Туркия телесериалындағы теріс тәрбие

Туркия телесериалындағы теріс тәрбиеСоңғы уақытта жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрік телехикаялары қай арнада болмасын көрсетіліп жатырғаны жасырын емес. Сол кинолардың көрерменгетигізер тәрбиесінің 80 пайызға жуығы теріс бағытта деп мен айта аламын. Өйткені сол телехикаялардың Қазақстан телеарналарындакөрсетіле бастағаннан ақ қазақ отбасыларындағы хал ахуал күрт өзгерді. Мысалға соның бір дәлелі әлеуметтік сауалнама жүргізген қоғамдық институт өкілдерінің сұхбаттасқан резиденттердің басым көпшілігі түрік киноларындағы отбасыдағы кекілжің, ойнас пен зинақорлық, бір бірінің әйелдері мен еркектерінің еркін сүйісіп, тіпті ең сорақысы сол «жыныстық қатынасқа» түсіп үлгеретіндіктерінайтқан екен. Қоғамды зерттейтін ұйымдардың мәліметіне сүйенбей ақ кез келген қазақ ауылдарына барсаң болды, екі адамның бас қосылса болды, екі сөзінің бірі Дениз бен Жананның жанайқайлары. Мұның өзі қазақ отбасыларына кері әсерін тигізеді. Өкініштісі сол, қазіргі таңда қай той, садақа болмасын ақ жаулықты әжелеріміз түрік сериалдары жөнінде аузының суын ағызып айтады. Ол ол ма, қазіргі кездегі «современный» ақсақалдарымыздың да аузындағы сөздері бұзылды. Баяғыда бала кезімізде есімізде бар ауылдың үлкендері шежіре мен ру-рудың тарихын жіліктеп, түр-тұрпатына дейін түгендеп беретін еді. Немесе аузы дуалы ақсақалдарымыз би шешендердің пәтуалы әңгімелелерін айтушы еді, ал қазіргінің үлкендерібасқа тақырыпта айтып, тіпті айтып қана қоймай, төсегіне дейін кеңінен толғайтынды шығарды. Мұны естіп отырған балаға қандай тәрбие немесе үйде жүрген келінгене бетімізді айтамыз, оларға нендей тәлім береміз осыдан кейін. Кино демекші, жуырда адам шошырлықтай оқиға орын алды. Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау селосында бір отбасында қайғылы оқиға тіркеліп, бір адам көз жұмған екен. Атын айтпай ақ қояйын, танитын бір отбасында жуырда садақа болды үлкен баласы қайтыс болып. Сол үйдің 30 жастағы кенже баласы көтеріліп, басы ауыратын еді. Үлкен ұлының 40 күндік садақа болуына орай жалғыз басты анасы кенжесін ағасының садақасында бірге болсын деген ниетпен ауруханадан шығарып алады. Ол бала ауылға келген күннен-ақ анасына деген көзқарасы өзгеріп бастайды. Сол уақытта Дениз телесериалындағы Егиттің өз анасын пышақтап өлтірген кезі болатын еді. Сол телесериалды көрген анасы мен баласы бірге сол түні үйде жалғыз болады. Түн ортасында есінде қалған болуы керек, баласы анасының бөлмесіне барып мойнынан бауыздап кинодағыдай өлтіреді. Міне, үлкен ағасының қырық күндік садақасы болгалы жатқанда анасы марқұм болып, кенже баласы жүйке аурулары ауруханасына жатқызылды. Менің бұл айтып отырғаным кішкентай оқиға. Сондықтан ауыл тұрғындары мен қалалық отандастарыма айтарым: балаларымыздың болашағы жарқын, келешегі кемелді болсын десек, ойланайық, түрік пен корей киноларын көрсетпей-ақ қазақтың ертегілер мен шежіре тарихтарын құлақтарына құйып, мағынасы бар кітаптарды оқытып, келіндеріміз бен ұлдарымызға ұлықты әңгімелерді айтудан талмайық.

Құрал Ахмет

+7
0

Share This Post

guest
1 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Дина Толегенова
Дина Толегенова
7 жыл бұрын жазылды

менің ойымша, бар нәрсені өзіне қабылдау — адам санасымен тікелей байланысты… Егер ол тәрбие жағынан тез сынғыш адам болса, тек сериалдарға ғана емес, барлық көрген дүниелерінің жақсы жаманын ажырата білмейді