Тіл – ұлттың жаны

«Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба,
білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің.
Сені мен мақтан етемін»
Расул Ғамзатов

І. Кіріспе бөлім: Тіл – ұлттың жаны.
ІІ. Негізгі бөлім:
 А) Ана тілің – арың бұл…
Б) Сүйемін туған тілді – анам тілің…
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Жасай бер, ана тілім – қазақ тілім!

til-ulttyn-zhanyТіл — әрбір ұлттың жаны, сезімінің, ойының жанды көрінісі, халық тарихы, мәдениеттің даму жолы.

Иә, тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, қадірлі. Ол әрбәр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сол сияқты қазақ халқының да асыл қазынасы, ана тілі – қазақ тілі.

Қастерлейік қазақтың ана тлін,
Қайнаған қанымызбен баба тілін.
Бірлікке, татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін – демекші, ана тілі дегеніміз – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың болмысы, бүгінгісін де, болашағында танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Сондықтан да ана тілі — әр халықтың өзінің төл белгісі. Адам өз ана тілімен бақытты болады. Өз халқының өткенін, тарихын, салт-дәстүрін білу үшін ана тілін білу қажет. Өзінің ана тілін сүйген адам өзінің халқын сүйеді. Ал өзінің халқын сүйген адам өзге елді де сүйе алады.

Қазақ тілі –
Ол менің ана тілім!
Қазақ тілі –
Байсалды баба тілім!
Сол байлықтан
Аз емес алатыным
Ұрпақтың талайысың.
Қазақ тілі –
Ана тілім,
Анық маған сөнбестен жанатының,
Анық маған болашақ замандарға
Бөгелмей баратыным.

1989 жылы алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге күрт бетбұрыс болып, балаларды қазақша балабақшалар мен мектептерге беру едәуір белең алған мәлім. Елбасы Н.Ә. Назарбаев келешек жастардікі деп үлкен сенім артып отыр.

Иә, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ол Ата Заңда жазылған. Оны мойындап, мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту, бір сөзбен айтқанда ғылым, білім, техника тілі дәрежесіне жеткізу – бізге міндет, ұрпаққа парыз!

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста, мұңды жүрек түңлігін.
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Қадыр Мырза Әли:

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тідіңді құрметте – деген болатын. Олай болса, ана тілі – ар өлшемі. Оны әр адам қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Бүгінгі таңда ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тіл болса да, көпшіліктің арасындағы саңылауларға әлі де болса самал тимей жатқаны жасырын емес. Қазір көптеген жастарымыз тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпай сөйлейді, мұндайларды көргенде К.Г. Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойға оралады.

«Көш жүре-бере түзеледі» дегендей бәрі де түзелер деп жүре береміз. Бірақ, «ел боламын десең – бесігіңді түзе» демей ме дана халқымыз. Олай болса, ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз ата – мекенімізде өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз екенін ұмытпай, туған тіліміздің тағдырын бүгіннен бастап ойлағанымыз жөн болар. Ата-анамыз бізге, болашағына үлкен үмітпен қарайды.

Қазақ болып туғанна соң бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде,

— дегендей бабаларымыздан жол тартқан асыл мұраны сақтап, өркендету біздің міндет.

Жасай бер, бостандық, махаббат пен достық тілі – қаза тілі!

Бериккалиева Лидия Куанышбековна
БҚО.Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

+31
-1

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии