Ал, қазір Құдайға шүкір, тәуелсіздікке қол жеткізген соң мұң болған дүниелердің мұрнынан сүйреп жүрміз өзіміз-ақ. Қазақ баласы компьютер былай тұрсын, интернетті идіріп, иіріп әкетті. Расында, өнер, білімі баяғыдан бар жұрттардың, сонысымен зор жұрттардың техникалық жетістігіне көз салмау, үлгісінен үйренбеу алысқа апармаса керек-ті. Әсіресе, ел еңсесін көтеретін замануи озық ісіне тоң мінез, томаға-тұйықтық ұстаным жараспайды, ол тек тоғышарлық тоқырауға тірейді. Осыны білген, техниканың тілін жетік меңгерген білікті журналистер ғаламтордан қазақша сайттар мен блогтар ашып, ана тілімізде сайратып қойды. Солардың бірі makala.kz сайты. Сайт ұлттық мәселені көлденең тартқан көпшілікке ой саларлық келелі мақалалардан кенде емес. Тәй-тәй басқан қадамдары қарқынды, істері табанды. Лайым осы бағамды бағыттарынан танбасын дейміз. Біздің тілек осы.
«Майданда» мақала.кз сайты
Ғаламтордың пайдасын айтсақ, шаш етектен. Ал, зиянын бүгінгі тақырыптың зердесінен ысыралық. Дұрыс, әуелі қай нәрсенің болмасын екі жағын таразылап алмасақ, артынан орны толмас олқылыққа ұрынып, опық жейтініміз анық. Сол себепті де біз интернеттен келер пайданы ғана иіріп алу жағын қарастырдық, басқасынан бұрын әрине. Айталық, жер жаһанды жайлаған ғаламторсыз бүгінгі жұмысымызды әрбір қимыл-әрекетімізді көз алдымызға елестете алмаймыз. Онсыз мүмкін емес. Қай мекемеге бас сұқсаңыз да ғаламтордың қызметін пайдаланады. Бірлі жарым болмаса, жасың мен жасамысың да сол жаһандық технологияны терең меңгерген десек, қателеспеспіз. Кеңес кезін тілге тиек етпесек, тіл қышидының кері шығар. Коммунистік кезеңде күнде бұзылатын компьютердің тілін сындырғанымызбен, ғаламтордың қызығын сол тұста көрген шетелдіктермен иық қағыстыру түгіл, ілесудің иісі мұрнымызға тіпті келмеген еді. Біздің басқаны яғни, шетелдіктерді басыңқырап айтып отырғанымыз әйтеуір, өзгеге өзеуреп құлай берілу емес, ақиқатты айтпай, аттап өткенді жөн көрмедік.
+4
0
ТЕКТІЛІГІМІЗДІ ТАНЫТЫП ТЕГІМІЗДІ ТҮЗЕЙІК ОВ,ЕВ,ИНдерден қайтсек құтыламыз? Осы бір тақырып Ақмет Байтұрсынұлының бастауымен 1915 жылдан бері жазылып келеді ,оған үш жылдан соң 100 жыл болады.1996 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» жарлығы шықты.Бұл Жарлықта «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып,өзгертуге хақылы,алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс.Бұл реттеәкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері бірге жазылады» делінген.Осы арада азаматтардың аты-жөнінің «ұлы», «қызы» деп нақтылы бір жүйеге түсірілгенімен,тегін жазудағы бір ізділік… Толық оқу »
Отбасым — алтын діңгегім Отбасы – ол біздің шағын ғана жанұямыз. Отбасы деген сыйластықтың, жарастықтың, ізгіліктің болуы. Отбасымыз ол біздің барлық өміріміздің мәні.Әрқашанда ата – анаң, туған- туыстарың қандай да жағдай болмасын ақыл айтып, қол ұшын соза көмекке келер. Сенің әрбір жеңісіңе олардан сенімен бірге қуанар. Ата-ана бізге өмірде деген дұрыс бағыттың нұсқауын көрсетер жандар. Ата-анамыз бізге дүниеге келген сәтімізден тек өзінің жылулығымен, махаббатын сыйлады. Ата – анам мен үшін әрқашанда бірінші орында болар. Себебі отбасының жылулығын сезінбеген, көрмеген де бүлдіршіндер бар. Солардың өмірлеріне қарай отырып бізде бақыт үшін барлығы бар екенін түсінемін. Адам баласы барлық заттың қадірін жасы ұлғаған… Толық оқу »