Сіз қандай музыканы тыңдайсыз?

Сіз қандай музыканы тыңдайсыз?“Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар.” – деп Абай ақын айтқандай бүгінгі күннің заман талабына сай деген әуендері қандай деңгейде, күй – жайы қалай, пайдасы мен зияны ше? Осы сұрақтарға біз бен сіз болып ой жүгіртейік ендеше. Бүгінде халыққа ең өтімді мәдениеттің бұлағы музыка боп отыр. Музыка саласының басы–қасында жүргендер талантты да, таңдаулы деп есептелінуде. Осы талантты деген таңдаулы жұлдыздарыңыздың әуендерінің біз бен сізге пайдасы қанша екен? Жалпы музыка дегеніміз – сырлы да, сиқырлы дыбыс. Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. “Құлақтан кіріп бойды алар. Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар. Әнді сүйсең, менше сүй” демекші көптеген әуендер мен әуездер сөзсіз айтылса да адамның ішкі жан дүниесіне ерекше әсер етіп, адам жүрегіне қуаныш, мұң, үміт отын, сағыныш, іңкәрлік сезімдерін құяды. Қалың ой құшағына бөлейді.

Музыканың ағзаға әсері талас тудырмайтын ақиқат ертеде шайқас әскерлерінің рухын көтеруде барабан дауысының пайдасы мол болған деседі. Сонымен қатар музыка арқылы  жүйке ауруларында емдеген екендігі айтылады. Дегенмен кез–келген адам бүгінде жай ырғақты сызылған әуенді тыңдай бермейді.

Жастардың көпшілігі даңғаза әнге құмар, оларды тыңдағанда бір орында тұрудың өзі мүмкін емес,билей жөнелесің. Даңғаза музыканы тыңдаудағы адамға қатерлісі – дыбыс қаттылығы. Қарапайым құлақ үшін ең қалыпты дауыс күндізгі 40, түнде 30 децибель. Шу мөлшері 160 децибельден асса, дабыл жарғағы жарылады. Ал кәдімгі құлақ баулар (наушники) есту мүшесіне 110, рок концерттер 120 децибель деңгеймен әсер етеді. Даңғаза әуеннің кісінің мінез — құлқы мен психологиясына әсер ететіндігі белгілі. Сондай даңғаза әуендердің бүгінгі таңдағысы – рок музыка. Адам түгілі судағы балықтың өзі рок музыкасын тыңдағанда көп өтпей суда жансыз күйінде қалқып қалған. Рок музыкаларды, яғни дауыс қаттылығы жоғары әуендерді  жолда кетіп бара жатқан жүргізушілердің көпшілігі жарыса, мақтанып-ақ тыңдайтындары белгілі. Бұл жерде айтпақ болғаным дауыс қаттылығы жоғары музыка адреналинді көбейтіп,. жүргізуші бейсаналы түрде жоғарғы жылдамдықты қажетсіне бастайды. Осыдан қайғылы оқиғаның орын алуы әбден мүмкін. Мінекей құрметті оқырман қауым менің осы жолғы тақырыбым осылай аяқталды, осы ойлардан, келтірілген мысалдардан өзіңіз қорытынды жасайсыз деген үміттемін. Сіздің де музыкаға қатысты жеке пікірлеріңіз болса біздің редакцияға жазуларыңызға болады.

Сандуғаш Қуанышбайқызы

 

+4
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии