Салт-дәстүріміздегі құда түсу, неке қию, азан шақырып ат қою, сүндет той, мәйітті жерлеу және т.б рәсімдер де тікелей өз бастауларын Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ң сүннетінен алып жатыр.
Мінез-құлық пен жүріс-тұрысымыздағы ізгі сипаттар, мәселен ұйяттылыққа қатысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ң «Ұйят иманнан», ал сабырлық туралы «Сабыр түбі сары алтын» деп айтылған асыл насихаттарынан келіп, бойымызға сінген дүние. Осындай мысалдарды мың-мыңдап келтіре берсе болады.
Осы күндерге жеткен қазақтың тарихы мен мәдениетін біз ұйялмай бүкіл дүниеге жария етіп отырмыз. Ия, рас тарих пен мәдениетіміздің біз ұйялатын тұстары жоқ. Енді осы жерде ойланып көрейікші, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) дүниеге келмеген болса немесе Аллаһ тағала оны елші етіп жібермегенде, біз қазақ үлгі тұтарлық тарихымыз бен бағасы жоқ мәдени құндылықтарымызды қайдан алар едік…..? Кім бізге осының бәрін үйретіп, кімнен осының бәрін үйренер едік……? Ендеше Оны адамзатқа пайғамбар етіп жіберген Аллаһ тағалаға сансыз мақтаулар болсын! Елшіміз, қолбасшымыз, ұстазымыз және шапағатшымыз пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ға Аллаһтың сәлемі мен салауаттар болсын!
Мәдениетіміздің құндылықтары артында6 тарихымыздың ұйялмайтындай қалыптасуында, мінез-құлығымыз бен жүріс- тұрысымыздың көркем болуының артында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у)-ң тұрғанын естен шығармайық құрметті ағайын!
Салауаттар болсын біздің сүйікті Мұхаммед пайғамбарға!
Аллах раазы болсун.
Әмин! Халқымыздың ұлттық дүниесінде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) ізгі жолы сайрап жатқандығы анық. Тек соны дұрыс бағамдап, жеткілікті дәрежеде бағалай алмай жүрміз-ау!