады. Ату қашықтығын төреші белгілейді. Бірінші ойыншы асықты емес сақаны атам десе, ол асық тігілген жерден0,50 метрқашықтықтағы сызыққа қойылады. Осы жағдайда тигізе алмаса, қарсыласы сақа мен асықтың қайсысын атуды таңдауды өзі шешеді. Ұшырылған асық40 смтөреші қолындағы қамшымен ( немесе арнайы таяқпен) өлшенеді, осы40 смасырған ойыншы атып түсірген болып саналады.40 смтолмаған асық ортаға қайыра тігіледі. Оны ату 1-ойыншы үшін 1,5-2 метр; 2-ойыншы үшін 1-1,5 метр. Екі ойыншыда 1-1 асықтан алса, кім бірінші атып алса, сол 1-нөмірлі ойыншы аталып, ойынды бастап отырады. Сақаны атқан ойыншы сол партияда жеңімпаз саналады. Осы жағдайда сақасы атылған ойыншы осы партияда бұрын атып алған асығынан айырылып, асық жеңімпаздың иелігіне көшеді.
Шеңбер де тура осындай шарт, ату мен ұпайында ғана өзгешелік бар. Диаметрі 3-4 метршеңберді төреші белгілейді. Оның бір бөлігін, ақ бір бөлігін қара түспен бояйды. Бұндада кімнің бірінші ататын ақ жақты иеленуі сақаның иірілуіндегі түсуіне байланысты. Шыққан асық үшін ойыншы бір ұпайдан иеленіп отырады. Әр ойыншы өз кезегінде үш реттен атып отырады. Ойын үш кезеңнен тұрады. Әр кезең 10 ұпайдан тұрады. Бояулы асықты шығарған 5 ұпай, жай асықты шығарған 1 ұпайдан иеленеді. Кім бірінші 10 ұпай жинаса сол жеңімпаз атанады. Тігілетін он асықтың 7 жай, 3 бояулы болып келеді. Әр атыстан соң жығылған (шыққан) асық қайта тігіліп отырады.
Қорыта айтқанда, Еуропа төріндегі отырықшы халықтардың бірі мажарлар көшпелі әлемнің ойын-сауықтарын қайтадан сәтті жаңғырта білген. Бабаларымыздан қалған асық ойындарын заманға сай икемдесе, этнотуризм саласында табысқа жететін тетік болады деген ойдамыз. Ауған және Тәжік соғысының ардагерлері турнирін республикалық көлемде осы ереже негізінде өткізу ойымызда бар. Егер, тиісті қаражат табылып, осы турнир өтетін болса, бір кісідей атсалысып қатысайық.
Автор: Әбіл-Серік Әбілқасымұлы әліәкбар ,
ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылы
Фото: http://www.aorda.kz