Ауғаныстандағы Наурыз мейрамы
Ауғаныстанда, Наурызды тойлау дәстүрге айналған. Мұнда мереке екі аптаға дейін созылады. Күні бұрын қызу дайындық басталып Жаңа жылға ең жақын соңғы сәрсенбі күніне дейін дайындық жасалып тағамдар әзірленеді. Айрықша тағамдар ішіне Хафт мева, Сманак секілді жеңіл тағамдар кіреді. Сманак бидайдан жасалатын шекерлі мерекелік ас. Дайындау кезінде ауыл әйелдері күндегідей емес ерекше көңіл күйде , бір үйге жиналады. Таңға дейін ән айтып, мерекелік көңіл күйде тамаша етіп әзірлейді. Сәрсенбі күнінен кейін дайындық тоқтатылып мерекені тойлауға шығады. Мереке арты Гүле Сурх яғни лале гүлдері фестивальіне ұласады. Бұл фестиваль тек Мазари-Шариф қаласында аталып өтетін болғандықтан халық мереке кезінде бұл қалаға бір келіп кетуге тырысады. Фестиваль жаңа жылдың алғашқы күнінен қырық күнге дейін жалғасын табады. Фестиваль кезінде қала келбетін жаңа ашылған лале гүлдері құлпыртып ажарландыра түседі. Наурыз мерекесі ауған халқының дәстүрлі мейрамдарының ішіндегі ең маңызды мерекенің бірі болып саналады.
Күрділердің тойлауы
Көптеген Күрді жазушыларының шығармасындада Наурыз туралы өлеңдер, жыр шумақтары кездеседі. Соның бірі Мұса Атердің айтуы бойынша Наурыз мейрамы ежелгі күрд халықында 31- ші тамызда тойланатын болыпты. Кейін арап күнтізбесін қбылдағаннан кейін наурыз айына ауысыпты. Бүгінгі күнде наурыз мейрамын күрдттер 21, 22 және 23 Наурызда тойлайды. Мерекеде көпшілік қала сыртындағы саяжайларда, ашық алаңқайларда жиылып көптен күткен көктем мерекесімен бірін-бірі құтықтайды. Қыз-келіншектер түрлі түсті көйлектер киіп бастарына мата қиындылармен безендірілген орамалдар тағады. Жиылған халық от жағып үстінен секіреді, ән айтылып, би билеп соңы үлкен мерекелік кешке айналады..
Автор: Марат Ержігітов
Фото: http://www.kazakh.ru